Сүре 9 ат-Тәубә (Тәубеге келу), аят 30 – 31
-
وَقَالَتِ الْيَهُودُ عُزَيْرٌ ابْنُ اللَّهِ وَقَالَتِ النَّصَارَى الْمَسِيحُ ابْنُ اللَّهِ ۖ ذَٰلِكَ قَوْلُهُمْ بِأَفْوَاهِهِمْ ۖ يُضَاهِئُونَ قَوْلَ الَّذِينَ كَفَرُوا مِنْ قَبْلُ ۚ قَاتَلَهُمُ اللَّهُ ۚ أَنَّىٰ يُؤْفَكُونَ
(Өйткені) Яћудилер: «Ғұзайыр Алланың ұлы» деді. Және Христиандар да: «Ғиса Алланың ұлы» деді. Бұл, бұрыңғы кәпірлердің сөзіне ұқсатып, ауыздарымен айтқандары. Құдай атқырлар, қайтып алданып отыр.
9:30 -
اتَّخَذُوا أَحْبَارَهُمْ وَرُهْبَانَهُمْ أَرْبَابًا مِنْ دُونِ اللَّهِ وَالْمَسِيحَ ابْنَ مَرْيَمَ وَمَا أُمِرُوا إِلَّا لِيَعْبُدُوا إِلَٰهًا وَاحِدًا ۖ لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ ۚ سُبْحَانَهُ عَمَّا يُشْرِكُونَ
Олар, (Яћуди, Христиандар) ғалымдарымен машайыхтарын және мәрйем ұлы Ғисаны Алладан өзге тәңір қып алды. Негізінде олар, бір тәңірге ғана құлшылық қылуға бұйырылған болатын. Өйткені, Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол, олардың қосқан шерігінен пәк.
9:31
Аударма: Халифа Алтай