Мусыхаф, бет 410
-
وَلَئِنْ أَرْسَلْنَا رِيحًا فَرَأَوْهُ مُصْفَرًّا لَظَلُّوا مِنْ بَعْدِهِ يَكْفُرُونَ
Әлбетте бір жел жіберсек те сонда егіннің сарғайғанын көрсе, әрине олар, одан кейін қарсы шығады. (Апатқа сабыр етпейді.)
30:51 -
فَإِنَّكَ لَا تُسْمِعُ الْمَوْتَىٰ وَلَا تُسْمِعُ الصُّمَّ الدُّعَاءَ إِذَا وَلَّوْا مُدْبِرِينَ
(Мұхаммед Г.С.) рас сен өліктерге естірте алмайсың. Сондай-ақ бет бүрып, кетіп бара жатқан саңырауларға да дауыс естірте алмайсың.
30:52 -
وَمَا أَنْتَ بِهَادِ الْعُمْيِ عَنْ ضَلَالَتِهِمْ ۖ إِنْ تُسْمِعُ إِلَّا مَنْ يُؤْمِنُ بِآيَاتِنَا فَهُمْ مُسْلِمُونَ
Соқырды да адасқан жағынан тура жолга сала алмайсың. Аяттарымызға иман келтіріп өздері бой ұсынған кісілерге ғана естірте аласың.
30:53 -
اللَّهُ الَّذِي خَلَقَكُمْ مِنْ ضَعْفٍ ثُمَّ جَعَلَ مِنْ بَعْدِ ضَعْفٍ قُوَّةً ثُمَّ جَعَلَ مِنْ بَعْدِ قُوَّةٍ ضَعْفًا وَشَيْبَةً ۚ يَخْلُقُ مَا يَشَاءُ ۖ وَهُوَ الْعَلِيمُ الْقَدِيرُ
Ол сондай Алла; сендерді әлсіз жаратып, сосын әлсіздіктен кейін күш беріп, сосын күштен кейін нашарлатып, кәртейтті. Ол, қалағанын жаратады. Сондай-ақ Ол, аса естуші, тым күшті.
30:54 -
وَيَوْمَ تَقُومُ السَّاعَةُ يُقْسِمُ الْمُجْرِمُونَ مَا لَبِثُوا غَيْرَ سَاعَةٍ ۚ كَذَٰلِكَ كَانُوا يُؤْفَكُونَ
Қиямет-қайым болатын күні, күнәкарлар, (өлгеннен қияметкө дөйін) бір сагаттан басқа түрмадық деп, ант ішеді. Осылайша олар, (дүниеде де алданып,) адасқан еді.
30:55 -
وَقَالَ الَّذِينَ أُوتُوا الْعِلْمَ وَالْإِيمَانَ لَقَدْ لَبِثْتُمْ فِي كِتَابِ اللَّهِ إِلَىٰ يَوْمِ الْبَعْثِ ۖ فَهَٰذَا يَوْمُ الْبَعْثِ وَلَٰكِنَّكُمْ كُنْتُمْ لَا تَعْلَمُونَ
Ал ғылым және иман берілгендер: "Расында Алланың жазуындагы тірілетін күнге дейін түрдыңдар, тірілетін күн осы. Бірақ сендер білмейтін едіңдер" дейді.
30:56 -
فَيَوْمَئِذٍ لَا يَنْفَعُ الَّذِينَ ظَلَمُوا مَعْذِرَتُهُمْ وَلَا هُمْ يُسْتَعْتَبُونَ
Енді сол күні, зұлымдық қылғандардың сылтаулары пайда бермейді. Олардан бір игілікте күтілмейді.
30:57 -
وَلَقَدْ ضَرَبْنَا لِلنَّاسِ فِي هَٰذَا الْقُرْآنِ مِنْ كُلِّ مَثَلٍ ۚ وَلَئِنْ جِئْتَهُمْ بِآيَةٍ لَيَقُولَنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا إِنْ أَنْتُمْ إِلَّا مُبْطِلُونَ
Расында Бұл Құранда адам баласы үшін әр түрлі мысал бердік. Оларға бір белгі келтірсең де қарсы келгендер: "Сендер бүзушы ганасыңдар" дейді.
30:58 -
كَذَٰلِكَ يَطْبَعُ اللَّهُ عَلَىٰ قُلُوبِ الَّذِينَ لَا يَعْلَمُونَ
Осылайша Алла, білмегендердің жүректерін бітейді.
30:59 -
فَاصْبِرْ إِنَّ وَعْدَ اللَّهِ حَقٌّ ۖ وَلَا يَسْتَخِفَّنَّكَ الَّذِينَ لَا يُوقِنُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) енді сабыр ет. Алланьің уәдесі хақ. Сенбегендер сені оңай көрмесін.
30:60
Аударма: Халифа Алтай