Мусыхаф, бет 359

  1. إِنَّمَا الْمُؤْمِنُونَ الَّذِينَ آمَنُوا بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ وَإِذَا كَانُوا مَعَهُ عَلَىٰ أَمْرٍ جَامِعٍ لَمْ يَذْهَبُوا حَتَّىٰ يَسْتَأْذِنُوهُ ۚ إِنَّ الَّذِينَ يَسْتَأْذِنُونَكَ أُولَٰئِكَ الَّذِينَ يُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ ۚ فَإِذَا اسْتَأْذَنُوكَ لِبَعْضِ شَأْنِهِمْ فَأْذَنْ لِمَنْ شِئْتَ مِنْهُمْ وَاسْتَغْفِرْ لَهُمُ اللَّهَ ۚ إِنَّ اللَّهَ غَفُورٌ رَحِيمٌ

    Шын мәнінде мүміндер, сондай Аллаға, Пайғамбарына иман келтіргендер, егер олар Пайғамбар мен бірге топты түрде бір істе болса, Пайғамбардаи ргхсат алмайынша кетпейді.(Мұхаммед Ғ.С.) рас сенен рұхсат сүрағандар; міне солар, Аллаға, Пайғамбарға иман келтіргендер. Қашан олар кейбір жұмыстары үшін сенен рүхсат сүраса, олардан қалағаныңа рұхсат бер. Және оларға Алладан жарылқау тіле. Күдіксіз Алла, өте жарылқаушы, аса мейірімді.

    24:62
  2. لَا تَجْعَلُوا دُعَاءَ الرَّسُولِ بَيْنَكُمْ كَدُعَاءِ بَعْضِكُمْ بَعْضًا ۚ قَدْ يَعْلَمُ اللَّهُ الَّذِينَ يَتَسَلَّلُونَ مِنْكُمْ لِوَاذًا ۚ فَلْيَحْذَرِ الَّذِينَ يُخَالِفُونَ عَنْ أَمْرِهِ أَنْ تُصِيبَهُمْ فِتْنَةٌ أَوْ يُصِيبَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ

    Пайғамбардың шақыруын өзара бір-біріңді шақыруға үқсатпаңдар! Рас Алла, сендерден ептеп, далдаланып шығып кететіндерді біледі. Сондықтан оның әміріне қарсы келгендер, өздеріне бір апат жетуінен немесе жан түршігерлік азап келуінен сақтансын.

    24:63
  3. أَلَا إِنَّ لِلَّهِ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۖ قَدْ يَعْلَمُ مَا أَنْتُمْ عَلَيْهِ وَيَوْمَ يُرْجَعُونَ إِلَيْهِ فَيُنَبِّئُهُمْ بِمَا عَمِلُوا ۗ وَاللَّهُ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمٌ

    Естеріңде болсын! Көктер мен жердегі нәрселер Алланікі. Расында Ол, сендердің неменеде болғандарыңды біледі. Сондай-ақ олар, өз жагына қайтқан күні, оларға, не істегенін білдіреді. Алла барлық нәрсені толық біледі.

    24:64
  4. تَبَارَكَ الَّذِي نَزَّلَ الْفُرْقَانَ عَلَىٰ عَبْدِهِ لِيَكُونَ لِلْعَالَمِينَ نَذِيرًا

    Бүкіл әлемге бір ескертуші болуы үшін құлына (жақсы-жаманды айыратын) Құранды түсірген Алла өте жоғары.

    25:1
  5. الَّذِي لَهُ مُلْكُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَلَمْ يَتَّخِذْ وَلَدًا وَلَمْ يَكُنْ لَهُ شَرِيكٌ فِي الْمُلْكِ وَخَلَقَ كُلَّ شَيْءٍ فَقَدَّرَهُ تَقْدِيرًا

    Көктер мен жердің патшалығы Онікі. Ол, ешкімді бала қылып алмады да Оның патшалығында ешбір ортағы жоқ. Сондай-ақ әр нәрсені жаратып, оның өлшеуін белгіледі.

    25:2

Аударма: Халифа Алтай