Сүре 89 әл-Фәжр (Арай), аят 1 – 14

  1. وَالْفَجْرِ

    Ағарған таңға,

    89:1
  2. وَلَيَالٍ عَشْرٍ

    Құрбан айының алғашқы он кешіне,

    89:2
  3. وَالشَّفْعِ وَالْوَتْرِ

    Әр жұп пен таққа,

    89:3
  4. وَاللَّيْلِ إِذَا يَسْرِ

    Өткен түнге серт.

    89:4
  5. هَلْ فِي ذَٰلِكَ قَسَمٌ لِذِي حِجْرٍ

    Бұлар,ақыл иелері үшін серт беруге арзымай ма?

    89:5
  6. أَلَمْ تَرَ كَيْفَ فَعَلَ رَبُّكَ بِعَادٍ

    (Мұхаммед Ғ.С) Раббыңның Ғад қауымына не істегенін көрдіңбе?

    89:6
  7. إِرَمَ ذَاتِ الْعِمَادِ

    Ұзын діңгекті «Ирам» қаласындағы;

    89:7
  8. الَّتِي لَمْ يُخْلَقْ مِثْلُهَا فِي الْبِلَادِ

    Сондай ол тәрізді қалаларда жасалмаған еді.

    89:8
  9. وَثَمُودَ الَّذِينَ جَابُوا الصَّخْرَ بِالْوَادِ

    Сондай ақ ойпаттар жартастарды ойған Сәмүд еліні (не істегенін.7С.74А.,15С.72А., 26С.149А.)

    89:9
  10. وَفِرْعَوْنَ ذِي الْأَوْتَادِ

    Ол қазықшы Перғауынға (не істегенін. (28С.12А)

    89:10
  11. الَّذِينَ طَغَوْا فِي الْبِلَادِ

    Сондай олар,мемлекеттерде шектен шыққан еді.

    89:11
  12. فَأَكْثَرُوا فِيهَا الْفَسَادَ

    Сонда олар,ол жерде бұзақылықты көбейткен еді.

    89:12
  13. فَصَبَّ عَلَيْهِمْ رَبُّكَ سَوْطَ عَذَابٍ

    Сондықтан Раббың оларға азап қамшысын жаудырды. (Азапқа ұшыратты)

    89:13
  14. إِنَّ رَبَّكَ لَبِالْمِرْصَادِ

    Негізінде Раббың әлбетте бақылаушы.

    89:14

Аударма: Халифа Алтай