Мусыхаф, бет 419
-
وَإِذْ أَخَذْنَا مِنَ النَّبِيِّينَ مِيثَاقَهُمْ وَمِنْكَ وَمِنْ نُوحٍ وَإِبْرَاهِيمَ وَمُوسَىٰ وَعِيسَى ابْنِ مَرْيَمَ ۖ وَأَخَذْنَا مِنْهُمْ مِيثَاقًا غَلِيظًا
(Мұхаммед Ғ.С.) сол уақытта, пайғамбарлардан уәде алған едік. Сенен, Нұх, Ыбырайым, Мұса және Мәрйем ұлы Ғиса (Ғ.С.) лардан, солардан берік уәде алған едік.
33:7 -
لِيَسْأَلَ الصَّادِقِينَ عَنْ صِدْقِهِمْ ۚ وَأَعَدَّ لِلْكَافِرِينَ عَذَابًا أَلِيمًا
Алла шыншылдардың шындығынан Сүрау тшін еді. Кәпірлерге қинаушы азап әзірледі.
33:8 -
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اذْكُرُوا نِعْمَةَ اللَّهِ عَلَيْكُمْ إِذْ جَاءَتْكُمْ جُنُودٌ فَأَرْسَلْنَا عَلَيْهِمْ رِيحًا وَجُنُودًا لَمْ تَرَوْهَا ۚ وَكَانَ اللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ بَصِيرًا
Әй мүміндер! Алланың сендерге болған нығметін еске алыңдар. Сендерге ләшкерлер келген еді. Сонда оларға боран және сендер көрмеген ләшкерлер жіберген едік. Алла не істегендеріңді толық көруші. (Ћіжіреттің бешінші жылы көптеген рулардан қүралған он екі мың кісілік қалың қол, Мединеге шабуыл жасайды. Мұхаммед (Ғ.С.) үш мың кісімен ор қазып, қорғаныс соғысын жасайды. Бір айга жақын болган соғыста, Мүсылмандар тым қүйзелгендіктен, Қүдыретше қатты боран шығып, жау абыржып, қашады. Б.Ж.Р.М.К.)
33:9 -
إِذْ جَاءُوكُمْ مِنْ فَوْقِكُمْ وَمِنْ أَسْفَلَ مِنْكُمْ وَإِذْ زَاغَتِ الْأَبْصَارُ وَبَلَغَتِ الْقُلُوبُ الْحَنَاجِرَ وَتَظُنُّونَ بِاللَّهِ الظُّنُونَا
Сол уақытга олар сендердің жоғарғы жақтарыңнан да төменгі жақтарыңнан да келген еді. Көздерің алайып, жүректерің ауызға келген еді. Сондай-ақ Аллаға байланысты әр түрлі ойлар ойланған еді.
33:10 -
هُنَالِكَ ابْتُلِيَ الْمُؤْمِنُونَ وَزُلْزِلُوا زِلْزَالًا شَدِيدًا
Міне сол арада мүміндер сыналып, қатты теңселген еді.
33:11 -
وَإِذْ يَقُولُ الْمُنَافِقُونَ وَالَّذِينَ فِي قُلُوبِهِمْ مَرَضٌ مَا وَعَدَنَا اللَّهُ وَرَسُولُهُ إِلَّا غُرُورًا
Сол уақытта Мүнафықтармен жүректерінде дерті болғандар: "Бізге Алла да Елшісі де алдап қана уәде берген екен" деді.
33:12 -
وَإِذْ قَالَتْ طَائِفَةٌ مِنْهُمْ يَا أَهْلَ يَثْرِبَ لَا مُقَامَ لَكُمْ فَارْجِعُوا ۚ وَيَسْتَأْذِنُ فَرِيقٌ مِنْهُمُ النَّبِيَّ يَقُولُونَ إِنَّ بُيُوتَنَا عَوْرَةٌ وَمَا هِيَ بِعَوْرَةٍ ۖ إِنْ يُرِيدُونَ إِلَّا فِرَارًا
Сол уақытта олардан бір бөлімі: "Әй Мединеліктер! Енді сендерге түруға болмайды. Дереу қайтындар" десе, олардың тагы бір бөлімі, Пайғамбардан: "Үйлеріміз иен еді" деп, рүхсат сүрайды. Негізінде олар (үйлері) иен емес, олар қашуды ғана ойлайды.
33:13 -
وَلَوْ دُخِلَتْ عَلَيْهِمْ مِنْ أَقْطَارِهَا ثُمَّ سُئِلُوا الْفِتْنَةَ لَآتَوْهَا وَمَا تَلَبَّثُوا بِهَا إِلَّا يَسِيرًا
Егер оларға әр тараптан кіріліп, сосын өздерінен пітіне талап етілсе, әрине кешіктірмей-ақ белсене кірісер еді.
33:14 -
وَلَقَدْ كَانُوا عَاهَدُوا اللَّهَ مِنْ قَبْلُ لَا يُوَلُّونَ الْأَدْبَارَ ۚ وَكَانَ عَهْدُ اللَّهِ مَسْئُولًا
Негізінде бүрыннан қайта қашпауга Аллаға уәде берген. Аллага берген уәдесіне жауапкер.
33:15
Аударма: Халифа Алтай