Мусыхаф, бет 319

  1. كَذَٰلِكَ نَقُصُّ عَلَيْكَ مِنْ أَنْبَاءِ مَا قَدْ سَبَقَ ۚ وَقَدْ آتَيْنَاكَ مِنْ لَدُنَّا ذِكْرًا

    (Мұхаммед Ғ.С.) өстіп, саған кейбір болып өткен уақиғаларды баян етеміз. Сондай-ақ саған өз қасымыздан Құранды бердік.

    20:99
  2. مَنْ أَعْرَضَ عَنْهُ فَإِنَّهُ يَحْمِلُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ وِزْرًا

    Кім Құраннан бет бұрса, сонда күдіксіз оған қиямет күнінде күнә жүктеледі.

    20:100
  3. خَالِدِينَ فِيهِ ۖ وَسَاءَ لَهُمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ حِمْلًا

    Олар ол бейнетте мүлде қалады. Олар үшін қиямет күні нендей жаман жүк.

    20:101
  4. يَوْمَ يُنْفَخُ فِي الصُّورِ ۚ وَنَحْشُرُ الْمُجْرِمِينَ يَوْمَئِذٍ زُرْقًا

    Сүр үрілген күні, күнәкарларды көздері көгерген түрде жинаймыз.

    20:102
  5. يَتَخَافَتُونَ بَيْنَهُمْ إِنْ لَبِثْتُمْ إِلَّا عَشْرًا

    Олар араларында: "Дүниеде он-ақ тәулік тұрдық" деп сыбырласады. (23-С. 113-А.)

    20:103
  6. نَحْنُ أَعْلَمُ بِمَا يَقُولُونَ إِذْ يَقُولُ أَمْثَلُهُمْ طَرِيقَةً إِنْ لَبِثْتُمْ إِلَّا يَوْمًا

    Олардың не айтқандарын жақсы білеміз. Олардық ең туралары: "Дүниеде бір-ақ күн тұрдыңдар" дейді.

    20:104
  7. وَيَسْأَلُونَكَ عَنِ الْجِبَالِ فَقُلْ يَنْسِفُهَا رَبِّي نَسْفًا

    (Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен таулардың жайынан сұрайды. Сонда оларға: "Раббым тозаң қылып, ұшырып жібереді" де.

    20:105
  8. فَيَذَرُهَا قَاعًا صَفْصَفًا

    Оны теп-тегіс жазық қылады.

    20:106
  9. لَا تَرَىٰ فِيهَا عِوَجًا وَلَا أَمْتًا

    Сен онда ешбір қия не томпақ көрмейсің.

    20:107
  10. يَوْمَئِذٍ يَتَّبِعُونَ الدَّاعِيَ لَا عِوَجَ لَهُ ۖ وَخَشَعَتِ الْأَصْوَاتُ لِلرَّحْمَٰنِ فَلَا تَسْمَعُ إِلَّا هَمْسًا

    Олар; қиямет күні, шақырушыға еш бұрылмай ілеседі. Сондай-ақ Рахманның алдында дауыстар бәсеңдейді. Тіпті сыбдырдан басқаны естімейсің.

    20:108
  11. يَوْمَئِذٍ لَا تَنْفَعُ الشَّفَاعَةُ إِلَّا مَنْ أَذِنَ لَهُ الرَّحْمَٰنُ وَرَضِيَ لَهُ قَوْلًا

    Сол күні Рахман рүқсат берген, сөзін жақтырғаннан басқаның шапағаты пайда бермейді.

    20:109
  12. يَعْلَمُ مَا بَيْنَ أَيْدِيهِمْ وَمَا خَلْفَهُمْ وَلَا يُحِيطُونَ بِهِ عِلْمًا

    Өйткені Алла, олардың алдарындағыны да арттарындағыны да біледі. Басқалар оны толық білмейді.

    20:110
  13. وَعَنَتِ الْوُجُوهُ لِلْحَيِّ الْقَيُّومِ ۖ وَقَدْ خَابَ مَنْ حَمَلَ ظُلْمًا

    Тірі, меңгеруші (Алла) ге бастар иіледі. Кім зұлымдық арқаласа, қор болады.

    20:111
  14. وَمَنْ يَعْمَلْ مِنَ الصَّالِحَاتِ وَهُوَ مُؤْمِنٌ فَلَا يَخَافُ ظُلْمًا وَلَا هَضْمًا

    Ал кім иман келтірген түрде түзу іс істесе, сонда ол жамандықтарының артуынан, жақсылықтарының кемуінен қорықпайды.

    20:112
  15. وَكَذَٰلِكَ أَنْزَلْنَاهُ قُرْآنًا عَرَبِيًّا وَصَرَّفْنَا فِيهِ مِنَ الْوَعِيدِ لَعَلَّهُمْ يَتَّقُونَ أَوْ يُحْدِثُ لَهُمْ ذِكْرًا

    Осылайша Құранды Арапша түсіріп, онда түрлі ескертулер баян еттік. Мүмкін олар сақтанар. Немесе оларға үгіт пайда қылар.

    20:113

Аударма: Халифа Алтай