Мусыхаф, бет 440

  1. وَلَوْ يُؤَاخِذُ اللَّهُ النَّاسَ بِمَا كَسَبُوا مَا تَرَكَ عَلَىٰ ظَهْرِهَا مِنْ دَابَّةٍ وَلَٰكِنْ يُؤَخِّرُهُمْ إِلَىٰ أَجَلٍ مُسَمًّى ۖ فَإِذَا جَاءَ أَجَلُهُمْ فَإِنَّ اللَّهَ كَانَ بِعِبَادِهِ بَصِيرًا

    Егер Алла (Т.) адам баласын қылықтары себепті қолға алатын болса, жер жтзінде ешбір жәндік қалдьірмас еді. Бірақ оларды белгілі бір мерзімге дейін кешіктірді. Қашан олардың мезгілі жетсе, сонда Алла қүлдарын толық көреді.

    35:45
  2. يس

    Ұғымын Алла біледі.

    36:1
  3. وَالْقُرْآنِ الْحَكِيمِ

    Терең сырлы Қүранға серт.

    36:2
  4. إِنَّكَ لَمِنَ الْمُرْسَلِينَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) шәксіз сен анық елшілерденсің.

    36:3
  5. عَلَىٰ صِرَاطٍ مُسْتَقِيمٍ

    Тура жолдасың.

    36:4
  6. تَنْزِيلَ الْعَزِيزِ الرَّحِيمِ

    Өте үстем, ерекше мейірімді Алла түсірген (Қүран жолы.)

    36:5
  7. لِتُنْذِرَ قَوْمًا مَا أُنْذِرَ آبَاؤُهُمْ فَهُمْ غَافِلُونَ

    Аталары ескертілмей өздері кәперсіз қалған елге ескертуің үшін.

    36:6
  8. لَقَدْ حَقَّ الْقَوْلُ عَلَىٰ أَكْثَرِهِمْ فَهُمْ لَا يُؤْمِنُونَ

    Расында олардың көбі зиянына берілген қаулыға лайық болды. Сондықтан олар иман келтірмейді. (2-С. 7-А.)

    36:7
  9. إِنَّا جَعَلْنَا فِي أَعْنَاقِهِمْ أَغْلَالًا فَهِيَ إِلَى الْأَذْقَانِ فَهُمْ مُقْمَحُونَ

    Рас олардың мойындарына боғаулар салдық. Сонда ол. иектеріне дейін; сондықтан олардың бастары кекжиіп қалған. (Бүл бір мысал: Қасарысып, шындыққа бас имейді. Ж.)

    36:8
  10. وَجَعَلْنَا مِنْ بَيْنِ أَيْدِيهِمْ سَدًّا وَمِنْ خَلْفِهِمْ سَدًّا فَأَغْشَيْنَاهُمْ فَهُمْ لَا يُبْصِرُونَ

    Олардың арттарьгаан да бөгет алдарынан да бөгет жасап, көздерін қаптадық. Олар көрмейді.

    36:9
  11. وَسَوَاءٌ عَلَيْهِمْ أَأَنْذَرْتَهُمْ أَمْ لَمْ تُنْذِرْهُمْ لَا يُؤْمِنُونَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) Оларға ескертсең де ескертпесең де бәрі бір. Олар иман келтірмейді.

    36:10
  12. إِنَّمَا تُنْذِرُ مَنِ اتَّبَعَ الذِّكْرَ وَخَشِيَ الرَّحْمَٰنَ بِالْغَيْبِ ۖ فَبَشِّرْهُ بِمَغْفِرَةٍ وَأَجْرٍ كَرِيمٍ

    Шын мәнінде сен, үгітге еріп, Рахманды көрмей-ақ қорыққан кісілерге ескерте аласың. Ал оларды жарылқау және қүрметті сыйлықпен қуант!

    36:11
  13. إِنَّا نَحْنُ نُحْيِي الْمَوْتَىٰ وَنَكْتُبُ مَا قَدَّمُوا وَآثَارَهُمْ ۚ وَكُلَّ شَيْءٍ أَحْصَيْنَاهُ فِي إِمَامٍ مُبِينٍ

    Рас Біз өліктерді тірілтеміз. Сондай-ақ олардың ілгері жіберген, кейін қалдырган нәрселерін жазамыз. Әр нәрсені ашық бір Кітапта түгендеп қойдық. (Адамның; үйретілген ғылым, жаряланган кітап және жасалған хайыр қүрылыстарының сауабы немесе қалдырган жаман өнегелерінің күнәсы; өлгеннен кейін де ғамал дәптеріне жазылып, отырады. Б.М.К.Р.)

    36:12

Аударма: Халифа Алтай