Сүре 9 ат-Тәубә (Тәубеге келу), аят 44 – 50
-
لَا يَسْتَأْذِنُكَ الَّذِينَ يُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ أَنْ يُجَاهِدُوا بِأَمْوَالِهِمْ وَأَنْفُسِهِمْ ۗ وَاللَّهُ عَلِيمٌ بِالْمُتَّقِينَ
Өйткені Аллаға, ахирет күніне иман келтіргендер, Алла жолында малдарымен, жандарымен соғысуда сылтауратпайды. Алла тақуаларды жақсы біледі.
9:44 -
إِنَّمَا يَسْتَأْذِنُكَ الَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ وَارْتَابَتْ قُلُوبُهُمْ فَهُمْ فِي رَيْبِهِمْ يَتَرَدَّدُونَ
Шынында сенен, Аллаға, ахирет күніне сенбегендер, жүректері күдіктеніп күмән ішінде екі ойлы болғандар ғана рұхсат сұрап сылтауратады.
9:45 -
وَلَوْ أَرَادُوا الْخُرُوجَ لَأَعَدُّوا لَهُ عُدَّةً وَلَٰكِنْ كَرِهَ اللَّهُ انْبِعَاثَهُمْ فَثَبَّطَهُمْ وَقِيلَ اقْعُدُوا مَعَ الْقَاعِدِينَ
Егер ол мұнафықтар соғысқа шығуды қаласа, әрине ол үшін бір әзірлік көрер еді. Бірақ Алла, олардың қимылдарын жақтырмады. Сондықтан оларды тосып қойды. Сондай-ақ оларға: «Отырушылармен бірге отырыңдар» делінді.
9:46 -
لَوْ خَرَجُوا فِيكُمْ مَا زَادُوكُمْ إِلَّا خَبَالًا وَلَأَوْضَعُوا خِلَالَكُمْ يَبْغُونَكُمُ الْفِتْنَةَ وَفِيكُمْ سَمَّاعُونَ لَهُمْ ۗ وَاللَّهُ عَلِيمٌ بِالظَّالِمِينَ
Егер олар, іштеріңде шықса да сұрқылықты ғана арттырады. Әрине араларыңда пітне ізденіп жүгірер еді. Іштеріңде олардың тыңшалары да бар. Алла залымдарды жақсы біледі.
9:47 -
لَقَدِ ابْتَغَوُا الْفِتْنَةَ مِنْ قَبْلُ وَقَلَّبُوا لَكَ الْأُمُورَ حَتَّىٰ جَاءَ الْحَقُّ وَظَهَرَ أَمْرُ اللَّهِ وَهُمْ كَارِهُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) расында бұлар бұрын (Ұхыт соғысында) да пітне іздеп, істеріңді терісіне айналдырған еді. Ақыр олар, жек көрсе де хақиқат келіп, Алланың әмірі үстем болды.
9:48 -
وَمِنْهُمْ مَنْ يَقُولُ ائْذَنْ لِي وَلَا تَفْتِنِّي ۚ أَلَا فِي الْفِتْنَةِ سَقَطُوا ۗ وَإِنَّ جَهَنَّمَ لَمُحِيطَةٌ بِالْكَافِرِينَ
Олардан кей адам: «Маған ұхсат бер, әлекке салма» дейді. Байқандар, олар негізінен әлекке түскендер. Сөзсіз тозақ, кәпірлерді орап алады.
9:49 -
إِنْ تُصِبْكَ حَسَنَةٌ تَسُؤْهُمْ ۖ وَإِنْ تُصِبْكَ مُصِيبَةٌ يَقُولُوا قَدْ أَخَذْنَا أَمْرَنَا مِنْ قَبْلُ وَيَتَوَلَّوْا وَهُمْ فَرِحُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) егер саған бір игілік жетсе, олар оны жек көреді. Ал егер саған бір қайғы жетсе: «Ісімізді бұрын ыңғайлап алған едік» дейді де олар сүйініп қайтады
9:50
Аударма: Халифа Алтай