Мусыхаф, бет 208

  1. الر ۚ تِلْكَ آيَاتُ الْكِتَابِ الْحَكِيمِ

    Ұғымын Алла біледі. Міне бұлар, терең сырлы Құранның аяттары.

    10:1
  2. أَكَانَ لِلنَّاسِ عَجَبًا أَنْ أَوْحَيْنَا إِلَىٰ رَجُلٍ مِنْهُمْ أَنْ أَنْذِرِ النَّاسَ وَبَشِّرِ الَّذِينَ آمَنُوا أَنَّ لَهُمْ قَدَمَ صِدْقٍ عِنْدَ رَبِّهِمْ ۗ قَالَ الْكَافِرُونَ إِنَّ هَٰذَا لَسَاحِرٌ مُبِينٌ

    Іштерінен бір кісіге: «Адамдарды қорқыт! Иман келтіргендерді раббыларының қасында олар үшін жоғары орын барлығын шүйіншіле!»,- деп, уахи қылғанымызға бұл адамдар таңырқай ма? Кәпірлер: «Шынында бұл ашық жады» деді.

    10:2
  3. إِنَّ رَبَّكُمُ اللَّهُ الَّذِي خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ فِي سِتَّةِ أَيَّامٍ ثُمَّ اسْتَوَىٰ عَلَى الْعَرْشِ ۖ يُدَبِّرُ الْأَمْرَ ۖ مَا مِنْ شَفِيعٍ إِلَّا مِنْ بَعْدِ إِذْنِهِ ۚ ذَٰلِكُمُ اللَّهُ رَبُّكُمْ فَاعْبُدُوهُ ۚ أَفَلَا تَذَكَّرُونَ

    Раббыларың сондай Алла көктер мен жерді алты түнде жаратты. Сонсоң ғаршыны меңгеріп, істі басқарды. Оның рұхсатынсыз ешбір шапағатшы жоқ. Міне Осы Алла, Раббыларың. Ендеше Оған құлшылық қылыңдар! Сонда да түсінбейсіңдер ме?

    10:3
  4. إِلَيْهِ مَرْجِعُكُمْ جَمِيعًا ۖ وَعْدَ اللَّهِ حَقًّا ۚ إِنَّهُ يَبْدَأُ الْخَلْقَ ثُمَّ يُعِيدُهُ لِيَجْزِيَ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ بِالْقِسْطِ ۚ وَالَّذِينَ كَفَرُوا لَهُمْ شَرَابٌ مِنْ حَمِيمٍ وَعَذَابٌ أَلِيمٌ بِمَا كَانُوا يَكْفُرُونَ

    Біртұтас барар жерлерің со тарап. Сондай-ақ алланың уәдесі хақ. Күдіксіз Ол, бастап жаратады. (Жоқтан бар етеді.) сонсоң иман келтіріп, ізгі іс істегендерге әділдікпен сыйлық беру үшін оны қайта тірілтеді. Сондай-ақ кәпірлер үшін қарсы болғандықтары себепті қайнап тұрған судан сусын әрі күйзелтуші азап бар.

    10:4
  5. هُوَ الَّذِي جَعَلَ الشَّمْسَ ضِيَاءً وَالْقَمَرَ نُورًا وَقَدَّرَهُ مَنَازِلَ لِتَعْلَمُوا عَدَدَ السِّنِينَ وَالْحِسَابَ ۚ مَا خَلَقَ اللَّهُ ذَٰلِكَ إِلَّا بِالْحَقِّ ۚ يُفَصِّلُ الْآيَاتِ لِقَوْمٍ يَعْلَمُونَ

    Ол сондай Алла, күнді жарық, айды нұр етіп жаратты да оған (айға) жылдардың сандарын, есептерін білулерің үшін орындар белгіледі. Алла, бұларды шындықпен ғана жаратты. Алла, білетін ел үшін; аяттарын ашық-ашық баян етеді.

    10:5
  6. إِنَّ فِي اخْتِلَافِ اللَّيْلِ وَالنَّهَارِ وَمَا خَلَقَ اللَّهُ فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ لَآيَاتٍ لِقَوْمٍ يَتَّقُونَ

    Расында түн мен күннің ауысып келуінде және Алланың көктер мен жердегі жаратқан нәрселерінде әрине сақтанатын ел үшін дәлелдер бар.

    10:6

Аударма: Халифа Алтай