Мусыхаф, бет 51
-
إِنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا لَنْ تُغْنِيَ عَنْهُمْ أَمْوَالُهُمْ وَلَا أَوْلَادُهُمْ مِنَ اللَّهِ شَيْئًا ۖ وَأُولَٰئِكَ هُمْ وَقُودُ النَّارِ
Расында сондай қарсы болғандардың балалары, малдары Алладан (келетін) еш нәрсеге төтеп бере алмайды. Міне солар тозақтың отындары.
3:10 -
كَدَأْبِ آلِ فِرْعَوْنَ وَالَّذِينَ مِنْ قَبْلِهِمْ ۚ كَذَّبُوا بِآيَاتِنَا فَأَخَذَهُمُ اللَّهُ بِذُنُوبِهِمْ ۗ وَاللَّهُ شَدِيدُ الْعِقَابِ
Әдетері; Перғауынның сыбайластарыныкі және олардан бұрынғылардікі тәрізді. Олар аятттарымызды жасынға шығарған. Сонда Алла оларды күнәлары себепті азаптаған. Алланың азабы қатты.
3:11 -
قُلْ لِلَّذِينَ كَفَرُوا سَتُغْلَبُونَ وَتُحْشَرُونَ إِلَىٰ جَهَنَّمَ ۚ وَبِئْسَ الْمِهَادُ
(Мұхаммед Ғ.С.) сондай қарсы болғандарға: «Тез жеңілесіңдер де тозаққа жиналасыңдар. Нендей жаман орын.» де
3:12 -
قَدْ كَانَ لَكُمْ آيَةٌ فِي فِئَتَيْنِ الْتَقَتَا ۖ فِئَةٌ تُقَاتِلُ فِي سَبِيلِ اللَّهِ وَأُخْرَىٰ كَافِرَةٌ يَرَوْنَهُمْ مِثْلَيْهِمْ رَأْيَ الْعَيْنِ ۚ وَاللَّهُ يُؤَيِّدُ بِنَصْرِهِ مَنْ يَشَاءُ ۗ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَعِبْرَةً لِأُولِي الْأَبْصَارِ
(Бәдір соғысындағы) екі топтың қарсыласуында сендерге бір ғибрат бар. Бір топ Алла жолында соғысады. Екінші жақ қарсы еді. Олар Мұсылмандарды, көздерімен, өздеріндей екі есе көруде еді. (Негізінде Мұсылмандар, үш жүз он үш, кәпірлер мыңдай еді) Алла кімді қаласа, өз жәрдемімен қолдайды. Расында бұнда қырағылар үшін әрине ғибрат бар.
3:13 -
زُيِّنَ لِلنَّاسِ حُبُّ الشَّهَوَاتِ مِنَ النِّسَاءِ وَالْبَنِينَ وَالْقَنَاطِيرِ الْمُقَنْطَرَةِ مِنَ الذَّهَبِ وَالْفِضَّةِ وَالْخَيْلِ الْمُسَوَّمَةِ وَالْأَنْعَامِ وَالْحَرْثِ ۗ ذَٰلِكَ مَتَاعُ الْحَيَاةِ الدُّنْيَا ۖ وَاللَّهُ عِنْدَهُ حُسْنُ الْمَآبِ
адам баласы үшін қатындар, балалар, алтын күмістен жиналған қазыналар, сәнделген аттар, малдар және егіндерді қызыға сүю әдемі көрсетілді. Бірақ олар дүние тіршілігінің сәні. Негізінде орынның жақсысы Алланың қасында.
3:14 -
قُلْ أَؤُنَبِّئُكُمْ بِخَيْرٍ مِنْ ذَٰلِكُمْ ۚ لِلَّذِينَ اتَّقَوْا عِنْدَ رَبِّهِمْ جَنَّاتٌ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ خَالِدِينَ فِيهَا وَأَزْوَاجٌ مُطَهَّرَةٌ وَرِضْوَانٌ مِنَ اللَّهِ ۗ وَاللَّهُ بَصِيرٌ بِالْعِبَادِ
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Сендерге бұларыңнан да жақсы нәрседен хабар берейін бе?»,- де. Сондай тақуалар үшін Алланың қасында астарынан өзендер ағатын, онда мәңні тұратын бақшалар сондай-ақ тап-таза жұбайлар әрі Алланың ризалығы бар. Алла (Т.) құлдарын толық көруші.
3:15
Аударма: Халифа Алтай