Мусыхаф, бет 249
-
المر ۚ تِلْكَ آيَاتُ الْكِتَابِ ۗ وَالَّذِي أُنْزِلَ إِلَيْكَ مِنْ رَبِّكَ الْحَقُّ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَ النَّاسِ لَا يُؤْمِنُونَ
Ұғымын Алла біледі. Бұл Құранның аяттары. (Мұхаммед Ғ.С.) саған Раббың тарапынан түсірілген хақиқат. Бірақ адамдардың көбі сенбейді.
13:1 -
اللَّهُ الَّذِي رَفَعَ السَّمَاوَاتِ بِغَيْرِ عَمَدٍ تَرَوْنَهَا ۖ ثُمَّ اسْتَوَىٰ عَلَى الْعَرْشِ ۖ وَسَخَّرَ الشَّمْسَ وَالْقَمَرَ ۖ كُلٌّ يَجْرِي لِأَجَلٍ مُسَمًّى ۚ يُدَبِّرُ الْأَمْرَ يُفَصِّلُ الْآيَاتِ لَعَلَّكُمْ بِلِقَاءِ رَبِّكُمْ تُوقِنُونَ
Ол сондай Алла, көктерді тірексіз көтерді; көріп тұрсыңдар. Соң соң ғаршыны меңгеріп, күн мен айды іске қосты. Олардың әрбірі бір белгілі мерзім үшін жүреді. Бүкіл істерді Ол, жолға қойып, аяттарды ашық баян етеді. Әрине Раббыларыңа кездесетіндеріңе нанарсыңдар.
13:2 -
وَهُوَ الَّذِي مَدَّ الْأَرْضَ وَجَعَلَ فِيهَا رَوَاسِيَ وَأَنْهَارًا ۖ وَمِنْ كُلِّ الثَّمَرَاتِ جَعَلَ فِيهَا زَوْجَيْنِ اثْنَيْنِ ۖ يُغْشِي اللَّيْلَ النَّهَارَ ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ لِقَوْمٍ يَتَفَكَّرُونَ
Тағы Ол сондай Алла, жерді төсеп, онда асқар таулар, өзендер жаратты. Әрі онда әртүрлі жемістерден екіден жұп етті. Түнді күндізге жабады. Шынында бұнда ойланатын қауым үшін дәлелдер бар.
13:3 -
وَفِي الْأَرْضِ قِطَعٌ مُتَجَاوِرَاتٌ وَجَنَّاتٌ مِنْ أَعْنَابٍ وَزَرْعٌ وَنَخِيلٌ صِنْوَانٌ وَغَيْرُ صِنْوَانٍ يُسْقَىٰ بِمَاءٍ وَاحِدٍ وَنُفَضِّلُ بَعْضَهَا عَلَىٰ بَعْضٍ فِي الْأُكُلِ ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ لِقَوْمٍ يَعْقِلُونَ
Жер жүзінде көршілес құрылықтар, жүзім бақшалары, егіндер және ашалы, ашасыз құрманың ағаштары бар. Бәрі бір сумен суарылады да жемістерін бір-бірінен арылтамыз. Сөз жоқ, бұнда түсінген ел үшін дәлелдер бар.
13:4 -
وَإِنْ تَعْجَبْ فَعَجَبٌ قَوْلُهُمْ أَإِذَا كُنَّا تُرَابًا أَإِنَّا لَفِي خَلْقٍ جَدِيدٍ ۗ أُولَٰئِكَ الَّذِينَ كَفَرُوا بِرَبِّهِمْ ۖ وَأُولَٰئِكَ الْأَغْلَالُ فِي أَعْنَاقِهِمْ ۖ وَأُولَٰئِكَ أَصْحَابُ النَّارِ ۖ هُمْ فِيهَا خَالِدُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) егер таңғалсаң, олардың: “Біз бір топырақ болған кезде, жаңадан жаратыламыз ба?”, - деген сөздеріне таңырқау керек. Міне бұлар Раббыларына қарсы болғандар. Әрі бұлар мойындарында темір шынжырлар болатындар. Сондай-ақ бұлар тозақтықтар. Олар онда мәңгі қалады.
13:5
Аударма: Халифа Алтай