Сүре 88 әл-Ғашия (Қаптайтын қиямет)

  1. هَلْ أَتَاكَ حَدِيثُ الْغَاشِيَةِ

    (Мұхаммед Ғ.С әлемді) қаптайтын қияметтің хабары саған келді ме?

    88:1
  2. وُجُوهٌ يَوْمَئِذٍ خَاشِعَةٌ

    Ол күні, кейбір жүздерді қорқу басады.

    88:2
  3. عَامِلَةٌ نَاصِبَةٌ

    Қатты қиналған шаршаған болады.

    88:3
  4. تَصْلَىٰ نَارًا حَامِيَةً

    Жанып тұрған отқа тасталады.

    88:4
  5. تُسْقَىٰ مِنْ عَيْنٍ آنِيَةٍ

    Қайнап тұрған бастаудан ішкізіледі.

    88:5
  6. لَيْسَ لَهُمْ طَعَامٌ إِلَّا مِنْ ضَرِيعٍ

    Олардың ашы,сасық тікенектен басқа ешбір тамағы болмайды.

    88:6
  7. لَا يُسْمِنُ وَلَا يُغْنِي مِنْ جُوعٍ

    Ол семіртпейді де аштықты баспайды.

    88:7
  8. وُجُوهٌ يَوْمَئِذٍ نَاعِمَةٌ

    Ол күні,кейбір жүздер шаттықта,

    88:8
  9. لِسَعْيِهَا رَاضِيَةٌ

    Ғамалдарына разы,

    88:9
  10. فِي جَنَّةٍ عَالِيَةٍ

    Көтеріңкі баұшада;

    88:10
  11. لَا تَسْمَعُ فِيهَا لَاغِيَةً

    Ол арада бір бос сөз естімейді.

    88:11
  12. فِيهَا عَيْنٌ جَارِيَةٌ

    Онда аққан бір бұлақ бар.

    88:12
  13. فِيهَا سُرُرٌ مَرْفُوعَةٌ

    Онда биік дивандар бар.

    88:13
  14. وَأَكْوَابٌ مَوْضُوعَةٌ

    Қойылған кіселер бар.

    88:14
  15. وَنَمَارِقُ مَصْفُوفَةٌ

    Тізілген жатықтар бар.

    88:15
  16. وَزَرَابِيُّ مَبْثُوثَةٌ

    Төселген төсеніштер бар.

    88:16
  17. أَفَلَا يَنْظُرُونَ إِلَى الْإِبِلِ كَيْفَ خُلِقَتْ

    Олар,түйеге қарамай ма, қайтып жаратылған?

    88:17
  18. وَإِلَى السَّمَاءِ كَيْفَ رُفِعَتْ

    Олар,аспанға қарамай ма,қайтіп көтерілген?

    88:18
  19. وَإِلَى الْجِبَالِ كَيْفَ نُصِبَتْ

    Олар,тауларға қарамай ма? Қайтіп тігілген?

    88:19
  20. وَإِلَى الْأَرْضِ كَيْفَ سُطِحَتْ

    Олар,жерге қамамай ма,қайтып төселген?

    88:20

Аударма: Халифа Алтай