Мусыхаф, бет 35
-
فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ ۗ وَيَسْأَلُونَكَ عَنِ الْيَتَامَىٰ ۖ قُلْ إِصْلَاحٌ لَهُمْ خَيْرٌ ۖ وَإِنْ تُخَالِطُوهُمْ فَإِخْوَانُكُمْ ۚ وَاللَّهُ يَعْلَمُ الْمُفْسِدَ مِنَ الْمُصْلِحِ ۚ وَلَوْ شَاءَ اللَّهُ لَأَعْنَتَكُمْ ۚ إِنَّ اللَّهَ عَزِيزٌ حَكِيمٌ
(Бұл аят бойынша, арақ пен құмардың зор күнә екендігі, сондай-ақ пайдасынан күнәсы зор екендігі білдіріліп, мас халінде намазға жақындамау нұсқала отырып, «нәжіс» делініп кесімді түрде тыйым салынған) (Дүние ақиретте ойланыңдар….) (Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен жетімдердің жайынан сұрайды. Оларға: «Жетімдерді түзету жақсы. Тіпті оларды қосып алсаңдар, сонда олар туыстарың. (Бөтендігі жоқ) Алла (Т.) бұзушыны, түзеушіден айырып біледі. Алла қаласа, әлбетте сендерді зорлар еді » де. Шын мәніде Алла өте үстем, хикмет иесі.
2:220 -
وَلَا تَنْكِحُوا الْمُشْرِكَاتِ حَتَّىٰ يُؤْمِنَّ ۚ وَلَأَمَةٌ مُؤْمِنَةٌ خَيْرٌ مِنْ مُشْرِكَةٍ وَلَوْ أَعْجَبَتْكُمْ ۗ وَلَا تُنْكِحُوا الْمُشْرِكِينَ حَتَّىٰ يُؤْمِنُوا ۚ وَلَعَبْدٌ مُؤْمِنٌ خَيْرٌ مِنْ مُشْرِكٍ وَلَوْ أَعْجَبَكُمْ ۗ أُولَٰئِكَ يَدْعُونَ إِلَى النَّارِ ۖ وَاللَّهُ يَدْعُو إِلَى الْجَنَّةِ وَالْمَغْفِرَةِ بِإِذْنِهِ ۖ وَيُبَيِّنُ آيَاتِهِ لِلنَّاسِ لَعَلَّهُمْ يَتَذَكَّرُونَ
Мүшрік қатындармен олар иман келтіргенге дейін үйлеңбендер. Азат мүшрік қатыннан мүмін күң артық. Егер сендерді қызықтырса да. Және иман келтіргенге дейін, мүшрік ерге мүмін әйелдерді де үйлеңдірмендер. Егер олар сендерді қызықтырса да. Мүшрік азат ерден мүмін құл артық. Олар, тозаққа шақырады да, Алла өз ұйғаруымен жаннатқа шақырады. Сондай-ақ адамдар үгіт алсын деп, аяттарын баян етеді.
2:221 -
وَيَسْأَلُونَكَ عَنِ الْمَحِيضِ ۖ قُلْ هُوَ أَذًى فَاعْتَزِلُوا النِّسَاءَ فِي الْمَحِيضِ ۖ وَلَا تَقْرَبُوهُنَّ حَتَّىٰ يَطْهُرْنَ ۖ فَإِذَا تَطَهَّرْنَ فَأْتُوهُنَّ مِنْ حَيْثُ أَمَرَكُمُ اللَّهُ ۚ إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ التَّوَّابِينَ وَيُحِبُّ الْمُتَطَهِّرِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен етеккір жайынан сұрайды. Оларға: «Ол жиренішті нәрсе, етеккір кезінде әйелдерден аулақ болыңдар. Оларға тазарғанға дейін жақындаспаңдар. Қашан олар нақ тазарса, оларға Алланың өздеріңе бұйырған жерінен жақындасыңдар» де. Шәксіз Алла тәубе етушілерді жақсы көреді әрі таза болушыларды да жақсы көреді.
2:222 -
نِسَاؤُكُمْ حَرْثٌ لَكُمْ فَأْتُوا حَرْثَكُمْ أَنَّىٰ شِئْتُمْ ۖ وَقَدِّمُوا لِأَنْفُسِكُمْ ۚ وَاتَّقُوا اللَّهَ وَاعْلَمُوا أَنَّكُمْ مُلَاقُوهُ ۗ وَبَشِّرِ الْمُؤْمِنِينَ
Өйткені әйелдерің егіндіктерің. Егіндіктеріңе қалай қаласаңдар келіңдер. Алдын ала өздерің үшін қамдаңындар. Сондай-ақ Алладан қорқыңдар да негізінен Аллаға қауышатындықтарыңды біліңдер. (Мұхаммед Ғ.С.) мүміндерді қуандыр. Алла деген анттарыңды жақсылық істемеулеріңе, сақсынбауларыңа және адамдардың арасын жарастырмауларыңа бөгетқылмаңдар. (Алланың атымен бұндай ант етпеу, етілген жағдайда кәферат беріп бұзу керек. Алла (Т.) әр нәрсені естуші, білуші.
2:223 -
وَلَا تَجْعَلُوا اللَّهَ عُرْضَةً لِأَيْمَانِكُمْ أَنْ تَبَرُّوا وَتَتَّقُوا وَتُصْلِحُوا بَيْنَ النَّاسِ ۗ وَاللَّهُ سَمِيعٌ عَلِيمٌ
Алла деген анттарыңды жақсылық істемеулеріңе, сақсынбауларыңа және адамдардың арасын жарастырмауларыңа бөгет қылмаңдар. (Алланың атымен бұндай ант етпеу, етілген жағдайда кәферат беріп бұзу керек.) Алла (Т.) әр нәрсені естуші, білуші.
2:224
Аударма: Халифа Алтай