Мусыхаф, бет 137
-
وَإِذْ قَالَ إِبْرَاهِيمُ لِأَبِيهِ آزَرَ أَتَتَّخِذُ أَصْنَامًا آلِهَةً ۖ إِنِّي أَرَاكَ وَقَوْمَكَ فِي ضَلَالٍ مُبِينٍ
Сол уақытта Ыбырайым әкесі Әзерге: «Бұттарды тұттыңдарма? Расында мен сені де еліңді де анық адасуда көремін» деген.
6:74 -
وَكَذَٰلِكَ نُرِي إِبْرَاهِيمَ مَلَكُوتَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَلِيَكُونَ مِنَ الْمُوقِنِينَ
Осылайша Ыбырайым (Ғ.С.) ға сенушілерден болуы үшін көктердің, жердің (Ғажайып) мүліктерін көрсетттік.
6:75 -
فَلَمَّا جَنَّ عَلَيْهِ اللَّيْلُ رَأَىٰ كَوْكَبًا ۖ قَالَ هَٰذَا رَبِّي ۖ فَلَمَّا أَفَلَ قَالَ لَا أُحِبُّ الْآفِلِينَ
Оны түн қаптаған сәтте, бір жұлдыз көрді де: «осы менің Раббым» деді. Жұлдыз батқан кезде; «Бататындарды жақсы көрмеймін» деді
6:76 -
فَلَمَّا رَأَى الْقَمَرَ بَازِغًا قَالَ هَٰذَا رَبِّي ۖ فَلَمَّا أَفَلَ قَالَ لَئِنْ لَمْ يَهْدِنِي رَبِّي لَأَكُونَنَّ مِنَ الْقَوْمِ الضَّالِّينَ
Туған айды көргенде: «Осы менің Раббым» деді. Ол батқанда: «Егер Раббым тура жолға салмаған болса еді, әрине мен де адасқан елден болар едім» деді.
6:77 -
فَلَمَّا رَأَى الشَّمْسَ بَازِغَةً قَالَ هَٰذَا رَبِّي هَٰذَا أَكْبَرُ ۖ فَلَمَّا أَفَلَتْ قَالَ يَا قَوْمِ إِنِّي بَرِيءٌ مِمَّا تُشْرِكُونَ
Және шыққан күнді көргенде: «осы менің Раббым, мынау үлкенірек» деді. Ол батқан сәтте: «Әй қаумым! Расында, сендер Аллаға ортақ қосқан нәрселерден бездім» деді.
6:78 -
إِنِّي وَجَّهْتُ وَجْهِيَ لِلَّذِي فَطَرَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ حَنِيفًا ۖ وَمَا أَنَا مِنَ الْمُشْرِكِينَ
«Мен шынайы түрде жүзімді көктерді, жерді жаратқанға мүлде жөнелттім. Және ортақ қосушылардан емеспін» деді.
6:79 -
وَحَاجَّهُ قَوْمُهُ ۚ قَالَ أَتُحَاجُّونِّي فِي اللَّهِ وَقَدْ هَدَانِ ۚ وَلَا أَخَافُ مَا تُشْرِكُونَ بِهِ إِلَّا أَنْ يَشَاءَ رَبِّي شَيْئًا ۗ وَسِعَ رَبِّي كُلَّ شَيْءٍ عِلْمًا ۗ أَفَلَا تَتَذَكَّرُونَ
Елі онымен тартысқа кірісті. «Мені рас тура жолға салған Алла жайында менімен таласасыңдар ма? Мен сендердің оған ортақ қосқан нәрселеріңнен қорықпаймын. Бірақ Раббым не нәрсе қаласа, (болады) Раббымның білімі әр нәрсені қамтыған. Ойланбайсыңдар ма?»,- деді.
6:80 -
وَكَيْفَ أَخَافُ مَا أَشْرَكْتُمْ وَلَا تَخَافُونَ أَنَّكُمْ أَشْرَكْتُمْ بِاللَّهِ مَا لَمْ يُنَزِّلْ بِهِ عَلَيْكُمْ سُلْطَانًا ۚ فَأَيُّ الْفَرِيقَيْنِ أَحَقُّ بِالْأَمْنِ ۖ إِنْ كُنْتُمْ تَعْلَمُونَ
«Сендердің қосқан ортақтарыңнан қалайша қорқамын. Сендер ешбір дәлел түсірілмеген нәрсені Аллаға ортақ қосудан қорықпайсыңдар. Сенім тұрғысынан екі топтың қайсысы лайығырақ? Егер білетін болсаңдар.»
6:81
Аударма: Халифа Алтай