Мусыхаф, бет 106
-
يَسْتَفْتُونَكَ قُلِ اللَّهُ يُفْتِيكُمْ فِي الْكَلَالَةِ ۚ إِنِ امْرُؤٌ هَلَكَ لَيْسَ لَهُ وَلَدٌ وَلَهُ أُخْتٌ فَلَهَا نِصْفُ مَا تَرَكَ ۚ وَهُوَ يَرِثُهَا إِنْ لَمْ يَكُنْ لَهَا وَلَدٌ ۚ فَإِنْ كَانَتَا اثْنَتَيْنِ فَلَهُمَا الثُّلُثَانِ مِمَّا تَرَكَ ۚ وَإِنْ كَانُوا إِخْوَةً رِجَالًا وَنِسَاءً فَلِلذَّكَرِ مِثْلُ حَظِّ الْأُنْثَيَيْنِ ۗ يُبَيِّنُ اللَّهُ لَكُمْ أَنْ تَضِلُّوا ۗ وَاللَّهُ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمٌ
Олар сенен пәтуа сұрайды. Оларға айт: «Алла сендерге «Кәлала» жайында пәтуа береді: Егер әке- шешесі және баласы жок біреу өлсе, оның бір қыз туысы болса, сонда оған қалған мирастың жартысы тиеді. Егер өлген әйел болып, оның баласы болмаса, еркек туысы оның мирасқоры болады. Егер өлгеннің қыз туысы екеу болса, екеуіне қалған мирастың үштен екісі тиеді. Және мирасқорлар ер, әйелдер аралас болса, сонда бір ерге екі әйелдің сыбағасындай тиеді. Алла (Т.) адасарсыңдар деп сендерге ашық түсінік береді. Алла әр нәрсені толық біледі»
4:176 -
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا أَوْفُوا بِالْعُقُودِ ۚ أُحِلَّتْ لَكُمْ بَهِيمَةُ الْأَنْعَامِ إِلَّا مَا يُتْلَىٰ عَلَيْكُمْ غَيْرَ مُحِلِّي الصَّيْدِ وَأَنْتُمْ حُرُمٌ ۗ إِنَّ اللَّهَ يَحْكُمُ مَا يُرِيدُ
Әй мүміндер! Уәделеріңді орындаңдар. Сендерге ыхрамда аңды халал санамау шартымен, сендерге түсіндірілетіндерден басқа хайуандар хала қылынды. Күдіксіз Алла не тілесе оны әмір етеді.
5:1 -
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تُحِلُّوا شَعَائِرَ اللَّهِ وَلَا الشَّهْرَ الْحَرَامَ وَلَا الْهَدْيَ وَلَا الْقَلَائِدَ وَلَا آمِّينَ الْبَيْتَ الْحَرَامَ يَبْتَغُونَ فَضْلًا مِنْ رَبِّهِمْ وَرِضْوَانًا ۚ وَإِذَا حَلَلْتُمْ فَاصْطَادُوا ۚ وَلَا يَجْرِمَنَّكُمْ شَنَآنُ قَوْمٍ أَنْ صَدُّوكُمْ عَنِ الْمَسْجِدِ الْحَرَامِ أَنْ تَعْتَدُوا ۘ وَتَعَاوَنُوا عَلَى الْبِرِّ وَالتَّقْوَىٰ ۖ وَلَا تَعَاوَنُوا عَلَى الْإِثْمِ وَالْعُدْوَانِ ۚ وَاتَّقُوا اللَّهَ ۖ إِنَّ اللَّهَ شَدِيدُ الْعِقَابِ
әй иман келтіргендер! Алланың белгілеріне, (хаж ғамалдарына,) құрметті айға, құрбандықтарға, мойындарына тағылған белгілерге және Раббыларының ризалығын, ілтипатын іздеп, ардақты үйге (Кағбаға) келуші хажыларға құрметсіздік етпеңдер. Және қашан ыхрамнан шықсаңдар аң аулай аласыңдар. Және сендерді Месжіт Харамнан тосқан елдің кегі, шектен шығуларыңа сылтау болмасын. (Сендерді Кағбадан тыйған болса да, кек сақтамаңдар.) жақсылыққа, тақуалыққа жәрдемдесіңдер. Күнәға және дұшпандыққа жәрдемдеспеңдер. Алладан қорқыңдар! Күдіксіз Алланың азабы қатты.
5:2
Аударма: Халифа Алтай