Мусыхаф, бет 167

  1. وَجَاوَزْنَا بِبَنِي إِسْرَائِيلَ الْبَحْرَ فَأَتَوْا عَلَىٰ قَوْمٍ يَعْكُفُونَ عَلَىٰ أَصْنَامٍ لَهُمْ ۚ قَالُوا يَا مُوسَى اجْعَلْ لَنَا إِلَٰهًا كَمَا لَهُمْ آلِهَةٌ ۚ قَالَ إِنَّكُمْ قَوْمٌ تَجْهَلُونَ

    Тағы Израил ұрпақтарын теңізден өткіздік. Сонда олар бұттарына шоқынған бір елге келді: «Әй Мұса! Бұлардың тәңірлері құсаған бізге тәңір жаса» деді. (Мұса Ғ.С.): «Шынында сендер білмейтін елсіңдер» деді. (Бұл Ғамалқа елі еді.)

    7:138
  2. إِنَّ هَٰؤُلَاءِ مُتَبَّرٌ مَا هُمْ فِيهِ وَبَاطِلٌ مَا كَانُوا يَعْمَلُونَ

    «Сөзсіз олардың діндері жойылады да олардың істеген істері босқа кетеді.»

    7:139
  3. قَالَ أَغَيْرَ اللَّهِ أَبْغِيكُمْ إِلَٰهًا وَهُوَ فَضَّلَكُمْ عَلَى الْعَالَمِينَ

    «Сендерге бүкіл әлемнен сендерді артық қылған Алладан басқа тәңір іздеймін бе?»,- деді.

    7:140
  4. وَإِذْ أَنْجَيْنَاكُمْ مِنْ آلِ فِرْعَوْنَ يَسُومُونَكُمْ سُوءَ الْعَذَابِ ۖ يُقَتِّلُونَ أَبْنَاءَكُمْ وَيَسْتَحْيُونَ نِسَاءَكُمْ ۚ وَفِي ذَٰلِكُمْ بَلَاءٌ مِنْ رَبِّكُمْ عَظِيمٌ

    (Израил ұрпақтары,) ойлаңдар! Сендерді қатты азаппен қинаған, ұлдарыңды бауыздап, әйелдеріңді тірі қойған Перғауын семьясынан құтқарған едік. Осыларда сндер үшін Раббыларың тарапынан зор сынау бар.

    7:141
  5. وَوَاعَدْنَا مُوسَىٰ ثَلَاثِينَ لَيْلَةً وَأَتْمَمْنَاهَا بِعَشْرٍ فَتَمَّ مِيقَاتُ رَبِّهِ أَرْبَعِينَ لَيْلَةً ۚ وَقَالَ مُوسَىٰ لِأَخِيهِ هَارُونَ اخْلُفْنِي فِي قَوْمِي وَأَصْلِحْ وَلَا تَتَّبِعْ سَبِيلَ الْمُفْسِدِينَ

    Мұса (Ғ.С.) ға отыз түн уәде еттік те оған онды қосып, сөйтіп Раббының белгілі уақыты қырық кешке толды. Мұса (Ғ.С.) туысы һарұнға: «Елімнің ішінде орныбасарым бол. Түзелт те бұзақылардың жолына ерме» деді.

    7:142
  6. وَلَمَّا جَاءَ مُوسَىٰ لِمِيقَاتِنَا وَكَلَّمَهُ رَبُّهُ قَالَ رَبِّ أَرِنِي أَنْظُرْ إِلَيْكَ ۚ قَالَ لَنْ تَرَانِي وَلَٰكِنِ انْظُرْ إِلَى الْجَبَلِ فَإِنِ اسْتَقَرَّ مَكَانَهُ فَسَوْفَ تَرَانِي ۚ فَلَمَّا تَجَلَّىٰ رَبُّهُ لِلْجَبَلِ جَعَلَهُ دَكًّا وَخَرَّ مُوسَىٰ صَعِقًا ۚ فَلَمَّا أَفَاقَ قَالَ سُبْحَانَكَ تُبْتُ إِلَيْكَ وَأَنَا أَوَّلُ الْمُؤْمِنِينَ

    (Рауаят бойынша, Мұса еліне: «Перғауыннан құтылсақ, Алла тарапынан Бір Кітап келтіремін» дейді. Сондықтан құтылғаннан кейін Алалның әмірі бойынша Тұр тауында қырық күн ораза ұстағаннан кейін Алламен сөйлесіп тәурат түседі. Мұса (Ғ.С.), белгілі уәдемізде келіп, Раббы оған сөйлегенде , (Мұса Ғ.С.): «Раббым маған өзіңді көрсет, Сені көрейін» деді. (Алла): «Мені, әсте көре алмайсың; бірақ тауға қара, сонда егер ол орнында тұра алса, сен де Мені көресің» деді. Сонда Раббы тауға елестеген сәтте, оны быт- шыт қылды. Мұса (Ғ.С) да талып түсті. Есі кіре сала: «Сен пксің, Саған тәубе еттім, әрі мен сенушілердің алғашқысымын» деді.

    7:143

Аударма: Халифа Алтай