Сүре 9 ат-Тәубә (Тәубеге келу), аят 61 – 63
-
وَمِنْهُمُ الَّذِينَ يُؤْذُونَ النَّبِيَّ وَيَقُولُونَ هُوَ أُذُنٌ ۚ قُلْ أُذُنُ خَيْرٍ لَكُمْ يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَيُؤْمِنُ لِلْمُؤْمِنِينَ وَرَحْمَةٌ لِلَّذِينَ آمَنُوا مِنْكُمْ ۚ وَالَّذِينَ يُؤْذُونَ رَسُولَ اللَّهِ لَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ
Олардың кейбіреуі Пайғамбарға: «Ол бір құлақ (не болса соны тыңдайды)» деп жапа береді. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Ол сендер үшін хайырлы бір құлақ Аллаға иман келтіреді де Мұсылмандарға сенеді. Сондай-ақ сендерден иман келтіргендер үшін бір рақмет. Алалның Елшісіне жапа бергендерге күйзелтуші азап бар»
9:61 -
يَحْلِفُونَ بِاللَّهِ لَكُمْ لِيُرْضُوكُمْ وَاللَّهُ وَرَسُولُهُ أَحَقُّ أَنْ يُرْضُوهُ إِنْ كَانُوا مُؤْمِنِينَ
Олар сендерді разы қылу үшін Алланың атымен ант береді. Егер олар иман келтірген болса, Алланы және Елшісін разы қылуларына тиісті еді.
9:62 -
أَلَمْ يَعْلَمُوا أَنَّهُ مَنْ يُحَادِدِ اللَّهَ وَرَسُولَهُ فَأَنَّ لَهُ نَارَ جَهَنَّمَ خَالِدًا فِيهَا ۚ ذَٰلِكَ الْخِزْيُ الْعَظِيمُ
Олар, біреу Аллаға әрі Елшісіне қарсы келсе, расында соған ішінде мәңгі қалатұғын тозақ оты бар екенін білмей ме? Міне, ірі қорлық осы.
9:63
Аударма: Халифа Алтай