Мусыхаф, бет 294

  1. مَا لَهُمْ بِهِ مِنْ عِلْمٍ وَلَا لِآبَائِهِمْ ۚ كَبُرَتْ كَلِمَةً تَخْرُجُ مِنْ أَفْوَاهِهِمْ ۚ إِنْ يَقُولُونَ إِلَّا كَذِبًا

    (Алланың баласы болуына байланысты) не өздерінің не аталарының мәліметі жоқ. Ауыздарынан шыққан сөз тым үлкен. Негізінде олар мүлде өтірік айтады.

    18:5
  2. فَلَعَلَّكَ بَاخِعٌ نَفْسَكَ عَلَىٰ آثَارِهِمْ إِنْ لَمْ يُؤْمِنُوا بِهَٰذَا الْحَدِيثِ أَسَفًا

    (Мұхаммед Ғ.С.) енді олар бұл Құранға сенбесе, арттарынан кейіп, өзіңді жоя жаздайсың.

    18:6
  3. إِنَّا جَعَلْنَا مَا عَلَى الْأَرْضِ زِينَةً لَهَا لِنَبْلُوَهُمْ أَيُّهُمْ أَحْسَنُ عَمَلًا

    Біз адам баласының қайсысы жақсы ғамал істейді деп сынау үшін жер үстіндегі нәрселерді жердің көркі қылдық.

    18:7
  4. وَإِنَّا لَجَاعِلُونَ مَا عَلَيْهَا صَعِيدًا جُرُزًا

    Күдіксіз, біз, жер жүзіндегі нәрселерді, әлбетте мүлде шөл топырақ ете аламыз.

    18:8
  5. أَمْ حَسِبْتَ أَنَّ أَصْحَابَ الْكَهْفِ وَالرَّقِيمِ كَانُوا مِنْ آيَاتِنَا عَجَبًا

    (Мұхаммед Ғ.С.) үңгірдегілерді және жазуды, таңырқарлық белгілерімізден деп ойладың ба? (Бір заманда Тарсұс қаласындағы Дақянұс патшаның злымдығынан қашқан адамдар; “Кәһф”; солардың бекінген үңгірі. “Рақим”; солардың аты-жөні жазылған тақтай. Т.б. рауаяттар бар…)

    18:9
  6. إِذْ أَوَى الْفِتْيَةُ إِلَى الْكَهْفِ فَقَالُوا رَبَّنَا آتِنَا مِنْ لَدُنْكَ رَحْمَةً وَهَيِّئْ لَنَا مِنْ أَمْرِنَا رَشَدًا

    Сонау заманда жігіттер үнгірге бекіндіде: “Раббымыз! Бізге өз қасыңнан игілік бер! Біз үшін бұл ісімізде тура жол әзірле” деді.

    18:10
  7. فَضَرَبْنَا عَلَىٰ آذَانِهِمْ فِي الْكَهْفِ سِنِينَ عَدَدًا

    Сонда олардың құлақтарына үңгірде неше жыл бойы перде қойдық. (Терең ұйқы бердік.)

    18:11
  8. ثُمَّ بَعَثْنَاهُمْ لِنَعْلَمَ أَيُّ الْحِزْبَيْنِ أَحْصَىٰ لِمَا لَبِثُوا أَمَدًا

    Сосын екі жақтың қайсысы олардың жатқан мезгілін есептегендігін анықтау үшін оларды ояттық.

    18:12
  9. نَحْنُ نَقُصُّ عَلَيْكَ نَبَأَهُمْ بِالْحَقِّ ۚ إِنَّهُمْ فِتْيَةٌ آمَنُوا بِرَبِّهِمْ وَزِدْنَاهُمْ هُدًى

    (Мұхаммед Ғ.С.) Біз саған олардың хабарын шынайы түрде баян етеміз. Олар Раббыларына шын сенген жігіттер еді де оларға туралықты арттыра түстік.

    18:13
  10. وَرَبَطْنَا عَلَىٰ قُلُوبِهِمْ إِذْ قَامُوا فَقَالُوا رَبُّنَا رَبُّ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ لَنْ نَدْعُوَ مِنْ دُونِهِ إِلَٰهًا ۖ لَقَدْ قُلْنَا إِذًا شَطَطًا

    Олардың жүректерін бекемдедік. Сол уақытта олар, тіке тұрып: “Раббымыз, көктер мен жердің Раббы. Одан өзге тәңірге әсте жалбарынбайымыз. Әрине сол уақытта рас көкіп сөйлеген боламыз” деді.

    18:14
  11. هَٰؤُلَاءِ قَوْمُنَا اتَّخَذُوا مِنْ دُونِهِ آلِهَةً ۖ لَوْلَا يَأْتُونَ عَلَيْهِمْ بِسُلْطَانٍ بَيِّنٍ ۖ فَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّنِ افْتَرَىٰ عَلَى اللَّهِ كَذِبًا

    “Мына еліміз, Алладан өзге тәңір тұтты. Бұлар, оған байланысты ашық дәлел келтірсе еді? Енді Аллаға өтірік жала қойғаннан залымырақ кім бар?”, - деді.

    18:15

Аударма: Халифа Алтай