Мусыхаф, бет 362

  1. وَقَالَ الَّذِينَ لَا يَرْجُونَ لِقَاءَنَا لَوْلَا أُنْزِلَ عَلَيْنَا الْمَلَائِكَةُ أَوْ نَرَىٰ رَبَّنَا ۗ لَقَدِ اسْتَكْبَرُوا فِي أَنْفُسِهِمْ وَعَتَوْا عُتُوًّا كَبِيرًا

    Сондай бізге кездесуді күтпегендер: "Бізге періштелер неге түсірілмейді? Немесе Раббымызды көрсек" деді. Расында олар өздерін-өздері жоғары санады да тым шектен шығып кетті.

    25:21
  2. يَوْمَ يَرَوْنَ الْمَلَائِكَةَ لَا بُشْرَىٰ يَوْمَئِذٍ لِلْمُجْرِمِينَ وَيَقُولُونَ حِجْرًا مَحْجُورًا

    Олар періштелерді көрген күні, күнәкарлар үшін қуанышты күн болмайды. Періштелер: "Жоқ, сендерге қуаныш жоқ" дейді. (Не өздері: "Махрұм қалдық" дейді.)

    25:22
  3. وَقَدِمْنَا إِلَىٰ مَا عَمِلُوا مِنْ عَمَلٍ فَجَعَلْنَاهُ هَبَاءً مَنْثُورًا

    Олар нендей бір іс істеген болса, рас оны қолға алып, шашылған тозаңға айналдырамыз.

    25:23
  4. أَصْحَابُ الْجَنَّةِ يَوْمَئِذٍ خَيْرٌ مُسْتَقَرًّا وَأَحْسَنُ مَقِيلًا

    Ол күні, жаннаттықтардың тұрар жері жақсы, тынығар жерлері өте көркем болады.

    25:24
  5. وَيَوْمَ تَشَقَّقُ السَّمَاءُ بِالْغَمَامِ وَنُزِّلَ الْمَلَائِكَةُ تَنْزِيلًا

    Ол күні, аспан бұлттарша жарылып, періштелер жалғасты түрде түсіріледі.

    25:25
  6. الْمُلْكُ يَوْمَئِذٍ الْحَقُّ لِلرَّحْمَٰنِ ۚ وَكَانَ يَوْمًا عَلَى الْكَافِرِينَ عَسِيرًا

    Ол күні, шын патшалық Алланікі. Ол кәпірлер үшін өте ауыр күн болады.

    25:26
  7. وَيَوْمَ يَعَضُّ الظَّالِمُ عَلَىٰ يَدَيْهِ يَقُولُ يَا لَيْتَنِي اتَّخَذْتُ مَعَ الرَّسُولِ سَبِيلًا

    Ол күні әр залым өз қолын шайнап: "Әттеген-ай! Пайғамбармен бірге жол тұтқан болсам еді" дейді.

    25:27
  8. يَا وَيْلَتَىٰ لَيْتَنِي لَمْ أَتَّخِذْ فُلَانًا خَلِيلًا

    "Нендей өкініш маған; Әттең! Мен пәленбайды дос тұтпаған болса едім..."

    25:28
  9. لَقَدْ أَضَلَّنِي عَنِ الذِّكْرِ بَعْدَ إِذْ جَاءَنِي ۗ وَكَانَ الشَّيْطَانُ لِلْإِنْسَانِ خَذُولًا

    "Шынында ол, Құран келгеннен кейін мені одан адастырды. Негізінде шайтан адам баласы үшін опасыз болады."

    25:29
  10. وَقَالَ الرَّسُولُ يَا رَبِّ إِنَّ قَوْمِي اتَّخَذُوا هَٰذَا الْقُرْآنَ مَهْجُورًا

    Пайғамбар: "Раббым! Рас менің елім бұл Құранды тастап қойды" деді.

    25:30
  11. وَكَذَٰلِكَ جَعَلْنَا لِكُلِّ نَبِيٍّ عَدُوًّا مِنَ الْمُجْرِمِينَ ۗ وَكَفَىٰ بِرَبِّكَ هَادِيًا وَنَصِيرًا

    Сол сияқты әр пайғамбар үшін күнәкарларды дүшпан қылдық. Раббың жетекшілік және көмекшілікте саған жетіп, асады.

    25:31
  12. وَقَالَ الَّذِينَ كَفَرُوا لَوْلَا نُزِّلَ عَلَيْهِ الْقُرْآنُ جُمْلَةً وَاحِدَةً ۚ كَذَٰلِكَ لِنُثَبِّتَ بِهِ فُؤَادَكَ ۖ وَرَتَّلْنَاهُ تَرْتِيلًا

    Тағы кәпірлер: "Оған Құран бір-ақ жолда неге түсірілмеді?",-деді. Осылайша, көкейіңе қондыру үшін оны анықтап оқыдық.

    25:32

Аударма: Халифа Алтай