Сүре 9 ат-Тәубә (Тәубеге келу), аят 1 – 7
-
بَرَاءَةٌ مِنَ اللَّهِ وَرَسُولِهِ إِلَى الَّذِينَ عَاهَدْتُمْ مِنَ الْمُشْرِكِينَ
Бұл Алладан және Елшісінен, келісім жасасқан мүшріктерге бір құлақтандыру.
9:1 -
فَسِيحُوا فِي الْأَرْضِ أَرْبَعَةَ أَشْهُرٍ وَاعْلَمُوا أَنَّكُمْ غَيْرُ مُعْجِزِي اللَّهِ ۙ وَأَنَّ اللَّهَ مُخْزِي الْكَافِرِينَ
(Әй мүшріктер!) Жер жүзінде төрт ай кезіңдер. Расында Алла осалдата алмайтындықтарыңды және Алла (Т.), кәпірлерді қорлайтынын біліңдер.
9:2 -
وَأَذَانٌ مِنَ اللَّهِ وَرَسُولِهِ إِلَى النَّاسِ يَوْمَ الْحَجِّ الْأَكْبَرِ أَنَّ اللَّهَ بَرِيءٌ مِنَ الْمُشْرِكِينَ ۙ وَرَسُولُهُ ۚ فَإِنْ تُبْتُمْ فَهُوَ خَيْرٌ لَكُمْ ۖ وَإِنْ تَوَلَّيْتُمْ فَاعْلَمُوا أَنَّكُمْ غَيْرُ مُعْجِزِي اللَّهِ ۗ وَبَشِّرِ الَّذِينَ كَفَرُوا بِعَذَابٍ أَلِيمٍ
Ал бұл ірі Хаж күні, Алладан, Елшісінен халыққа бір жарнама: Расында Алла және Елшісі мүшріктерден безеді. Егер тәубе қылсаңдар, сендер үшін жақсы болады. Ал егер жалтайсаңдар, Алланы еш осалдата алмайтындықтарыңды біліңдер. (Әй Мұхаммед!) Қарсы болғандарды күйзелтуші азаппен шүйіншіле.
9:3 -
إِلَّا الَّذِينَ عَاهَدْتُمْ مِنَ الْمُشْرِكِينَ ثُمَّ لَمْ يَنْقُصُوكُمْ شَيْئًا وَلَمْ يُظَاهِرُوا عَلَيْكُمْ أَحَدًا فَأَتِمُّوا إِلَيْهِمْ عَهْدَهُمْ إِلَىٰ مُدَّتِهِمْ ۚ إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ الْمُتَّقِينَ
Бірақ келісім жасасқан мүшріктерден кейін сендерге түк кемшілік істемесе, біреуге көмек етпесе; олардың келісімдерін мерзіміне дейін тамамдаңдар. Расында Алла тақуаларды жақсы көреді.
9:4 -
فَإِذَا انْسَلَخَ الْأَشْهُرُ الْحُرُمُ فَاقْتُلُوا الْمُشْرِكِينَ حَيْثُ وَجَدْتُمُوهُمْ وَخُذُوهُمْ وَاحْصُرُوهُمْ وَاقْعُدُوا لَهُمْ كُلَّ مَرْصَدٍ ۚ فَإِنْ تَابُوا وَأَقَامُوا الصَّلَاةَ وَآتَوُا الزَّكَاةَ فَخَلُّوا سَبِيلَهُمْ ۚ إِنَّ اللَّهَ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Ал қашан құрметті айлар шықса, сонда мүшріктерді қайдан тапсаңдр да өлтіріңдер. Оларды ұстаңдар, қамаңдар және олардың бүкіл жолдарын аңдып отырыңдар. Сонда егер олар, тәубе қылса, намазды толық орындап, зекет берсе, онда олардың жолын бос қойыңдар. Расында Алла жарылқаушы, ерекше мейірімді.
9:5 -
وَإِنْ أَحَدٌ مِنَ الْمُشْرِكِينَ اسْتَجَارَكَ فَأَجِرْهُ حَتَّىٰ يَسْمَعَ كَلَامَ اللَّهِ ثُمَّ أَبْلِغْهُ مَأْمَنَهُ ۚ ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ قَوْمٌ لَا يَعْلَمُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) егер мүшріктерден біреу сенен пана тілесе, онда оған Алланың сөзін тыңдағанға дейін пана бер. Сонан соң оны бейбіт орнына жеткіз. Бұл олардың түк білмейтін ел екендігінен.
9:6 -
كَيْفَ يَكُونُ لِلْمُشْرِكِينَ عَهْدٌ عِنْدَ اللَّهِ وَعِنْدَ رَسُولِهِ إِلَّا الَّذِينَ عَاهَدْتُمْ عِنْدَ الْمَسْجِدِ الْحَرَامِ ۖ فَمَا اسْتَقَامُوا لَكُمْ فَاسْتَقِيمُوا لَهُمْ ۚ إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ الْمُتَّقِينَ
Ол мүшріктердің Алла қасында, Елшісінің қасында қалай келісімі бола алады? Бірақ Месжід Харамда, бітім жасасқандарыңдікі болады. Олар сендерге түзу сыңай байқатса, сендер де оларға түзу ыңғыл көрсетіңдер. Алла сақтанушыларды жақсы көреді.
9:7
Аударма: Халифа Алтай