Сүре 90 әл-Бәләд (Қала)

  1. لَا أُقْسِمُ بِهَٰذَا الْبَلَدِ

    Жоқ,осы(Мекке) қаласына ант етемін;

    90:1
  2. وَأَنْتَ حِلٌّ بِهَٰذَا الْبَلَدِ

    (Мұхаммед Ғ.С) сен осы қалада отырасың.

    90:2
  3. وَوَالِدٍ وَمَا وَلَدَ

    Әкеге,балаға (Адам Ғ.С мен балаларына) серт!

    90:3
  4. لَقَدْ خَلَقْنَا الْإِنْسَانَ فِي كَبَدٍ

    Расында адамзатты әбігер жараттық.

    90:4
  5. أَيَحْسَبُ أَنْ لَنْ يَقْدِرَ عَلَيْهِ أَحَدٌ

    ҚӨзіне біреудің күші жетпейді деп ойлай ма?

    90:5
  6. يَقُولُ أَهْلَكْتُ مَالًا لُبَدًا

    «Толып жатқан мал ысырап еттім» дейді.

    90:6
  7. أَيَحْسَبُ أَنْ لَمْ يَرَهُ أَحَدٌ

    Оны біреу көрмеді дей ойлай ма?

    90:7
  8. أَلَمْ نَجْعَلْ لَهُ عَيْنَيْنِ

    Оған екі көз жаратпадық па?

    90:8
  9. وَلِسَانًا وَشَفَتَيْنِ

    Әрі бір тіл,екі ерін ?

    90:9
  10. وَهَدَيْنَاهُ النَّجْدَيْنِ

    Оған екі жол көрсетпедік пе?

    90:10
  11. فَلَا اقْتَحَمَ الْعَقَبَةَ

    Сонда ол,кедергіні асуға тырыспады.

    90:11
  12. وَمَا أَدْرَاكَ مَا الْعَقَبَةُ

    Кедергінің не екенін қайдан білесің?

    90:12
  13. فَكُّ رَقَبَةٍ

    Ол;құл азат ету,

    90:13
  14. أَوْ إِطْعَامٌ فِي يَوْمٍ ذِي مَسْغَبَةٍ

    Немесе ашаршылық күнде тамақтандыру;

    90:14
  15. يَتِيمًا ذَا مَقْرَبَةٍ

    Жақындағы болған бір жетімді,

    90:15
  16. أَوْ مِسْكِينًا ذَا مَتْرَبَةٍ

    Немесе шаң топырақтағы сорлыны.

    90:16
  17. ثُمَّ كَانَ مِنَ الَّذِينَ آمَنُوا وَتَوَاصَوْا بِالصَّبْرِ وَتَوَاصَوْا بِالْمَرْحَمَةِ

    Сосын иман келтіріп,бірбіріне сабыр меңзегендерден және өзара мейірімділік кеңесін бергендерден болу.

    90:17
  18. أُولَٰئِكَ أَصْحَابُ الْمَيْمَنَةِ

    Міне осылар; оңшылдар.

    90:18
  19. وَالَّذِينَ كَفَرُوا بِآيَاتِنَا هُمْ أَصْحَابُ الْمَشْأَمَةِ

    Сондай аяттарымызға қарсы шыққандар,олар; солшылдар.

    90:19
  20. عَلَيْهِمْ نَارٌ مُؤْصَدَةٌ

    Олар тозаққа қамалады.

    90:20

Аударма: Халифа Алтай