Мусыхаф, бет 343

  1. وَأَنْزَلْنَا مِنَ السَّمَاءِ مَاءً بِقَدَرٍ فَأَسْكَنَّاهُ فِي الْأَرْضِ ۖ وَإِنَّا عَلَىٰ ذَهَابٍ بِهِ لَقَادِرُونَ

    Көктен бір мөлшерде жаңбыр жаудырып, оны жер жүзіне тоқтаттық. Рас оны жоғалтуға да күшіміз жетеді.

    23:18
  2. فَأَنْشَأْنَا لَكُمْ بِهِ جَنَّاتٍ مِنْ نَخِيلٍ وَأَعْنَابٍ لَكُمْ فِيهَا فَوَاكِهُ كَثِيرَةٌ وَمِنْهَا تَأْكُلُونَ

    Міне сонымен сендерге құрма ағаштары, жүзімдер және оның ішінде сендер көректенетін көптеген жемістер бар бақшалар пайда қылдық.

    23:19
  3. وَشَجَرَةً تَخْرُجُ مِنْ طُورِ سَيْنَاءَ تَنْبُتُ بِالدُّهْنِ وَصِبْغٍ لِلْآكِلِينَ

    Сондай-ақ Тұрсинадан жеушілерге қатық түрінде майлы өсетін (зейтін) ді шығардық.

    23:20
  4. وَإِنَّ لَكُمْ فِي الْأَنْعَامِ لَعِبْرَةً ۖ نُسْقِيكُمْ مِمَّا فِي بُطُونِهَا وَلَكُمْ فِيهَا مَنَافِعُ كَثِيرَةٌ وَمِنْهَا تَأْكُلُونَ

    Рас сендер үшін малдарда әлбәтте өнеге бар. Сендерге олардың іштеріндегі (сүтін) ішкіземіз. (16-С. 66-А.) Сондай-ақ малда сендер үшін көптеген пайда бар. Және олардан жейсіңдер.

    23:21
  5. وَعَلَيْهَا وَعَلَى الْفُلْكِ تُحْمَلُونَ

    Мал және кеме менен тасымалданасыңдар.

    23:22
  6. وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا نُوحًا إِلَىٰ قَوْمِهِ فَقَالَ يَا قَوْمِ اعْبُدُوا اللَّهَ مَا لَكُمْ مِنْ إِلَٰهٍ غَيْرُهُ ۖ أَفَلَا تَتَّقُونَ

    Рас Нұх (Ғ.С.) ты еліне жібердік. Сонда ол: "Әй елім! Аллаға құлшылық қылыңдар. Одан басқа тәңірлерің жоқ. Сонда да қорықпайсыңдар ма?" деді.

    23:23
  7. فَقَالَ الْمَلَأُ الَّذِينَ كَفَرُوا مِنْ قَوْمِهِ مَا هَٰذَا إِلَّا بَشَرٌ مِثْلُكُمْ يُرِيدُ أَنْ يَتَفَضَّلَ عَلَيْكُمْ وَلَوْ شَاءَ اللَّهُ لَأَنْزَلَ مَلَائِكَةً مَا سَمِعْنَا بِهَٰذَا فِي آبَائِنَا الْأَوَّلِينَ

    Онда елінің қарсы болған бастықтары: "Бұл өздерің сияқты ғана адам. Сендерге үстем болғысы келеді. Егер Алла қаласа, періште жіберер еді. Бұны бұрынғы аталарымыздан естімедік" деді.

    23:24
  8. إِنْ هُوَ إِلَّا رَجُلٌ بِهِ جِنَّةٌ فَتَرَبَّصُوا بِهِ حَتَّىٰ حِينٍ

    "Ол, жын соққан ғана бір адам. Сондықтан оны бір заманға дейін тосыңдар."

    23:25
  9. قَالَ رَبِّ انْصُرْنِي بِمَا كَذَّبُونِ

    (Нұх Ғ.С.): "Раббым! Олардың мені жасынға шығаруларына қарсы маған нүсырат бер!",- деді.

    23:26
  10. فَأَوْحَيْنَا إِلَيْهِ أَنِ اصْنَعِ الْفُلْكَ بِأَعْيُنِنَا وَوَحْيِنَا فَإِذَا جَاءَ أَمْرُنَا وَفَارَ التَّنُّورُ ۙ فَاسْلُكْ فِيهَا مِنْ كُلٍّ زَوْجَيْنِ اثْنَيْنِ وَأَهْلَكَ إِلَّا مَنْ سَبَقَ عَلَيْهِ الْقَوْلُ مِنْهُمْ ۖ وَلَا تُخَاطِبْنِي فِي الَّذِينَ ظَلَمُوا ۖ إِنَّهُمْ مُغْرَقُونَ

    Сонда оған: "Көздеуіміз де нұсқауымыз бойынша кеме жаса" деп уахи еттік. Қашан әміріміз келіп, тандыр (дан су) қайнаса, сонда әр жыныстан бір жұп және өздеріне қарсы бұйрық берілгендерден басқа, семьяңды алып, кемеге түс. Сондай-ақ залым болғандар жайында маған түк деме. Өйткені олар, суға батуға тиісті" деп уахи еттік.

    23:27

Аударма: Халифа Алтай