Сүре 9 ат-Тәубә (Тәубеге келу), аят 88 – 89

  1. لَٰكِنِ الرَّسُولُ وَالَّذِينَ آمَنُوا مَعَهُ جَاهَدُوا بِأَمْوَالِهِمْ وَأَنْفُسِهِمْ ۚ وَأُولَٰئِكَ لَهُمُ الْخَيْرَاتُ ۖ وَأُولَٰئِكَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ

    Бірақ Пайғамбар және онымен бірге иман келтіргендер, малдарымен, жандарымен соғысты. Жақсылықтар солардікі. Міне солар құтылушылар.

    9:88
  2. أَعَدَّ اللَّهُ لَهُمْ جَنَّاتٍ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ خَالِدِينَ فِيهَا ۚ ذَٰلِكَ الْفَوْزُ الْعَظِيمُ

    Алла (Т.) оларға астарынан өзендер ағатын, олар ішінде мәңгі қалатын бақшалар әзірледі. Осы зор қол жеткендік.

    9:89

Аударма: Халифа Алтай