Мусыхаф, бет 275

  1. وَيَعْبُدُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ مَا لَا يَمْلِكُ لَهُمْ رِزْقًا مِنَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ شَيْئًا وَلَا يَسْتَطِيعُونَ

    Олар, Алладан өзге өздері үшін жер мен көктен бір ризыққа ие болмайтын, және дәңеңеге шамалары келмейтін нәрсеге (пұтқа) шоқынады.

    16:73
  2. فَلَا تَضْرِبُوا لِلَّهِ الْأَمْثَالَ ۚ إِنَّ اللَّهَ يَعْلَمُ وَأَنْتُمْ لَا تَعْلَمُونَ

    Аллаға мысал бемеңдер. (Алланы еш нәрсеге теңемеңдер.) Негізінде Алла әр нәрсені біледі, сендер білмейсіңдер.

    16:74
  3. ضَرَبَ اللَّهُ مَثَلًا عَبْدًا مَمْلُوكًا لَا يَقْدِرُ عَلَىٰ شَيْءٍ وَمَنْ رَزَقْنَاهُ مِنَّا رِزْقًا حَسَنًا فَهُوَ يُنْفِقُ مِنْهُ سِرًّا وَجَهْرًا ۖ هَلْ يَسْتَوُونَ ۚ الْحَمْدُ لِلَّهِ ۚ بَلْ أَكْثَرُهُمْ لَا يَعْلَمُونَ

    Алла бір мысал берді; біреудің иелігіндегі еш нәрсеге шамасы келмейтін құл мен өзіне бізден көркем ризық берген, сонда ол, одан көрнеу, көмес жұмсайтын біреулер тең бола ала ма? Барлық мақтау Аллаға тән. Бірақ олардың көбі білмейді.

    16:75
  4. وَضَرَبَ اللَّهُ مَثَلًا رَجُلَيْنِ أَحَدُهُمَا أَبْكَمُ لَا يَقْدِرُ عَلَىٰ شَيْءٍ وَهُوَ كَلٌّ عَلَىٰ مَوْلَاهُ أَيْنَمَا يُوَجِّهْهُ لَا يَأْتِ بِخَيْرٍ ۖ هَلْ يَسْتَوِي هُوَ وَمَنْ يَأْمُرُ بِالْعَدْلِ ۙ وَهُوَ عَلَىٰ صِرَاطٍ مُسْتَقِيمٍ

    Тағы Алла (Т.) екі кісіні мысал келтірді; екеуінің бірі сақау, шамасы түкке келмейді. Ол, қожайынына жүк. Оны қайда жұмсаса да хайыр келтірмейді. Міне осы, әділетті әмір етіп, тура жолмен жүрген кісімен тең бе?

    16:76
  5. وَلِلَّهِ غَيْبُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۚ وَمَا أَمْرُ السَّاعَةِ إِلَّا كَلَمْحِ الْبَصَرِ أَوْ هُوَ أَقْرَبُ ۚ إِنَّ اللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ

    Көктердегі және жердегі сыр Аллаға тән. Қиямет сағаты кірпік қаққандай, тіпті одан да жақынырақ. Сөзсіз, Алланың әр нәрсеге күші толық жетуші.

    16:77
  6. وَاللَّهُ أَخْرَجَكُمْ مِنْ بُطُونِ أُمَّهَاتِكُمْ لَا تَعْلَمُونَ شَيْئًا وَجَعَلَ لَكُمُ السَّمْعَ وَالْأَبْصَارَ وَالْأَفْئِدَةَ ۙ لَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ

    Алла (Т.) сендеді аналарыңның қарнынан еш нәрсе білмейтін түрде шығарды да сендерге есту, көру және ойлау қабылетін берді. Әрине шүкіршілік етерсіңдер.

    16:78
  7. أَلَمْ يَرَوْا إِلَى الطَّيْرِ مُسَخَّرَاتٍ فِي جَوِّ السَّمَاءِ مَا يُمْسِكُهُنَّ إِلَّا اللَّهُ ۗ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ لِقَوْمٍ يُؤْمِنُونَ

    Олоар аспан бостығындағы бағынышты құсты көрмей ме? Ооларды Алладан басқа ешкім ұстап тұра алмайды. Негізінен сонда иман келтірген қауым үшін әлбетте белгілер бар.

    16:79

Аударма: Халифа Алтай