Мусыхаф, бет 356

  1. يُقَلِّبُ اللَّهُ اللَّيْلَ وَالنَّهَارَ ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَعِبْرَةً لِأُولِي الْأَبْصَارِ

    Алла; күндізбен, түнді ауыстырады. Рас бұнда, қырағылар үшін әрине ғибрат бар.

    24:44
  2. وَاللَّهُ خَلَقَ كُلَّ دَابَّةٍ مِنْ مَاءٍ ۖ فَمِنْهُمْ مَنْ يَمْشِي عَلَىٰ بَطْنِهِ وَمِنْهُمْ مَنْ يَمْشِي عَلَىٰ رِجْلَيْنِ وَمِنْهُمْ مَنْ يَمْشِي عَلَىٰ أَرْبَعٍ ۚ يَخْلُقُ اللَّهُ مَا يَشَاءُ ۚ إِنَّ اللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ

    Алла әр жандықты судан жаратты. Сонда кейбіреуі баурымен жүреді, кейбіреулері екі аяғымен жүреді және кейбіреуі төрт аяқтап, жүреді. Алла қалағанын жаратады. Рас Алланың әр нәрсеге толық күші жетуші.

    24:45
  3. لَقَدْ أَنْزَلْنَا آيَاتٍ مُبَيِّنَاتٍ ۚ وَاللَّهُ يَهْدِي مَنْ يَشَاءُ إِلَىٰ صِرَاطٍ مُسْتَقِيمٍ

    Расында ашық баян етуші аяттарды түсірдік. Сондай-ақ Алла қалағанын тура жолға салады.

    24:46
  4. وَيَقُولُونَ آمَنَّا بِاللَّهِ وَبِالرَّسُولِ وَأَطَعْنَا ثُمَّ يَتَوَلَّىٰ فَرِيقٌ مِنْهُمْ مِنْ بَعْدِ ذَٰلِكَ ۚ وَمَا أُولَٰئِكَ بِالْمُؤْمِنِينَ

    Олар: "Аллаға, Пайғамбарға иман келтірдік, бой ұсындық" дейді де, сосын одан кейін олардан бір бөлімі жалтарады. Міне солар иман келтірмегендер.

    24:47
  5. وَإِذَا دُعُوا إِلَى اللَّهِ وَرَسُولِهِ لِيَحْكُمَ بَيْنَهُمْ إِذَا فَرِيقٌ مِنْهُمْ مُعْرِضُونَ

    Қашан олар, араларына үкім беру үшін Аллаға, Пайғамбарына шақырылса, сол уақытта олардың бір бөлімі бас тартады.

    24:48
  6. وَإِنْ يَكُنْ لَهُمُ الْحَقُّ يَأْتُوا إِلَيْهِ مُذْعِنِينَ

    Егер оларға бір тиесі болатын болса, оған бой ұсынған түрде келеді.

    24:49
  7. أَفِي قُلُوبِهِمْ مَرَضٌ أَمِ ارْتَابُوا أَمْ يَخَافُونَ أَنْ يَحِيفَ اللَّهُ عَلَيْهِمْ وَرَسُولُهُ ۚ بَلْ أُولَٰئِكَ هُمُ الظَّالِمُونَ

    Олардың жүректерінде дерті бар ма? Немесе күдіктенуде ме? Не өздеріне Алла, Пайғамбары әділетсіздік істейді деп, қорқа ма? Олай емес. Олардың өздері залым.

    24:50
  8. إِنَّمَا كَانَ قَوْلَ الْمُؤْمِنِينَ إِذَا دُعُوا إِلَى اللَّهِ وَرَسُولِهِ لِيَحْكُمَ بَيْنَهُمْ أَنْ يَقُولُوا سَمِعْنَا وَأَطَعْنَا ۚ وَأُولَٰئِكَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ

    Шын мәнінде мүміндер, араларына үкім беруге шақырылғанда, олардың сөздері: "Естідік, бой ұсындық" деу болады. Міне бұлар құтылушылар.

    24:51
  9. وَمَنْ يُطِعِ اللَّهَ وَرَسُولَهُ وَيَخْشَ اللَّهَ وَيَتَّقْهِ فَأُولَٰئِكَ هُمُ الْفَائِزُونَ

    Кімде-кім Аллаға, Пайғамбарына бағынса, сондай-ақ Алладан қорқып, сақтанса, міне солар, қолы жеткендер.

    24:52
  10. وَأَقْسَمُوا بِاللَّهِ جَهْدَ أَيْمَانِهِمْ لَئِنْ أَمَرْتَهُمْ لَيَخْرُجُنَّ ۖ قُلْ لَا تُقْسِمُوا ۖ طَاعَةٌ مَعْرُوفَةٌ ۚ إِنَّ اللَّهَ خَبِيرٌ بِمَا تَعْمَلُونَ

    (Мұхаммед Ғ.С.! Мұнафықтар): "Егер әмір етсең (соғьісқа) әлбетте шығамыз" деп, Аллаға шынайы ант ішеді. Оларға: "Ант ішпеңдер! Бағынғандарың мәлім. Шәксіз Алла, не істегендеріңді толық біледі" де.

    24:53

Аударма: Халифа Алтай