Мусыхаф, бет 345

  1. مَا تَسْبِقُ مِنْ أُمَّةٍ أَجَلَهَا وَمَا يَسْتَأْخِرُونَ

    Ешбір қауым ажалын (белгілі мерзімін) ілгерлете, кейіндете алмайды.

    23:43
  2. ثُمَّ أَرْسَلْنَا رُسُلَنَا تَتْرَىٰ ۖ كُلَّ مَا جَاءَ أُمَّةً رَسُولُهَا كَذَّبُوهُ ۚ فَأَتْبَعْنَا بَعْضَهُمْ بَعْضًا وَجَعَلْنَاهُمْ أَحَادِيثَ ۚ فَبُعْدًا لِقَوْمٍ لَا يُؤْمِنُونَ

    Сонан кейін елшілерімізді үздік-создық жібере бердік те әр үммет; пайғамбарлары келген сайын оны жасынға шығара берді. Сондықтан оларды, бірінен кейін бірін жойып, аңызға айналдырдық. Иман келтірмеген ел рахметтен ұзақ болсын!

    23:44
  3. ثُمَّ أَرْسَلْنَا مُوسَىٰ وَأَخَاهُ هَارُونَ بِآيَاتِنَا وَسُلْطَانٍ مُبِينٍ

    Артынан Мұса мен туысы Һарүнды белгілеріміз, ашық дәлелдерімізбен жібердік.

    23:45
  4. إِلَىٰ فِرْعَوْنَ وَمَلَئِهِ فَاسْتَكْبَرُوا وَكَانُوا قَوْمًا عَالِينَ

    Перғауын мен шонжарларына. Сонда олар дандайсыған, өр көкірек ел еді.

    23:46
  5. فَقَالُوا أَنُؤْمِنُ لِبَشَرَيْنِ مِثْلِنَا وَقَوْمُهُمَا لَنَا عَابِدُونَ

    Олар: "Елі, бізге құлдық істеп жүрген, өзіміз секілді екі адамға сене кетейік пе?",- десті.

    23:47
  6. فَكَذَّبُوهُمَا فَكَانُوا مِنَ الْمُهْلَكِينَ

    Екеуін жасынға шығарды. Сондықтан жоқ етілді.

    23:48
  7. وَلَقَدْ آتَيْنَا مُوسَى الْكِتَابَ لَعَلَّهُمْ يَهْتَدُونَ

    Рас Мұса (Ғ.С.) ға; елі, тура жол табуы үшін Кітап бердік.

    23:49
  8. وَجَعَلْنَا ابْنَ مَرْيَمَ وَأُمَّهُ آيَةً وَآوَيْنَاهُمَا إِلَىٰ رَبْوَةٍ ذَاتِ قَرَارٍ وَمَعِينٍ

    Мәрйем ұлы мен анасын бір ғибрат қылдық. Екеуін бұлақты, бір көтеріңкі жәйлі жерге орналастырдық ( Бұл жер; Бәйтіл Мүқаддас, Дымшық, Мысыр. Ж.Б.М.К.Р.)

    23:50
  9. يَا أَيُّهَا الرُّسُلُ كُلُوا مِنَ الطَّيِّبَاتِ وَاعْمَلُوا صَالِحًا ۖ إِنِّي بِمَا تَعْمَلُونَ عَلِيمٌ

    Әй пайғамбарлар! Таза нәрселерден жендер, игілік істеңдер. Расында не істегендеріңді жақсы білемін.

    23:51
  10. وَإِنَّ هَٰذِهِ أُمَّتُكُمْ أُمَّةً وَاحِدَةً وَأَنَا رَبُّكُمْ فَاتَّقُونِ

    Рас осы топтықтар, бір-ақ топтық. Мен, Раббыларың. Менен ғана қорқыңдар. (2-С. 213-А.)

    23:52
  11. فَتَقَطَّعُوا أَمْرَهُمْ بَيْنَهُمْ زُبُرًا ۖ كُلُّ حِزْبٍ بِمَا لَدَيْهِمْ فَرِحُونَ

    Алайда олар өзара (дін) істерінде бөлшектеніп, әр гүрүппа өз алдарындағысына мәз болды.

    23:53
  12. فَذَرْهُمْ فِي غَمْرَتِهِمْ حَتَّىٰ حِينٍ

    (Мұхаммед Ғ.С.) оларды бір мерзімге дейін адасқан бойынша тастап қой.

    23:54
  13. أَيَحْسَبُونَ أَنَّمَا نُمِدُّهُمْ بِهِ مِنْ مَالٍ وَبَنِينَ

    Негізінде оларды, мал және балалармен қамдағанымызды:

    23:55
  14. نُسَارِعُ لَهُمْ فِي الْخَيْرَاتِ ۚ بَلْ لَا يَشْعُرُونَ

    Олардың игіліктеріне ынтық болғандығымыз деп ойлай ма? Олай емес. Олар, түсінбейді.

    23:56
  15. إِنَّ الَّذِينَ هُمْ مِنْ خَشْيَةِ رَبِّهِمْ مُشْفِقُونَ

    Ал олар Раббыларынан қорқып, үрейленеді.

    23:57
  16. وَالَّذِينَ هُمْ بِآيَاتِ رَبِّهِمْ يُؤْمِنُونَ

    Олар, Раббыларының аяттарына иман келтіреді.

    23:58
  17. وَالَّذِينَ هُمْ بِرَبِّهِمْ لَا يُشْرِكُونَ

    Олар, Раббыларына серік қоспайды.

    23:59

Аударма: Халифа Алтай