Мусыхаф, бет 118

  1. وَإِذَا نَادَيْتُمْ إِلَى الصَّلَاةِ اتَّخَذُوهَا هُزُوًا وَلَعِبًا ۚ ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ قَوْمٌ لَا يَعْقِلُونَ

    Және қашан намазға (азан) шақырсаңдар, олар оны ойын қылып келекеге алды. Осы, олардың шынайы түрде түсінбейтін халық болғандықтарынан.

    5:58
  2. قُلْ يَا أَهْلَ الْكِتَابِ هَلْ تَنْقِمُونَ مِنَّا إِلَّا أَنْ آمَنَّا بِاللَّهِ وَمَا أُنْزِلَ إِلَيْنَا وَمَا أُنْزِلَ مِنْ قَبْلُ وَأَنَّ أَكْثَرَكُمْ فَاسِقُونَ

    (Мұхаммед Ғ.С. оларға) айт: «Әй кітап иелері! Бізді Аллаға әрі өзімізге түсірілгенге және бұрыңғы түсірілгенге иман келтіргендігіміз үшін ғана қоштамасыңдар ма? Шынында көбін бұзақысыңдар.»

    5:59
  3. قُلْ هَلْ أُنَبِّئُكُمْ بِشَرٍّ مِنْ ذَٰلِكَ مَثُوبَةً عِنْدَ اللَّهِ ۚ مَنْ لَعَنَهُ اللَّهُ وَغَضِبَ عَلَيْهِ وَجَعَلَ مِنْهُمُ الْقِرَدَةَ وَالْخَنَازِيرَ وَعَبَدَ الطَّاغُوتَ ۚ أُولَٰئِكَ شَرٌّ مَكَانًا وَأَضَلُّ عَنْ سَوَاءِ السَّبِيلِ

    (Оларға) айт: «Сендерге Алланың қасында жаза тұрғысынан бұдан да жаманын хабарлайын ба?» Алла біреуді қарғап оған ашуланса және олардан маймылдар, доңыздар, тағы бұтқа табынатындар қылса, міне солар, орны жаман және тура жолдан мүлде адасқандар.

    5:60
  4. وَإِذَا جَاءُوكُمْ قَالُوا آمَنَّا وَقَدْ دَخَلُوا بِالْكُفْرِ وَهُمْ قَدْ خَرَجُوا بِهِ ۚ وَاللَّهُ أَعْلَمُ بِمَا كَانُوا يَكْتُمُونَ

    Және қашан олар сендерге келсе: «Иман келтірдік» дейді. Расында олар қарсылықпен кіріп және онымен шыққан болатын. Алла олардың жасырғандарын жақсы біледі.

    5:61
  5. وَتَرَىٰ كَثِيرًا مِنْهُمْ يُسَارِعُونَ فِي الْإِثْمِ وَالْعُدْوَانِ وَأَكْلِهِمُ السُّحْتَ ۚ لَبِئْسَ مَا كَانُوا يَعْمَلُونَ

    Олардың көбірегінің күнәда, дұшпандықта және арам жеуде жарысқандарын көресің. Олардың істеген істері неткен жаман.

    5:62
  6. لَوْلَا يَنْهَاهُمُ الرَّبَّانِيُّونَ وَالْأَحْبَارُ عَنْ قَوْلِهِمُ الْإِثْمَ وَأَكْلِهِمُ السُّحْتَ ۚ لَبِئْسَ مَا كَانُوا يَصْنَعُونَ

    Егер олардың сопылары, ғалымдары; оларды күнәлы сөздерінен, арам жеулерінен тыйса еді! Әрине олардың істегендері нендей жаман.

    5:63
  7. وَقَالَتِ الْيَهُودُ يَدُ اللَّهِ مَغْلُولَةٌ ۚ غُلَّتْ أَيْدِيهِمْ وَلُعِنُوا بِمَا قَالُوا ۘ بَلْ يَدَاهُ مَبْسُوطَتَانِ يُنْفِقُ كَيْفَ يَشَاءُ ۚ وَلَيَزِيدَنَّ كَثِيرًا مِنْهُمْ مَا أُنْزِلَ إِلَيْكَ مِنْ رَبِّكَ طُغْيَانًا وَكُفْرًا ۚ وَأَلْقَيْنَا بَيْنَهُمُ الْعَدَاوَةَ وَالْبَغْضَاءَ إِلَىٰ يَوْمِ الْقِيَامَةِ ۚ كُلَّمَا أَوْقَدُوا نَارًا لِلْحَرْبِ أَطْفَأَهَا اللَّهُ ۚ وَيَسْعَوْنَ فِي الْأَرْضِ فَسَادًا ۚ وَاللَّهُ لَا يُحِبُّ الْمُفْسِدِينَ

    Және Яһудилер: «Алланың қолы байланған (сараң)» деді. Бұл сөздері себепті олардың қолдары байланып, лағынеттелді. Керісінше, Алланың құдырет қолдары ашық, қалағанынша береді. Әрине раббың тарапынан саған түсірілген (Құран), олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сондай-ақ олардың арасына қияметке дейін дұшпандық, өштік салдық. Сондықтан әрқашан олар соғыс үшін от тамызса, Алла оны өшірді. Олар жер жүзінде бұзықтыққа тырысады. Алла бұзақыларды жақсы көрмейді.

    5:64

Аударма: Халифа Алтай