Мусыхаф, бет 151
-
المص
Ұғымын Алла біледі.
7:1 -
كِتَابٌ أُنْزِلَ إِلَيْكَ فَلَا يَكُنْ فِي صَدْرِكَ حَرَجٌ مِنْهُ لِتُنْذِرَ بِهِ وَذِكْرَىٰ لِلْمُؤْمِنِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.) Бұл саған түсірілген бір Кітап. Сондықтан көңліңде кірбеңдік болмасын. Бұл арқылы ескертуің, мүміндерге үгіт үшін.
7:2 -
اتَّبِعُوا مَا أُنْزِلَ إِلَيْكُمْ مِنْ رَبِّكُمْ وَلَا تَتَّبِعُوا مِنْ دُونِهِ أَوْلِيَاءَ ۗ قَلِيلًا مَا تَذَكَّرُونَ
Раббыларыңнан сендерге түсірілгенге бой ұсыныңдар да Одан өзгені дос тұтып ілеспеңдер. Нендей аз ғана үгіт тыңдайсыңдар!
7:3 -
وَكَمْ مِنْ قَرْيَةٍ أَهْلَكْنَاهَا فَجَاءَهَا بَأْسُنَا بَيَاتًا أَوْ هُمْ قَائِلُونَ
қаншалаған кентті жоқ еттік. Сонда оларға азабымыз түнделетіп немесе түскі дем алыста келді.
7:4 -
فَمَا كَانَ دَعْوَاهُمْ إِذْ جَاءَهُمْ بَأْسُنَا إِلَّا أَنْ قَالُوا إِنَّا كُنَّا ظَالِمِينَ
Оларға азабымыз келген сәтте: «Біз рас залымдар болдық» деп қана айғайлау болды.
7:5 -
فَلَنَسْأَلَنَّ الَّذِينَ أُرْسِلَ إِلَيْهِمْ وَلَنَسْأَلَنَّ الْمُرْسَلِينَ
Өздеріне елші жіберілгендерді сұраққа тартамыз әрі елшілерді де сұраққа тартамыз.
7:6 -
فَلَنَقُصَّنَّ عَلَيْهِمْ بِعِلْمٍ ۖ وَمَا كُنَّا غَائِبِينَ
Әрине оларға біліп баян етеміз. Негізінде оларға жасырын емеспіз.
7:7 -
وَالْوَزْنُ يَوْمَئِذٍ الْحَقُّ ۚ فَمَنْ ثَقُلَتْ مَوَازِينُهُ فَأُولَٰئِكَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ
Ол күнгі таразылау шындық. Сонда кімнің таразысы (жақсылықта) ауыр тартса, міне солар құтылушылар.
7:8 -
وَمَنْ خَفَّتْ مَوَازِينُهُ فَأُولَٰئِكَ الَّذِينَ خَسِرُوا أَنْفُسَهُمْ بِمَا كَانُوا بِآيَاتِنَا يَظْلِمُونَ
Және кімнің таразысы жеңіл тартса, аяттарымызға орынсыздық еткендіктері себепті зиян қылды.
7:9 -
وَلَقَدْ مَكَّنَّاكُمْ فِي الْأَرْضِ وَجَعَلْنَا لَكُمْ فِيهَا مَعَايِشَ ۗ قَلِيلًا مَا تَشْكُرُونَ
Расында сендерді жер жүзіне орналастырып өздеріңе онда күн көрістер жасадық. Нендей аз шүкір етесіңдер.
7:10 -
وَلَقَدْ خَلَقْنَاكُمْ ثُمَّ صَوَّرْنَاكُمْ ثُمَّ قُلْنَا لِلْمَلَائِكَةِ اسْجُدُوا لِآدَمَ فَسَجَدُوا إِلَّا إِبْلِيسَ لَمْ يَكُنْ مِنَ السَّاجِدِينَ
Расында сендерді жаратып сонан кейін бейнеледік. Сонан соң періштелерге: «Адамға сәжде қылындар!» дедік. Барлығы сәжде етті. Бірақ Ібіліс сәжде етпеді де сәжде етушілерден де болмады.
7:11
Аударма: Халифа Алтай