Мусыхаф, бет 245
-
قَالَ مَعَاذَ اللَّهِ أَنْ نَأْخُذَ إِلَّا مَنْ وَجَدْنَا مَتَاعَنَا عِنْدَهُ إِنَّا إِذًا لَظَالِمُونَ
(Юсып Ғ.С.): “Нәрсемізді жанынан тапқан адамнан басқаны алып қалудан алудан Аллаға сиынамыз. Біз ол уақытта анық залымдардан боламыз” деді.
12:79 -
فَلَمَّا اسْتَيْأَسُوا مِنْهُ خَلَصُوا نَجِيًّا ۖ قَالَ كَبِيرُهُمْ أَلَمْ تَعْلَمُوا أَنَّ أَبَاكُمْ قَدْ أَخَذَ عَلَيْكُمْ مَوْثِقًا مِنَ اللَّهِ وَمِنْ قَبْلُ مَا فَرَّطْتُمْ فِي يُوسُفَ ۖ فَلَنْ أَبْرَحَ الْأَرْضَ حَتَّىٰ يَأْذَنَ لِي أَبِي أَوْ يَحْكُمَ اللَّهُ لِي ۖ وَهُوَ خَيْرُ الْحَاكِمِينَ
Олар, Юсыптан күдер үзген сәтте, оңашаланып кеңесті. Олардың үлкені: “Білмейсіңдер ме? Расында әкелерің сендерге байланысты Алланың атымен серт алған. Сондай-ақ бұрын Юсып жайында орасан айыптысыңдар. Сондықтан маған әкем рұхсат бергенге немесе мен үшін Алла бір үкім қылғанға (өлгенге) дейін осы жерден әсте айрылмаймын. Ол Алла үкім етушілердің ең жақсысы” деді.
12:80 -
ارْجِعُوا إِلَىٰ أَبِيكُمْ فَقُولُوا يَا أَبَانَا إِنَّ ابْنَكَ سَرَقَ وَمَا شَهِدْنَا إِلَّا بِمَا عَلِمْنَا وَمَا كُنَّا لِلْغَيْبِ حَافِظِينَ
“Сендер әкелеріңе қайтыңдар да: Әй әкеміз! Шын мәнінде ұлың ұрлық қылды. Біз білгенімізге ғана айғақпыз. Сондай-ақ біз көместі білмейміз деңдер.”
12:81 -
وَاسْأَلِ الْقَرْيَةَ الَّتِي كُنَّا فِيهَا وَالْعِيرَ الَّتِي أَقْبَلْنَا فِيهَا ۖ وَإِنَّا لَصَادِقُونَ
“Ал біз ішінде болған қаладан және бізге кездескен керуеннен сұра. Сөз жоқ, біз шын айтамыз”
12:82 -
قَالَ بَلْ سَوَّلَتْ لَكُمْ أَنْفُسُكُمْ أَمْرًا ۖ فَصَبْرٌ جَمِيلٌ ۖ عَسَى اللَّهُ أَنْ يَأْتِيَنِي بِهِمْ جَمِيعًا ۚ إِنَّهُ هُوَ الْعَلِيمُ الْحَكِيمُ
(Яғқұп Ғ.С.): “Олай емес. Сендерді нәпсілерің бір іске қызықтырған екен. Енді маған көркем сабыр керек. Бәлкім Алла олардың бәрін маған келтірер. Өйткені, Ол толық білуші, хикмет иесі” деді.
12:83 -
وَتَوَلَّىٰ عَنْهُمْ وَقَالَ يَا أَسَفَىٰ عَلَىٰ يُوسُفَ وَابْيَضَّتْ عَيْنَاهُ مِنَ الْحُزْنِ فَهُوَ كَظِيمٌ
(Яғқұп Ғ.С.) олардан теріс айналып: “Ой қайран Юсып!”, - деп күйіктен көздері ағарып, сонда ол қасіреттеніп іштей Тынды.
12:84 -
قَالُوا تَاللَّهِ تَفْتَأُ تَذْكُرُ يُوسُفَ حَتَّىٰ تَكُونَ حَرَضًا أَوْ تَكُونَ مِنَ الْهَالِكِينَ
Олар, әкелеріне: “Аллаға ант етеміз. Күйіктен ерігенге немесе типыл болғанға дейін Юсыпты жоқтай бересің” деді.
12:85 -
قَالَ إِنَّمَا أَشْكُو بَثِّي وَحُزْنِي إِلَى اللَّهِ وَأَعْلَمُ مِنَ اللَّهِ مَا لَا تَعْلَمُونَ
(Яғқұп Ғ.С.): “Мен күйзелісімді де күйінішімді де Аллаға ғана шағамын. Әрі Алладан сендер білмеген нәрсені білемін” деді
12:86
Аударма: Халифа Алтай