Мусыхаф, бет 218

  1. وَقَالَ فِرْعَوْنُ ائْتُونِي بِكُلِّ سَاحِرٍ عَلِيمٍ

    Перғауын: «Бүкіл білген сиқыршыларды маған келтіріңдер» деді.

    10:79
  2. فَلَمَّا جَاءَ السَّحَرَةُ قَالَ لَهُمْ مُوسَىٰ أَلْقُوا مَا أَنْتُمْ مُلْقُونَ

    Ал сиқыршылар келген кезде, Мұса (Ғ.С.): «Не қоймақшы болсаңдар, қойындар» деді.

    10:80
  3. فَلَمَّا أَلْقَوْا قَالَ مُوسَىٰ مَا جِئْتُمْ بِهِ السِّحْرُ ۖ إِنَّ اللَّهَ سَيُبْطِلُهُ ۖ إِنَّ اللَّهَ لَا يُصْلِحُ عَمَلَ الْمُفْسِدِينَ

    Олар қойғанда, Мұса (Ғ.С.): «Бұл келтіргендерің сиқыр, күдіксіз Алла оны бұзады. Расында Алла бұзақылардың ісін жөндемейді » деді.

    10:81
  4. وَيُحِقُّ اللَّهُ الْحَقَّ بِكَلِمَاتِهِ وَلَوْ كَرِهَ الْمُجْرِمُونَ

    «Егер күнәкарлар жақтырмаса да, Алла хақиқатты сөздерімен шынға шығарады.»

    10:82
  5. فَمَا آمَنَ لِمُوسَىٰ إِلَّا ذُرِّيَّةٌ مِنْ قَوْمِهِ عَلَىٰ خَوْفٍ مِنْ فِرْعَوْنَ وَمَلَئِهِمْ أَنْ يَفْتِنَهُمْ ۚ وَإِنَّ فِرْعَوْنَ لَعَالٍ فِي الْأَرْضِ وَإِنَّهُ لَمِنَ الْمُسْرِفِينَ

    Мұса (Ғ.С.) ға, Перғауын мен шонжарларының өздеріне тигізетін кесірінен қорқып, елінен бір топ ғана иман келтірді. Расында Перғауын ол жерде өктем еді. Сондай-ақ ол шектен шығушылардан еді.

    10:83
  6. وَقَالَ مُوسَىٰ يَا قَوْمِ إِنْ كُنْتُمْ آمَنْتُمْ بِاللَّهِ فَعَلَيْهِ تَوَكَّلُوا إِنْ كُنْتُمْ مُسْلِمِينَ

    Мұса (Ғ.С.) еліне: «Әй елім! Егер Аллаға иман келтірген болсаңдар, сондай-ақ Мұсылман болсаңдар онда Аллаға тәуекел қылыңдар» деді.

    10:84
  7. فَقَالُوا عَلَى اللَّهِ تَوَكَّلْنَا رَبَّنَا لَا تَجْعَلْنَا فِتْنَةً لِلْقَوْمِ الظَّالِمِينَ

    Олар: «Біз Аллаға тәуекел қылдық. Раббымыз, бізді залым елмен сынама» деді.

    10:85
  8. وَنَجِّنَا بِرَحْمَتِكَ مِنَ الْقَوْمِ الْكَافِرِينَ

    «Сондай-ақ бізді мәрхаметіңмен кәпір қауымнан құтқара көр!….»

    10:86
  9. وَأَوْحَيْنَا إِلَىٰ مُوسَىٰ وَأَخِيهِ أَنْ تَبَوَّآ لِقَوْمِكُمَا بِمِصْرَ بُيُوتًا وَاجْعَلُوا بُيُوتَكُمْ قِبْلَةً وَأَقِيمُوا الصَّلَاةَ ۗ وَبَشِّرِ الْمُؤْمِنِينَ

    Мұса мен оның туысына: «Екеуің Мысырда елдеріңе үйлер салыңдар да үйлеріңді намаз орны қылып, намаз оқыңдар. Онымен қатар мүміндерді шүйіншіле» деп уақи еттік.

    10:87
  10. وَقَالَ مُوسَىٰ رَبَّنَا إِنَّكَ آتَيْتَ فِرْعَوْنَ وَمَلَأَهُ زِينَةً وَأَمْوَالًا فِي الْحَيَاةِ الدُّنْيَا رَبَّنَا لِيُضِلُّوا عَنْ سَبِيلِكَ ۖ رَبَّنَا اطْمِسْ عَلَىٰ أَمْوَالِهِمْ وَاشْدُدْ عَلَىٰ قُلُوبِهِمْ فَلَا يُؤْمِنُوا حَتَّىٰ يَرَوُا الْعَذَابَ الْأَلِيمَ

    Мұса (Ғ.С.): «Раббымыз! Расында Сен Перғауын және оның шонжарларына дүние тіршілігінде зейнет және малдар бердің жолыңнан адастырулары үшін бе? Малдарын жоқ ет, жүректерін қатайт! Жан түршігерлік азапты көргенге дейін олар иман келтірмейді» деді.

    10:88

Аударма: Халифа Алтай