Мусыхаф, бет 169

  1. وَلَمَّا رَجَعَ مُوسَىٰ إِلَىٰ قَوْمِهِ غَضْبَانَ أَسِفًا قَالَ بِئْسَمَا خَلَفْتُمُونِي مِنْ بَعْدِي ۖ أَعَجِلْتُمْ أَمْرَ رَبِّكُمْ ۖ وَأَلْقَى الْأَلْوَاحَ وَأَخَذَ بِرَأْسِ أَخِيهِ يَجُرُّهُ إِلَيْهِ ۚ قَالَ ابْنَ أُمَّ إِنَّ الْقَوْمَ اسْتَضْعَفُونِي وَكَادُوا يَقْتُلُونَنِي فَلَا تُشْمِتْ بِيَ الْأَعْدَاءَ وَلَا تَجْعَلْنِي مَعَ الْقَوْمِ الظَّالِمِينَ

    Мұса (Ғ.С.) еліне ыза болып, кейіген түрде қайтқан кезде: «Менен кейін маған нендей жаман іс істедіңдер! Раббыларынның әміріне асықтыңдар ма?»,- деп (Тәурат) тақтайларын тастай салып, туысы (Һарұн) ның басынан ұстап өзіне қарай тарта бастады? (Һарұн): «Әй анамның ұлы! Расында бұл ел мені, басынып тіпті өзімді өлтіруге жақындады. Енді мені дұшпандарға күлкі қылма да мені залым елмен бірге санама!»,- деді.

    7:150
  2. قَالَ رَبِّ اغْفِرْ لِي وَلِأَخِي وَأَدْخِلْنَا فِي رَحْمَتِكَ ۖ وَأَنْتَ أَرْحَمُ الرَّاحِمِينَ

    Мұса (Ғ.С.): «Раббым! Мені және туысымды жарылқа, бізді мәрхаметіңе бөле! Сен мейірімділердің ең жақсысысың» деді.

    7:151
  3. إِنَّ الَّذِينَ اتَّخَذُوا الْعِجْلَ سَيَنَالُهُمْ غَضَبٌ مِنْ رَبِّهِمْ وَذِلَّةٌ فِي الْحَيَاةِ الدُّنْيَا ۚ وَكَذَٰلِكَ نَجْزِي الْمُفْتَرِينَ

    Күдіксіз сондай бұзауды тәңір тұтқандарға Раббылары тарапынан қаһар тиіп, дүние тіршілігінде қорлыққа ұшырайды. Қараушыларды осылайша жазалаймыз.

    7:152
  4. وَالَّذِينَ عَمِلُوا السَّيِّئَاتِ ثُمَّ تَابُوا مِنْ بَعْدِهَا وَآمَنُوا إِنَّ رَبَّكَ مِنْ بَعْدِهَا لَغَفُورٌ رَحِيمٌ

    Сондай жаман іс істегендер, содан кейін тәубе қылып, иман келтірсе, күдіксіз Раббың сонан соң да аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.

    7:153
  5. وَلَمَّا سَكَتَ عَنْ مُوسَى الْغَضَبُ أَخَذَ الْأَلْوَاحَ ۖ وَفِي نُسْخَتِهَا هُدًى وَرَحْمَةٌ لِلَّذِينَ هُمْ لِرَبِّهِمْ يَرْهَبُونَ

    Мұсаның ашуы басылғанда, тақтайларды алды. Нұсқасындағы жазуда; Раббыларынан қорыққандарға тура жол және мәрхамет бар еді.

    7:154
  6. وَاخْتَارَ مُوسَىٰ قَوْمَهُ سَبْعِينَ رَجُلًا لِمِيقَاتِنَا ۖ فَلَمَّا أَخَذَتْهُمُ الرَّجْفَةُ قَالَ رَبِّ لَوْ شِئْتَ أَهْلَكْتَهُمْ مِنْ قَبْلُ وَإِيَّايَ ۖ أَتُهْلِكُنَا بِمَا فَعَلَ السُّفَهَاءُ مِنَّا ۖ إِنْ هِيَ إِلَّا فِتْنَتُكَ تُضِلُّ بِهَا مَنْ تَشَاءُ وَتَهْدِي مَنْ تَشَاءُ ۖ أَنْتَ وَلِيُّنَا فَاغْفِرْ لَنَا وَارْحَمْنَا ۖ وَأَنْتَ خَيْرُ الْغَافِرِينَ

    Мұса (Ғ.С.) белгілі мерзіміміз үшін елінен жетпіс кісі сайлады. Сонда оларды жер сілкіну қолға алғанда (Мұса Ғ.С.): «Раббым! Егер қаласаң оларды да мені де бұдан бұрын жоқ етер едің. Ішіміздегі ақымақтардың қылықтарының салдарынан, бізді жоқ етесің бе? Бұл Сенің бір сынауың ғана. Сонымен қалағаныңды адастырып, қалағаныңды тура жолға саласың. Сен біздің иемізсің. Енді бізді жарылқа, бізге мәрхамет ет. Сен жарылқаушылардың ең жақсысың.» деді.

    7:155

Аударма: Халифа Алтай