Мусыхаф, бет 114
-
يُرِيدُونَ أَنْ يَخْرُجُوا مِنَ النَّارِ وَمَا هُمْ بِخَارِجِينَ مِنْهَا ۖ وَلَهُمْ عَذَابٌ مُقِيمٌ
Олар оттан шығуларын қалайды. Дегенмен олар одан шығушы емес. Және олар үшін тұрақты азап бар.
5:37 -
وَالسَّارِقُ وَالسَّارِقَةُ فَاقْطَعُوا أَيْدِيَهُمَا جَزَاءً بِمَا كَسَبَا نَكَالًا مِنَ اللَّهِ ۗ وَاللَّهُ عَزِيزٌ حَكِيمٌ
Ер және әйел ұрының, қылмыстарына жаза әрі Алладан бір өнеге түрінде қолдарын кесіңдер. Алла (Т.) аса үстем, хикмет иесі.
5:38 -
فَمَنْ تَابَ مِنْ بَعْدِ ظُلْمِهِ وَأَصْلَحَ فَإِنَّ اللَّهَ يَتُوبُ عَلَيْهِ ۗ إِنَّ اللَّهَ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Ал кім зұлымдықтан кейін тәубе қылса, түзелсе, сонда шәксіз Алла оның тәубесін қабыл етеді. Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.
5:39 -
أَلَمْ تَعْلَمْ أَنَّ اللَّهَ لَهُ مُلْكُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ يُعَذِّبُ مَنْ يَشَاءُ وَيَغْفِرُ لِمَنْ يَشَاءُ ۗ وَاللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ
Расында көктер мен жердің әкімшілігі Аллаға тән екенін білмедің бе? Кімді қаласа жазалайды да, кімді қаласа жарылқайды. Әрі Алланың әр нәрсеге күші жетуші.
5:40 -
يَا أَيُّهَا الرَّسُولُ لَا يَحْزُنْكَ الَّذِينَ يُسَارِعُونَ فِي الْكُفْرِ مِنَ الَّذِينَ قَالُوا آمَنَّا بِأَفْوَاهِهِمْ وَلَمْ تُؤْمِنْ قُلُوبُهُمْ ۛ وَمِنَ الَّذِينَ هَادُوا ۛ سَمَّاعُونَ لِلْكَذِبِ سَمَّاعُونَ لِقَوْمٍ آخَرِينَ لَمْ يَأْتُوكَ ۖ يُحَرِّفُونَ الْكَلِمَ مِنْ بَعْدِ مَوَاضِعِهِ ۖ يَقُولُونَ إِنْ أُوتِيتُمْ هَٰذَا فَخُذُوهُ وَإِنْ لَمْ تُؤْتَوْهُ فَاحْذَرُوا ۚ وَمَنْ يُرِدِ اللَّهُ فِتْنَتَهُ فَلَنْ تَمْلِكَ لَهُ مِنَ اللَّهِ شَيْئًا ۚ أُولَٰئِكَ الَّذِينَ لَمْ يُرِدِ اللَّهُ أَنْ يُطَهِّرَ قُلُوبَهُمْ ۚ لَهُمْ فِي الدُّنْيَا خِزْيٌ ۖ وَلَهُمْ فِي الْآخِرَةِ عَذَابٌ عَظِيمٌ
ӘйПайғамбар! Ауыздарымен: «Сендік» деп, жүректері сенбегендермен Яһудилерден күпірде жарысқандар сені кейітпесін. Олар өтірікке құлақ асады; сондай-ақ саған келмеген басқа бір қауым үшін тыңдайды. Және олар сөзді орындалғаннан кейін өзгертеді: «Егер сендерге осы берілсе, оны алыңдар да, егер ол берілмесе, онда бой тартыңдар!»,- дейді. (Хайбар Яһудилері зинашы ер, әйелді Тәурат үкімі бойынша өлтіруге қимай: Өлім жазасын берсе, алмаңдар да, дүре жазасын берсе алыңдар деп Мұхаммед Ғ.С. ға жібереді.) (Мұхаммед Ғ.С.) Алла (Т.), біреудің бұзылуын қаласа, сен ол үшін Алладан дәнеңеге ие бола алмайсың. Міне солар, Алланың жүректерін тазартуды қаламағандар. Оларға дүниеде жапа әрі ахиретте де, зор азап бар.
5:41
Аударма: Халифа Алтай