Мусыхаф, бет 302

  1. قَالَ أَلَمْ أَقُلْ لَكَ إِنَّكَ لَنْ تَسْتَطِيعَ مَعِيَ صَبْرًا

    “Сен менімен бірге жүруге әсте шыдая алмайсың демедім бі?”, - деді.

    18:75
  2. قَالَ إِنْ سَأَلْتُكَ عَنْ شَيْءٍ بَعْدَهَا فَلَا تُصَاحِبْنِي ۖ قَدْ بَلَغْتَ مِنْ لَدُنِّي عُذْرًا

    “Егер бұдан кейін бір нәрсе сұрасам, тіпті мені жолдас қылма. Рас менен саған сылтау табылды” деді.

    18:76
  3. فَانْطَلَقَا حَتَّىٰ إِذَا أَتَيَا أَهْلَ قَرْيَةٍ اسْتَطْعَمَا أَهْلَهَا فَأَبَوْا أَنْ يُضَيِّفُوهُمَا فَوَجَدَا فِيهَا جِدَارًا يُرِيدُ أَنْ يَنْقَضَّ فَأَقَامَهُ ۖ قَالَ لَوْ شِئْتَ لَاتَّخَذْتَ عَلَيْهِ أَجْرًا

    Сонда екеуі тағы жүріп, бір Кент халқына барып, тұрғындарынан тамақ сұрады. Олар, екеуін қонақ қылудан бас тартты. Сонда екеуі, ол жердегі жығылғалы тұрған тамды көріп; оны жөндеді. (Мұса Ғ.С.): “Егер қаласаң, бұған жалақы алар едің” деді.

    18:77
  4. قَالَ هَٰذَا فِرَاقُ بَيْنِي وَبَيْنِكَ ۚ سَأُنَبِّئُكَ بِتَأْوِيلِ مَا لَمْ تَسْتَطِعْ عَلَيْهِ صَبْرًا

    “Мінне осы, мені мен сен екеуміздің арамыздың айрылуы. Ал енді саған сабыр ете алмаған нәрселеріңнің сырын айтайын” деді.

    18:78
  5. أَمَّا السَّفِينَةُ فَكَانَتْ لِمَسَاكِينَ يَعْمَلُونَ فِي الْبَحْرِ فَأَرَدْتُ أَنْ أَعِيبَهَا وَكَانَ وَرَاءَهُمْ مَلِكٌ يَأْخُذُ كُلَّ سَفِينَةٍ غَصْبًا

    “Кеме теңізде кәсіп істеген кембағалдардікі еді. Оны ақаулы еткім келді. Өйкені, ар жақтарында, әр (мықты) кемені тартып алатын патша бар еді”

    18:79
  6. وَأَمَّا الْغُلَامُ فَكَانَ أَبَوَاهُ مُؤْمِنَيْنِ فَخَشِينَا أَنْ يُرْهِقَهُمَا طُغْيَانًا وَكُفْرًا

    “Ал баланың мүмін әке-шешесі бар еді. Оның, әке-шешесін бас тарттыруға, қарсылыққа зорлауынан қорықтық”

    18:80
  7. فَأَرَدْنَا أَنْ يُبْدِلَهُمَا رَبُّهُمَا خَيْرًا مِنْهُ زَكَاةً وَأَقْرَبَ رُحْمًا

    “Раббылары, оның орнына өздеріне одан тағы таза, тағы мәрхаметті бір бала беруін қаладық”

    18:81
  8. وَأَمَّا الْجِدَارُ فَكَانَ لِغُلَامَيْنِ يَتِيمَيْنِ فِي الْمَدِينَةِ وَكَانَ تَحْتَهُ كَنْزٌ لَهُمَا وَكَانَ أَبُوهُمَا صَالِحًا فَأَرَادَ رَبُّكَ أَنْ يَبْلُغَا أَشُدَّهُمَا وَيَسْتَخْرِجَا كَنْزَهُمَا رَحْمَةً مِنْ رَبِّكَ ۚ وَمَا فَعَلْتُهُ عَنْ أَمْرِي ۚ ذَٰلِكَ تَأْوِيلُ مَا لَمْ تَسْطِعْ عَلَيْهِ صَبْرًا

    “Ал енді там; бұл қаладағы екі жетім баланікі болып, оның астында ол екеуіне тән қазына бар еді. Сондай-ақ әке-шешелері түзу кісі болғандықтан Раббың, ол екеуі ержетіп, қазыналарын шығарып алуын қалады. Бұл Раббыңнан бір мәрхамет еді. Сондай-ақ бұны мен өздігімнен істемедім. Міне осы, сенің сабыр ете алмаған істерің”

    18:82
  9. وَيَسْأَلُونَكَ عَنْ ذِي الْقَرْنَيْنِ ۖ قُلْ سَأَتْلُو عَلَيْكُمْ مِنْهُ ذِكْرًا

    (Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен Зұлқарнайынды сұрайды: “Сендерге оның жайын түсіндірейін” де. (Бұл Зұлқарнайын “екі мүйізді” деген ұғымда. Екі тұлымы немесе тажында екі мүйізі болғандықтан атанған. Аты, Ескендер, пайғамбар емес. Батыс, шығысты кезген; Рұм, фарсы делінген т.б. рауаяттар бар. Ж.Б.М.К.Р.)

    18:83

Аударма: Халифа Алтай