Сүре 8 әл-Әнфал (Соғыс олжалары), аят 56 – 60

  1. الَّذِينَ عَاهَدْتَ مِنْهُمْ ثُمَّ يَنْقُضُونَ عَهْدَهُمْ فِي كُلِّ مَرَّةٍ وَهُمْ لَا يَتَّقُونَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) егер олармен келісім жасасаң кейін олар уәделерін әрқашан да бұзады. Олар Алладан қорықпайды.

    8:56
  2. فَإِمَّا تَثْقَفَنَّهُمْ فِي الْحَرْبِ فَشَرِّدْ بِهِمْ مَنْ خَلْفَهُمْ لَعَلَّهُمْ يَذَّكَّرُونَ

    (Рауаят бойынша, Пайғамбар, мединелік Яһуди Құрайза руымен бейбітшілік келісімін жасаған бола тұра олар Бәдір соғысында келісімді бұзып, жауға болысады. Қайта жаласа да ор, қазу соғысында және уәдені бұзып, жауға болысады.) Сондықтан олармен соғыста кездессең, оларға артындағы адамдарға үлгі болатын соққы бер. Бәлкім олар түсінер.

    8:57
  3. وَإِمَّا تَخَافَنَّ مِنْ قَوْمٍ خِيَانَةً فَانْبِذْ إِلَيْهِمْ عَلَىٰ سَوَاءٍ ۚ إِنَّ اللَّهَ لَا يُحِبُّ الْخَائِنِينَ

    Егер бір елдің опасыздығынан секем алсаң, тең түрде сен де (келісімді бұзып) өздеріне таста. Расында Алла, опасыздарды жақсы көремйді.

    8:58
  4. وَلَا يَحْسَبَنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا سَبَقُوا ۚ إِنَّهُمْ لَا يُعْجِزُونَ

    Кәпірлер құтылдық деп ойламасын. Расында олар (Алланы) әлсірете алмайды.

    8:59
  5. وَأَعِدُّوا لَهُمْ مَا اسْتَطَعْتُمْ مِنْ قُوَّةٍ وَمِنْ رِبَاطِ الْخَيْلِ تُرْهِبُونَ بِهِ عَدُوَّ اللَّهِ وَعَدُوَّكُمْ وَآخَرِينَ مِنْ دُونِهِمْ لَا تَعْلَمُونَهُمُ اللَّهُ يَعْلَمُهُمْ ۚ وَمَا تُنْفِقُوا مِنْ شَيْءٍ فِي سَبِيلِ اللَّهِ يُوَفَّ إِلَيْكُمْ وَأَنْتُمْ لَا تُظْلَمُونَ

    Сендер де шамаларың келкенше әр түрлі күш әрі ат байлаумен әзірлік көріңдер. (Сондай-ақ заманауи техникалық құралдар дайындаңдар.) Алланың дұшпанын, өз дұшпаңдарыңды тағы олардан өзге дұшпандарды қорқытасыңдар. Оларды сендер білмейсіңдер, Алла біледі. Ал Алла жолында ненәрсе жұмсасаңдар, сендерге толық төленеді. Әділсіздік көрмейсіңдер.

    8:60

Аударма: Халифа Алтай