Мусыхаф, бет 124

  1. أُحِلَّ لَكُمْ صَيْدُ الْبَحْرِ وَطَعَامُهُ مَتَاعًا لَكُمْ وَلِلسَّيَّارَةِ ۖ وَحُرِّمَ عَلَيْكُمْ صَيْدُ الْبَرِّ مَا دُمْتُمْ حُرُمًا ۗ وَاتَّقُوا اللَّهَ الَّذِي إِلَيْهِ تُحْشَرُونَ

    Сендерге теңіз аңы және оны жеу халал қыланды. Сендерге әрі жолаушыларға пайдалы. Және сендерге ыхрамдағы мезгіл бойынша құрылықтың аңы арам қылынды. Алдына жиналатын Алладан қорқыңдар.

    5:96
  2. جَعَلَ اللَّهُ الْكَعْبَةَ الْبَيْتَ الْحَرَامَ قِيَامًا لِلنَّاسِ وَالشَّهْرَ الْحَرَامَ وَالْهَدْيَ وَالْقَلَائِدَ ۚ ذَٰلِكَ لِتَعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ يَعْلَمُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ وَأَنَّ اللَّهَ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمٌ

    Алла (Т.) құрметті үй Кағбаны, адам баласы үшін тұрақ қылды. Және құрметті айды, құрбандықты және мойнына тағылған белгілерді де. Бұл Алланың көктердегі әрі жердегі нәрселерді шынайы түрде білетіндігін және күдіксіз Алланың әр нәрсені толық білуші екендігін білулерің үшін.

    5:97
  3. اعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ شَدِيدُ الْعِقَابِ وَأَنَّ اللَّهَ غَفُورٌ رَحِيمٌ

    Біліңдер! Күдіксіз Алла қатты азап иесі, шынында Алла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді.

    5:98
  4. مَا عَلَى الرَّسُولِ إِلَّا الْبَلَاغُ ۗ وَاللَّهُ يَعْلَمُ مَا تُبْدُونَ وَمَا تَكْتُمُونَ

    Пайғамбарға жалғастыру ғана міндет. Алла көрнеу істегендеріңді де, жасырғандарыңды да біледі.

    5:99
  5. قُلْ لَا يَسْتَوِي الْخَبِيثُ وَالطَّيِّبُ وَلَوْ أَعْجَبَكَ كَثْرَةُ الْخَبِيثِ ۚ فَاتَّقُوا اللَّهَ يَا أُولِي الْأَلْبَابِ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ

    (Мұхаммед Ғ.С.): «Сені арам нәрсенің көптігі қызықтырса да, лас пен таза бір емес. Ендеше, әй ақыл иелері! Алладан қорқыңдар, әрине құтыласыңдар» де. (Хаж парыз болды деген аят түскенде Пайғамбардан: «әр жылы ма?»,- деп сұрағандарға сол сәтте жауап бермей кейін: «Егер я деп жауап берсем әр жылы парыз болып қалатын еді» деген екен.

    5:100
  6. يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَسْأَلُوا عَنْ أَشْيَاءَ إِنْ تُبْدَ لَكُمْ تَسُؤْكُمْ وَإِنْ تَسْأَلُوا عَنْهَا حِينَ يُنَزَّلُ الْقُرْآنُ تُبْدَ لَكُمْ عَفَا اللَّهُ عَنْهَا ۗ وَاللَّهُ غَفُورٌ حَلِيمٌ

    Әй мүміндер! Егер айқындалса сендерге жаман болатын нәрсені сұрамаңдар. Құран түсірілгенде оны сұрасаңдар білдіретін еді. Алла оны кешті. Алла аса жарылқаушы, өте жұмсақ.

    5:101
  7. قَدْ سَأَلَهَا قَوْمٌ مِنْ قَبْلِكُمْ ثُمَّ أَصْبَحُوا بِهَا كَافِرِينَ

    Расында сендерден бұрыңғы бір ел де сөйтіп сұрап, сонан кейін оған қарсы болған еді. (Араптар жаһидет дәуірінде кейбір малдарды бұтқа арнап, мінбей, саумай «бахира, сайыба, уасила және хам» деп азат қылып қоя беріп мұны, Аллаға құлшылық дейтұғын.)

    5:102
  8. مَا جَعَلَ اللَّهُ مِنْ بَحِيرَةٍ وَلَا سَائِبَةٍ وَلَا وَصِيلَةٍ وَلَا حَامٍ ۙ وَلَٰكِنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا يَفْتَرُونَ عَلَى اللَّهِ الْكَذِبَ ۖ وَأَكْثَرُهُمْ لَا يَعْقِلُونَ

    Алла (Т.) «бахира, сайыба, уасила және хам» деп арнауға бұйырмады. Бірақ кәпірлер Аллаға өтірік жала қойды. Олардың көбі түсінбейді.

    5:103

Аударма: Халифа Алтай