Сүре 8 әл-Әнфал (Соғыс олжалары)
-
وَلَا تَكُونُوا كَالَّذِينَ قَالُوا سَمِعْنَا وَهُمْ لَا يَسْمَعُونَ
Сондай-ақ тыңдамаса да: «Тыңдадық» дегендер тәрізді болмаңдар.
8:21 -
إِنَّ شَرَّ الدَّوَابِّ عِنْدَ اللَّهِ الصُّمُّ الْبُكْمُ الَّذِينَ لَا يَعْقِلُونَ
Расында Алланың қасында жәндіктердің ең жаманы, сондай шындықты түсінбейтін саңырау, сақаулар.
8:22 -
وَلَوْ عَلِمَ اللَّهُ فِيهِمْ خَيْرًا لَأَسْمَعَهُمْ ۖ وَلَوْ أَسْمَعَهُمْ لَتَوَلَّوْا وَهُمْ مُعْرِضُونَ
Егер Алла, оларда бір хайыр барлығын байқаса еді әрине оларға естіртер еді. Сонда Алла, оларға естіртсе де, олар бет бұрар еді. Олар негізінен жалтақойлар.
8:23 -
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اسْتَجِيبُوا لِلَّهِ وَلِلرَّسُولِ إِذَا دَعَاكُمْ لِمَا يُحْيِيكُمْ ۖ وَاعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ يَحُولُ بَيْنَ الْمَرْءِ وَقَلْبِهِ وَأَنَّهُ إِلَيْهِ تُحْشَرُونَ
Әй мүміндер! Сендерді өздеріңе тіршілік беретін нәрсеге (дінге) шақырған кезде, Алланың әрі Елшісінің тілін алыңдар. Және де Алланың, кісімен жүрегінің арасына дейін килігетіндігін біліңдер. Шәксіз Алла тарапына жиналасыңдар.
8:24 -
وَاتَّقُوا فِتْنَةً لَا تُصِيبَنَّ الَّذِينَ ظَلَمُوا مِنْكُمْ خَاصَّةً ۖ وَاعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ شَدِيدُ الْعِقَابِ
Және сендерден жеке залым болғандарға ғана кесірі тиіп қалмайтын пітнеден сақтанңдар. Сондай-ақ Алланың қатты азап иесі екенін біліңдер.
8:25 -
وَاذْكُرُوا إِذْ أَنْتُمْ قَلِيلٌ مُسْتَضْعَفُونَ فِي الْأَرْضِ تَخَافُونَ أَنْ يَتَخَطَّفَكُمُ النَّاسُ فَآوَاكُمْ وَأَيَّدَكُمْ بِنَصْرِهِ وَرَزَقَكُمْ مِنَ الطَّيِّبَاتِ لَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ
Сол бір замаңды ойлаңдар. Сендер аз едіңдер де жер жүзінде езілген едіңдер. Сонда сендер адамдардың бас салып кетуінен қорқар едіңдер. Және Алла сендерді (Мединеге) орналастырып, өз көмегімен қуаттады. Сондай-ақ сендерді жақсы нәрселермен көректендіреді, әрине шүкір етерсіңдер деп.
8:26 -
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَخُونُوا اللَّهَ وَالرَّسُولَ وَتَخُونُوا أَمَانَاتِكُمْ وَأَنْتُمْ تَعْلَمُونَ
Әй мүміндер! Аллаға әрі Елшісіне опасыздық қылмаңдар; тағы біле тұра аманаттарыңа қиянат қылмаңдар.
8:27 -
وَاعْلَمُوا أَنَّمَا أَمْوَالُكُمْ وَأَوْلَادُكُمْ فِتْنَةٌ وَأَنَّ اللَّهَ عِنْدَهُ أَجْرٌ عَظِيمٌ
Негізінде малдарыңды және балаларыңды сын деп біліңдер. Алланың қасында зор сыйлық бар.
8:28 -
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِنْ تَتَّقُوا اللَّهَ يَجْعَلْ لَكُمْ فُرْقَانًا وَيُكَفِّرْ عَنْكُمْ سَيِّئَاتِكُمْ وَيَغْفِرْ لَكُمْ ۗ وَاللَّهُ ذُو الْفَضْلِ الْعَظِيمِ
Әй мүміндер! Егер Алладан қорықсаңдар, Ол сендерге жақсы, жаманды айыратын қабілет береді әрі жамандықтарыңды жойып жарылқайды. Алла зор кеңшілік иесі. (Мекке кәпірлері Пайғамбар Ғ.С. ды қамау, өлтіру немесе Меккеден шығарып жіберу үшін қаулы алады.)
8:29 -
وَإِذْ يَمْكُرُ بِكَ الَّذِينَ كَفَرُوا لِيُثْبِتُوكَ أَوْ يَقْتُلُوكَ أَوْ يُخْرِجُوكَ ۚ وَيَمْكُرُونَ وَيَمْكُرُ اللَّهُ ۖ وَاللَّهُ خَيْرُ الْمَاكِرِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.) ойла! Бір заманда олар сені қамауға не сені өлтіруге немесе шығаруға шара қолдануда еді. Олар шара қолданғанда, Алла шараларын бұзар еді. Алла шара көрушілердің ең жақсысы.
