Мусыхаф, бет 39

  1. حَافِظُوا عَلَى الصَّلَوَاتِ وَالصَّلَاةِ الْوُسْطَىٰ وَقُومُوا لِلَّهِ قَانِتِينَ

    Намаздарға ондай-ақ орта намазға сақтық істеңдер. Аллаға бой ұсынған түрде тұрыңдар.

    2:238
  2. فَإِنْ خِفْتُمْ فَرِجَالًا أَوْ رُكْبَانًا ۖ فَإِذَا أَمِنْتُمْ فَاذْكُرُوا اللَّهَ كَمَا عَلَّمَكُمْ مَا لَمْ تَكُونُوا تَعْلَمُونَ

    Ал егер қауіп- қатер де болсаңдар, жаяу немесе көлікте (бет алған жаққа ишарамен оқыңдар.) Қашан бейбіт болсаңдар, сендерге білмегендеріңді үйреткеніндей Алла (Т.) ны зікір етіңдер.

    2:239
  3. وَالَّذِينَ يُتَوَفَّوْنَ مِنْكُمْ وَيَذَرُونَ أَزْوَاجًا وَصِيَّةً لِأَزْوَاجِهِمْ مَتَاعًا إِلَى الْحَوْلِ غَيْرَ إِخْرَاجٍ ۚ فَإِنْ خَرَجْنَ فَلَا جُنَاحَ عَلَيْكُمْ فِي مَا فَعَلْنَ فِي أَنْفُسِهِنَّ مِنْ مَعْرُوفٍ ۗ وَاللَّهُ عَزِيزٌ حَكِيمٌ

    Қайтыс болып, әйелдер қалдыратыңдар; әйелдерің бір жылға дейін (үйлерінен) шығарылмай қамдалуларын өсиет етсін. Егер өздері шығып олардың өздеріне байланысты дұрыс істеулерінде сендерге бір жауапкершілік жоқ. Алла (Т.) аса үстем, хикмет иесі (Бұл үкім 234. Аят бойынша мәнсұх.)

    2:240
  4. وَلِلْمُطَلَّقَاتِ مَتَاعٌ بِالْمَعْرُوفِ ۖ حَقًّا عَلَى الْمُتَّقِينَ

    Ал ажыратылған әйелдердің де тиісті қамдалулары тақуалар үшін бір міндет.

    2:241
  5. كَذَٰلِكَ يُبَيِّنُ اللَّهُ لَكُمْ آيَاتِهِ لَعَلَّكُمْ تَعْقِلُونَ

    Алла (Т.) түсінулерің үшін сендерге аяттарын осылайша баян етеді. (Израил ұрпақтарына, соғыс әмірі келгенде, өлімнен қорқып, үйлерін тастап қашса да өлімнен құтылмайды.)

    2:242
  6. أَلَمْ تَرَ إِلَى الَّذِينَ خَرَجُوا مِنْ دِيَارِهِمْ وَهُمْ أُلُوفٌ حَذَرَ الْمَوْتِ فَقَالَ لَهُمُ اللَّهُ مُوتُوا ثُمَّ أَحْيَاهُمْ ۚ إِنَّ اللَّهَ لَذُو فَضْلٍ عَلَى النَّاسِ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَ النَّاسِ لَا يَشْكُرُونَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) ол мыңдағандардың өлімнен қорқып, жұрттарынан шыққандарын көрмейсің бе? Алла оларға: «Өліңдер» деді. Соңсоң оларды тірілтті. Күдіксіз Алла адамдарға кеңшілік иесі. Дегенмен адамдардың көбі шүкірлік қылмайды.

    2:243
  7. وَقَاتِلُوا فِي سَبِيلِ اللَّهِ وَاعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ سَمِيعٌ عَلِيمٌ

    Алла жолында соғысыңдар әрі біліңдер. Алла толық естуші.

    2:244
  8. مَنْ ذَا الَّذِي يُقْرِضُ اللَّهَ قَرْضًا حَسَنًا فَيُضَاعِفَهُ لَهُ أَضْعَافًا كَثِيرَةً ۚ وَاللَّهُ يَقْبِضُ وَيَبْسُطُ وَإِلَيْهِ تُرْجَعُونَ

    Кім Аллаға көркем қарыз берсе, (Алла жолында ықыласпен мал жұмсаса) сонда Алла (Т.) ол үшін көптеген есе арттырып береді. Алла тарылтады да кеңітеді. Әрі Ол жаққа қайтарыласыңдар.

    2:245

Аударма: Халифа Алтай