Мусыхаф, бет 185

  1. وَإِنْ يُرِيدُوا أَنْ يَخْدَعُوكَ فَإِنَّ حَسْبَكَ اللَّهُ ۚ هُوَ الَّذِي أَيَّدَكَ بِنَصْرِهِ وَبِالْمُؤْمِنِينَ

    Ал егер олар сені алдауды ойласа, шынында Алла саған жетіп асады. Өйткені, Ол сондай Алла, сені өзжәрдемімен және мүміндер арқылы қолдады.

    8:62
  2. وَأَلَّفَ بَيْنَ قُلُوبِهِمْ ۚ لَوْ أَنْفَقْتَ مَا فِي الْأَرْضِ جَمِيعًا مَا أَلَّفْتَ بَيْنَ قُلُوبِهِمْ وَلَٰكِنَّ اللَّهَ أَلَّفَ بَيْنَهُمْ ۚ إِنَّهُ عَزِيزٌ حَكِيمٌ

    Және Ол мүміндердің жүректерін қосты. Егер сен, жер жүзіндегі нәрселерді тұтас сарып қылсаң да олардың жүректерін қоса алмас едің. Бірақ Алла, олардың араларын біріктірді. Расында Ол, өте үстем, аса дана.

    8:63
  3. يَا أَيُّهَا النَّبِيُّ حَسْبُكَ اللَّهُ وَمَنِ اتَّبَعَكَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ

    Әй Пайғамбар! Алла (Т.) саған және мүміндерден саған ергендерге жетіп асады.

    8:64
  4. يَا أَيُّهَا النَّبِيُّ حَرِّضِ الْمُؤْمِنِينَ عَلَى الْقِتَالِ ۚ إِنْ يَكُنْ مِنْكُمْ عِشْرُونَ صَابِرُونَ يَغْلِبُوا مِائَتَيْنِ ۚ وَإِنْ يَكُنْ مِنْكُمْ مِائَةٌ يَغْلِبُوا أَلْفًا مِنَ الَّذِينَ كَفَرُوا بِأَنَّهُمْ قَوْمٌ لَا يَفْقَهُونَ

    Әй Пайғамбар! Мүміндерді соғысқа қызықтыр. Егер сендерден сабырлы жиырма кісі болса, екі жүзді жеңеді. Ал егер сендерден жүз кісі болса, кәпірлерден мыңды жеңеді. Өйткені, олар түсінбейтін халық.

    8:65
  5. الْآنَ خَفَّفَ اللَّهُ عَنْكُمْ وَعَلِمَ أَنَّ فِيكُمْ ضَعْفًا ۚ فَإِنْ يَكُنْ مِنْكُمْ مِائَةٌ صَابِرَةٌ يَغْلِبُوا مِائَتَيْنِ ۚ وَإِنْ يَكُنْ مِنْكُمْ أَلْفٌ يَغْلِبُوا أَلْفَيْنِ بِإِذْنِ اللَّهِ ۗ وَاللَّهُ مَعَ الصَّابِرِينَ

    Әзір Алла, сендерден (жүкті) жеңілдетті. Расында сендерде осалдық барлығын білетін еді. Сондықтан егер сендерден сабырлы жүз кісі болса, екі жүзді жеңеді. Ал егер сендерден мың болса, Алланың рұхсатымен екі мыңды жеңеді. Өйткені Алла, сабырлылармен бірге.

    8:66
  6. مَا كَانَ لِنَبِيٍّ أَنْ يَكُونَ لَهُ أَسْرَىٰ حَتَّىٰ يُثْخِنَ فِي الْأَرْضِ ۚ تُرِيدُونَ عَرَضَ الدُّنْيَا وَاللَّهُ يُرِيدُ الْآخِرَةَ ۗ وَاللَّهُ عَزِيزٌ حَكِيمٌ

    (Пайғамбар Ғ.С. Бәдір соғысындағы жетпіс тұтқын жайында сахабалармен кеңескенде, Ғұмар Р.А. олардың өлтірілуін, Әбубекір Р.А. бодау алынып қоя берілуін ұсынады. Пайғамбар Ғ.С. соңғысын дұрыс көрді.) Ешбір пайғамбарға жер жүзінде жауға өктем болғанға дейін тұтқын ұстау тиісті емес. Сендер дүниенің пайдасын ойлайсыңдар. Алла (сендерге) ахиретті қалайды. Алла, өте үстем, хикмет иесі.

    8:67
  7. لَوْلَا كِتَابٌ مِنَ اللَّهِ سَبَقَ لَمَسَّكُمْ فِيمَا أَخَذْتُمْ عَذَابٌ عَظِيمٌ

    Егер алладан бір жазу (үкім) болмаған болса еді, (бодауға) алғандарыңның салдарынан зор азап ұстар еді.

    8:68
  8. فَكُلُوا مِمَّا غَنِمْتُمْ حَلَالًا طَيِّبًا ۚ وَاتَّقُوا اللَّهَ ۚ إِنَّ اللَّهَ غَفُورٌ رَحِيمٌ

    Онда олжа түрінде алған халал, таза нәрселерді жеңдер әрі Алладан қорқыңдар. Расында Алла, өте жарылқаушы, ерекше мейірімді.

    8:69

Аударма: Халифа Алтай