Мусыхаф, бет 560

  1. يَا أَيُّهَا النَّبِيُّ لِمَ تُحَرِّمُ مَا أَحَلَّ اللَّهُ لَكَ ۖ تَبْتَغِي مَرْضَاتَ أَزْوَاجِكَ ۚ وَاللَّهُ غَفُورٌ رَحِيمٌ

    (Мұхаммед Ғ.С. жұбайларынаі хазіреті Зейнептің үйінен бал шәрбеті ішкенін қызганған хазрет: Ғайша мен Хафса ақылдасып, Пайгамбар (Ғ.С.) ға: "Аузыңнан сасық иіс шығып түр" дегендіктен өзіне балды арам етіп, ант ішеді. Б.М.К.Р.Т.Х.Ж-Қ.Т-Қ.) Әй Пайғамбар! Жүбайларыңның ризалығын қалап, Алланың өзіңе халал еткен нәрсесін неге арам етесің? Алла тым жарылқаушы, ерекше мейрімді.

    66:1
  2. قَدْ فَرَضَ اللَّهُ لَكُمْ تَحِلَّةَ أَيْمَانِكُمْ ۚ وَاللَّهُ مَوْلَاكُمْ ۖ وَهُوَ الْعَلِيمُ الْحَكِيمُ

    Расында Алла, анттарыңды шешуді парыз қылды. Алла иелерің. Ол, толық білуші, аса дана.

    66:2
  3. وَإِذْ أَسَرَّ النَّبِيُّ إِلَىٰ بَعْضِ أَزْوَاجِهِ حَدِيثًا فَلَمَّا نَبَّأَتْ بِهِ وَأَظْهَرَهُ اللَّهُ عَلَيْهِ عَرَّفَ بَعْضَهُ وَأَعْرَضَ عَنْ بَعْضٍ ۖ فَلَمَّا نَبَّأَهَا بِهِ قَالَتْ مَنْ أَنْبَأَكَ هَٰذَا ۖ قَالَ نَبَّأَنِيَ الْعَلِيمُ الْخَبِيرُ

    Сол уақытта Пайғамбар (Ғ.С.) кейбір жтбайына берген сырды, ол басқаға хабарлап қойган сәтте, Алла оны Пайғамбарга білдірді. Бірақ Пайғамбар жүбайына оның кейбірін білдіріп, кейбірін білдірмеді. Сонда оны жүбайына білдірген сәтте, ол: "Бүны саган кім білдірді?",- дегенде, Пайғамбар (Ғ.С.): "Маған толық білуші, әр нәрседен хабар алушы Алла білдірді" деді.

    66:3
  4. إِنْ تَتُوبَا إِلَى اللَّهِ فَقَدْ صَغَتْ قُلُوبُكُمَا ۖ وَإِنْ تَظَاهَرَا عَلَيْهِ فَإِنَّ اللَّهَ هُوَ مَوْلَاهُ وَجِبْرِيلُ وَصَالِحُ الْمُؤْمِنِينَ ۖ وَالْمَلَائِكَةُ بَعْدَ ذَٰلِكَ ظَهِيرٌ

    Егер екеуің Аллаға тәубе етсеңдер жақсы. Расында жүректерің ауытқыды. Егер екеуің Пайғамбарға қарсы бір-біріңе болыссаңдар, оның иесі Алла және Жебрейіл (Ғ.С.) де, игі мүміндер де, тағы олардан кейін ; періштелер де оган болысады.

    66:4
  5. عَسَىٰ رَبُّهُ إِنْ طَلَّقَكُنَّ أَنْ يُبْدِلَهُ أَزْوَاجًا خَيْرًا مِنْكُنَّ مُسْلِمَاتٍ مُؤْمِنَاتٍ قَانِتَاتٍ تَائِبَاتٍ عَابِدَاتٍ سَائِحَاتٍ ثَيِّبَاتٍ وَأَبْكَارًا

    < (Әй Пайғамбардың жүбайлары!) Егер 1 сендерді ажыратса, Раббы оған орындарыңа сендерден жақсы, Мүсылман; мүмін, бой үсынушы, тәубе етуші, қүлшылық қылушы, ораза үстаушы, түл және ер көрмеген қыз жтбайлар беруі мүмкін.

    66:5
  6. يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا قُوا أَنْفُسَكُمْ وَأَهْلِيكُمْ نَارًا وَقُودُهَا النَّاسُ وَالْحِجَارَةُ عَلَيْهَا مَلَائِكَةٌ غِلَاظٌ شِدَادٌ لَا يَعْصُونَ اللَّهَ مَا أَمَرَهُمْ وَيَفْعَلُونَ مَا يُؤْمَرُونَ

    Әй мүміндер! Өздеріңді әрі үй-іштеріңді отьшы адамдар мен тастардан болған оттан қорғаңдар. Оның басындағы періштелер; жуан денелі, қатал. Олар, Алланың өздеріне берген әмірлеріне қарсы келмейді. Не бүйрылса, соны орындайды.

    66:6
  7. يَا أَيُّهَا الَّذِينَ كَفَرُوا لَا تَعْتَذِرُوا الْيَوْمَ ۖ إِنَّمَا تُجْزَوْنَ مَا كُنْتُمْ تَعْمَلُونَ

    Әй қарсы келгендер! БҮГІН сылтауратпаңдар! Шын мәнінде істегендеріңнің сазайын тартасыңдар.

    66:7

Аударма: Халифа Алтай