Сүре 8 әл-Әнфал (Соғыс олжалары), аят 9 – 13

  1. إِذْ تَسْتَغِيثُونَ رَبَّكُمْ فَاسْتَجَابَ لَكُمْ أَنِّي مُمِدُّكُمْ بِأَلْفٍ مِنَ الْمَلَائِكَةِ مُرْدِفِينَ

    (Бәдір соғысында жау мың кісі, Мұсылмандар үш жүз кісі еді. Сондықтан олар Аллаға жалбарынды да, Алла мың періште арқылы көмек етілетіндігін білдірді. Бұл Мұсылмандарды рұхтандырып, жүректерін орнықтыру үшін ғана.) Сол уақытта Раббыларыңа жалбарынуда едіңдер. Сонда Ол: «Шынында сендерге ерген мың періштемен көмек етемін» деп тілектеріңді қабыл етті.

    8:9
  2. وَمَا جَعَلَهُ اللَّهُ إِلَّا بُشْرَىٰ وَلِتَطْمَئِنَّ بِهِ قُلُوبُكُمْ ۚ وَمَا النَّصْرُ إِلَّا مِنْ عِنْدِ اللَّهِ ۚ إِنَّ اللَّهَ عَزِيزٌ حَكِيمٌ

    Мұны қуанту әрі жүректеріңді орнықтыру үшін ғана істеді. Жәрдем, Алланың ғана қасында. (Еркінде.) Күдіксіз Алла өте үстем, хикмет иесі.

    8:10
  3. إِذْ يُغَشِّيكُمُ النُّعَاسَ أَمَنَةً مِنْهُ وَيُنَزِّلُ عَلَيْكُمْ مِنَ السَّمَاءِ مَاءً لِيُطَهِّرَكُمْ بِهِ وَيُذْهِبَ عَنْكُمْ رِجْزَ الشَّيْطَانِ وَلِيَرْبِطَ عَلَىٰ قُلُوبِكُمْ وَيُثَبِّتَ بِهِ الْأَقْدَامَ

    Сол уақытта сендерді Алла тарапынан бір тыныштық ұйқысы басуда еді. Және сендерді тазарту, өздеріңнен шайтанның ластығын кетіру, жүректеріңді орнықтырып табандарыңды бекіту үшін үстеріңе көктен жаңбыр жаудыруда еді (Өйткені жау су басына түсіп Мұсылмандар шөлде қалған еді.)

    8:11
  4. إِذْ يُوحِي رَبُّكَ إِلَى الْمَلَائِكَةِ أَنِّي مَعَكُمْ فَثَبِّتُوا الَّذِينَ آمَنُوا ۚ سَأُلْقِي فِي قُلُوبِ الَّذِينَ كَفَرُوا الرُّعْبَ فَاضْرِبُوا فَوْقَ الْأَعْنَاقِ وَاضْرِبُوا مِنْهُمْ كُلَّ بَنَانٍ

    (Мұхаммед Ғ.С.) сол уақытта Раббың періштелерге: «Расында Мен сендермен біргемін. Мүміндерге тоқтау беріңдер» деп нұсқау беруде еді. «Кәпірлердің жүрктеріне қорқу саламын. Сонда мойындарының үстіне әрі қол-аяқтарына (қылышпен шабыңдар»

    8:12
  5. ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ شَاقُّوا اللَّهَ وَرَسُولَهُ ۚ وَمَنْ يُشَاقِقِ اللَّهَ وَرَسُولَهُ فَإِنَّ اللَّهَ شَدِيدُ الْعِقَابِ

    Осы, олардың Аллаға, Елішісіне қарсы келулеріне себепті. Және кім Аллаға, Елшісіне қарсы келсе, шынында Алла, қатты азап иесі.

    8:13

Аударма: Халифа Алтай