Мусыхаф, бет 330

  1. وَالَّتِي أَحْصَنَتْ فَرْجَهَا فَنَفَخْنَا فِيهَا مِنْ رُوحِنَا وَجَعَلْنَاهَا وَابْنَهَا آيَةً لِلْعَالَمِينَ

    Сондай абыройын қорғаған (Мәрям) ға рүхымыздан үрледік. Сондай-ақ өзін де ұлын да бүкіл әлемге ғибрат қылдық.

    21:91
  2. إِنَّ هَٰذِهِ أُمَّتُكُمْ أُمَّةً وَاحِدَةً وَأَنَا رَبُّكُمْ فَاعْبُدُونِ

    Осы сендердің үмметтерің бір-ақ үммет. Мен Раббыларың. Сондықтан Маған ғана құлшылық қылыңдар. (Алланы бірлеуші бүкіл пайғамбарлар келтірген дін, Ислам діні. Сондықтан бір-ақ үмметсіңдер. Ж.Б.М.Р.К.)

    21:92
  3. وَتَقَطَّعُوا أَمْرَهُمْ بَيْنَهُمْ ۖ كُلٌّ إِلَيْنَا رَاجِعُونَ

    Олар араларында дін істерін бөлшектеді. Негізінде барлығы бізге қайтады.

    21:93
  4. فَمَنْ يَعْمَلْ مِنَ الصَّالِحَاتِ وَهُوَ مُؤْمِنٌ فَلَا كُفْرَانَ لِسَعْيِهِ وَإِنَّا لَهُ كَاتِبُونَ

    Сонда кім иман келтіріп, жақсылық істөсе, оның еңбегі босқа кетпейді. Күдіксіз оған жазамыз.

    21:94
  5. وَحَرَامٌ عَلَىٰ قَرْيَةٍ أَهْلَكْنَاهَا أَنَّهُمْ لَا يَرْجِعُونَ

    Біз жоқ еткен кент халқының бізге қайтпауы мүмкін емес.

    21:95
  6. حَتَّىٰ إِذَا فُتِحَتْ يَأْجُوجُ وَمَأْجُوجُ وَهُمْ مِنْ كُلِّ حَدَبٍ يَنْسِلُونَ

    Яжүж, Мажүж ағытылып, әрбір төбеден келгенге дейін. (Хадис кітаптарында заман ақырға таяғанда: Яжүж, Мажүж шығатындығы білдірілген. Тәпсір Мадарік.)

    21:96
  7. وَاقْتَرَبَ الْوَعْدُ الْحَقُّ فَإِذَا هِيَ شَاخِصَةٌ أَبْصَارُ الَّذِينَ كَفَرُوا يَا وَيْلَنَا قَدْ كُنَّا فِي غَفْلَةٍ مِنْ هَٰذَا بَلْ كُنَّا ظَالِمِينَ

    Ол шын уәде (қиямет) таяса, сол уақытта қарсы болғандардың көздері шарасынан шығып: "Әттеген-ай! Бізбұдан кәперсіз залын екенміз" дейді.

    21:97
  8. إِنَّكُمْ وَمَا تَعْبُدُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ حَصَبُ جَهَنَّمَ أَنْتُمْ لَهَا وَارِدُونَ

    Сендер және Алладан өзге табынған нәрселерің, тозақтың отынысыңдар. Сендер соған кіресіңдер.

    21:98
  9. لَوْ كَانَ هَٰؤُلَاءِ آلِهَةً مَا وَرَدُوهَا ۖ وَكُلٌّ فِيهَا خَالِدُونَ

    Егер олар тәңір болса, оған кірмес еді. Барлығы онда мүлде қалады.

    21:99
  10. لَهُمْ فِيهَا زَفِيرٌ وَهُمْ فِيهَا لَا يَسْمَعُونَ

    Олар, тозақта ыңыранып, олар ол жерде еш нәрсе естімейді.

    21:100
  11. إِنَّ الَّذِينَ سَبَقَتْ لَهُمْ مِنَّا الْحُسْنَىٰ أُولَٰئِكَ عَنْهَا مُبْعَدُونَ

    Күдіксіз өздеріне Бізден игілік жазылғандар, солар тозақтан аулақ болады.

    21:101

Аударма: Халифа Алтай