8:30 -
وَإِذَا تُتْلَىٰ عَلَيْهِمْ آيَاتُنَا قَالُوا قَدْ سَمِعْنَا لَوْ نَشَاءُ لَقُلْنَا مِثْلَ هَٰذَا ۙ إِنْ هَٰذَا إِلَّا أَسَاطِيرُ الْأَوَّلِينَ
Оларға аяттарымыз оқылғанда: «естідік, егер қаласақ біз де бұл тәрізді айта аламыз. Бұл бұрынғылардың қана ертегілері» деген.
8:31 -
وَإِذْ قَالُوا اللَّهُمَّ إِنْ كَانَ هَٰذَا هُوَ الْحَقَّ مِنْ عِنْدِكَ فَأَمْطِرْ عَلَيْنَا حِجَارَةً مِنَ السَّمَاءِ أَوِ ائْتِنَا بِعَذَابٍ أَلِيمٍ
Тағы олар, сол уақытта: «Әй Алла! Егер осы Құран шынайы түрде Сенің қасыңнан болса, онда бізге көктен тас жаудыр немесе бізге күйзелтуші азап бер.» деді.
8:32 -
وَمَا كَانَ اللَّهُ لِيُعَذِّبَهُمْ وَأَنْتَ فِيهِمْ ۚ وَمَا كَانَ اللَّهُ مُعَذِّبَهُمْ وَهُمْ يَسْتَغْفِرُونَ
негізінде Алла (Т.) Сен олардың ішінде болғанда, оларға азап етпес әрі олар жарылқау тілегенде де Алла, оларды азап қылмайды.
8:33 -
وَمَا لَهُمْ أَلَّا يُعَذِّبَهُمُ اللَّهُ وَهُمْ يَصُدُّونَ عَنِ الْمَسْجِدِ الْحَرَامِ وَمَا كَانُوا أَوْلِيَاءَهُ ۚ إِنْ أَوْلِيَاؤُهُ إِلَّا الْمُتَّقُونَ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَهُمْ لَا يَعْلَمُونَ
Олар мүміндерді Месжід Харамнан тыйып жатса, Алла оларды неге азаптамасын. Олар месжід Харамға иелікке лайық емес. Оның иелері тақуалар ғана. Бірақ олардың көбі білмейді.
8:34 -
وَمَا كَانَ صَلَاتُهُمْ عِنْدَ الْبَيْتِ إِلَّا مُكَاءً وَتَصْدِيَةً ۚ فَذُوقُوا الْعَذَابَ بِمَا كُنْتُمْ تَكْفُرُونَ
Өйткені, олардың Кағбаның жанындағы намаздары ысқыру, қол шапалақтау ғана еді. Ал енді қарсы болғандықтарың себепті азапты татыңдар.
8:35 -
إِنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا يُنْفِقُونَ أَمْوَالَهُمْ لِيَصُدُّوا عَنْ سَبِيلِ اللَّهِ ۚ فَسَيُنْفِقُونَهَا ثُمَّ تَكُونُ عَلَيْهِمْ حَسْرَةً ثُمَّ يُغْلَبُونَ ۗ وَالَّذِينَ كَفَرُوا إِلَىٰ جَهَنَّمَ يُحْشَرُونَ
Расында сондай қарсы болғандар, малдарын, Алланың жолынан тыю үшін жұмсайды. Тағы оны жұмсай береді. Сонан кейін ол, оларға өкініш болып, ақыр жеңіліске ұшырайды. Сондай-ақ қарсы болғандар, тозаққа айдалады.
8:36 -
لِيَمِيزَ اللَّهُ الْخَبِيثَ مِنَ الطَّيِّبِ وَيَجْعَلَ الْخَبِيثَ بَعْضَهُ عَلَىٰ بَعْضٍ فَيَرْكُمَهُ جَمِيعًا فَيَجْعَلَهُ فِي جَهَنَّمَ ۚ أُولَٰئِكَ هُمُ الْخَاسِرُونَ
Бұл Алланың таза мен ласты ажыратып, ластарды, бір-бірінің үстіне қойып, барлығын бір жерге үйіп, тозаққа салуы үшін. Міне солар, зиянға ұшыраушылар.
8:37 -
قُلْ لِلَّذِينَ كَفَرُوا إِنْ يَنْتَهُوا يُغْفَرْ لَهُمْ مَا قَدْ سَلَفَ وَإِنْ يَعُودُوا فَقَدْ مَضَتْ سُنَّتُ الْأَوَّلِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.) сондай қарсы болғандарға: «Егер олар жамандықтан тыйылса, өткен күнәлары жарылқанады. Ал егер олар қайталаса, сонда өткендегілердің үкімі орындалады» де.
8:38 -
وَقَاتِلُوهُمْ حَتَّىٰ لَا تَكُونَ فِتْنَةٌ وَيَكُونَ الدِّينُ كُلُّهُ لِلَّهِ ۚ فَإِنِ انْتَهَوْا فَإِنَّ اللَّهَ بِمَا يَعْمَلُونَ بَصِيرٌ
Олармен ешбір пітне қалмағанға дейін және дін бүтіндей Алланікі болғанға дейін соғысыңдар. Егер олар тыйылса, расында Алла олардың істегендерін толық көруші.
8:39 -
وَإِنْ تَوَلَّوْا فَاعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ مَوْلَاكُمْ ۚ نِعْمَ الْمَوْلَىٰ وَنِعْمَ النَّصِيرُ
Егер олар бет бұрса, сонда біліңдер, шын иелерің Алла. ол, нендей жақсы ие, нендей жақсы жәрдемші.
8:40
Аударма: Халифа Алтай