Мусыхаф, бет 421
-
مِنَ الْمُؤْمِنِينَ رِجَالٌ صَدَقُوا مَا عَاهَدُوا اللَّهَ عَلَيْهِ ۖ فَمِنْهُمْ مَنْ قَضَىٰ نَحْبَهُ وَمِنْهُمْ مَنْ يَنْتَظِرُ ۖ وَمَا بَدَّلُوا تَبْدِيلًا
Мүміндерден, Аллаға деген уәделерін шындыққа шығарған ерлер бар: Олардан кейбіреуі жанын қүрбан қылды. Және кейбіреуі кттуде. Олар серттерін әсте ауыстырмады.
33:23 -
لِيَجْزِيَ اللَّهُ الصَّادِقِينَ بِصِدْقِهِمْ وَيُعَذِّبَ الْمُنَافِقِينَ إِنْ شَاءَ أَوْ يَتُوبَ عَلَيْهِمْ ۚ إِنَّ اللَّهَ كَانَ غَفُورًا رَحِيمًا
Алла шыншылдарды шыншылдықтарыменен сыйлар. Ал мтнафықтарды қаласа, азаптайды да немесе оларга тәубе нәсіп етеді. Кгдіксіз Алла, өте жарылқаушы, тым мейірімді.
33:24 -
وَرَدَّ اللَّهُ الَّذِينَ كَفَرُوا بِغَيْظِهِمْ لَمْ يَنَالُوا خَيْرًا ۚ وَكَفَى اللَّهُ الْمُؤْمِنِينَ الْقِتَالَ ۚ وَكَانَ اللَّهُ قَوِيًّا عَزِيزًا
Алла ол кәпірлерді долданған бойларынша қайтарады. Олар игілікке жете алмады. Алла согыста Мүміндерге жетіп асады. Алла аса ктшті, тым үстем. (Бүрынғы тоқтамды бүзып, бүл соғыста жауға болысқан Якуди Қүрайза тайпасының бекіністері қоршалып, кейі өлтіріліп, кейі түтқынға алынады. Б.Ж.М.К.)
33:25 -
وَأَنْزَلَ الَّذِينَ ظَاهَرُوهُمْ مِنْ أَهْلِ الْكِتَابِ مِنْ صَيَاصِيهِمْ وَقَذَفَ فِي قُلُوبِهِمُ الرُّعْبَ فَرِيقًا تَقْتُلُونَ وَتَأْسِرُونَ فَرِيقًا
Алла (Т.) кітап иелерінен жауға болысқандарды бекіністерінен түсірді. Сондай-ақ олардың жүректеріне үрей салды. Бір бөлімін өлтіріп, бір бөлімін түтқынға алып жаттыңдар.
33:26 -
وَأَوْرَثَكُمْ أَرْضَهُمْ وَدِيَارَهُمْ وَأَمْوَالَهُمْ وَأَرْضًا لَمْ تَطَئُوهَا ۚ وَكَانَ اللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرًا
Олардың жерлеріне, үйлеріне, малдарына және сендер аяк баспаған жерге сендерді мүрагер қылды. Әр нәрсеге Алланың толық күші жетеді. (Бүл аяқ баспаған жерден мақсат; Иран, РҮМ т.б. қияметке дейін алынатын мемлекеттер. Б.Ж.М.Р.Х.)
33:27 -
يَا أَيُّهَا النَّبِيُّ قُلْ لِأَزْوَاجِكَ إِنْ كُنْتُنَّ تُرِدْنَ الْحَيَاةَ الدُّنْيَا وَزِينَتَهَا فَتَعَالَيْنَ أُمَتِّعْكُنَّ وَأُسَرِّحْكُنَّ سَرَاحًا جَمِيلًا
Әй Пайғамбар! Жүбайларыңа: "Дүние тіршілігін оның сәнін көксесеңдер, дереу келіңдер, сендерге бір нәрселер беріп, көркем түрде ажыратайын" де.
33:28 -
وَإِنْ كُنْتُنَّ تُرِدْنَ اللَّهَ وَرَسُولَهُ وَالدَّارَ الْآخِرَةَ فَإِنَّ اللَّهَ أَعَدَّ لِلْمُحْسِنَاتِ مِنْكُنَّ أَجْرًا عَظِيمًا
"Егер Алланы, Елшісін және ахирет жүртын қаласаңдар, әрине Алла сендерден жақсылық істегендерге зор сыйлық дайындайды."
33:29 -
يَا نِسَاءَ النَّبِيِّ مَنْ يَأْتِ مِنْكُنَّ بِفَاحِشَةٍ مُبَيِّنَةٍ يُضَاعَفْ لَهَا الْعَذَابُ ضِعْفَيْنِ ۚ وَكَانَ ذَٰلِكَ عَلَى اللَّهِ يَسِيرًا
Әй Пайғамбардың әйелдері! Сендерден біреу ашық бір үятсыздық істесе, оның азабы екі есе арттырылады. БҮЛ Аллаға оңай.
33:30
Аударма: Халифа Алтай