Мусыхаф, бет 574

  1. يَا أَيُّهَا الْمُزَّمِّلُ

    Әй бүркеніп жатушы (Мұхаммед Ғ.С.)!

    73:1
  2. قُمِ اللَّيْلَ إِلَّا قَلِيلًا

    Түнде тұр. Бірақ аз үйықта;

    73:2
  3. نِصْفَهُ أَوِ انْقُصْ مِنْهُ قَلِيلًا

    Түннің жарымын немесе одан да аздап кеміт.

    73:3
  4. أَوْ زِدْ عَلَيْهِ وَرَتِّلِ الْقُرْآنَ تَرْتِيلًا

    Не оған бігаз қос. (Түннің жартысында не одан аз, я көп түруда еріктісің.) Сондай-ақ Қүранды өте анықтап оқы. (Намаз парыз болудан бүрын, түнде ояу түру парыз болган. А.Т.Х.)

    73:4
  5. إِنَّا سَنُلْقِي عَلَيْكَ قَوْلًا ثَقِيلًا

    Әрине саған салмақты (маңызды) Қүранды түсіреміз.

    73:5
  6. إِنَّ نَاشِئَةَ اللَّيْلِ هِيَ أَشَدُّ وَطْئًا وَأَقْوَمُ قِيلًا

    Шын мәнінде түнде түру, нәпсіге әсерлі, оқуға қолайлы...

    73:6
  7. إِنَّ لَكَ فِي النَّهَارِ سَبْحًا طَوِيلًا

    Расында күндіз сенің үзын жүмысын бар.

    73:7
  8. وَاذْكُرِ اسْمَ رَبِّكَ وَتَبَتَّلْ إِلَيْهِ تَبْتِيلًا

    Раббыңның атын дәріптеп, әр нәрседен аулақ болып, Оган нағыз жөнел.

    73:8
  9. رَبُّ الْمَشْرِقِ وَالْمَغْرِبِ لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ فَاتَّخِذْهُ وَكِيلًا

    Ол, шығыстың да батыстың да Раббы. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Сондықтан Оны ие түт.

    73:9
  10. وَاصْبِرْ عَلَىٰ مَا يَقُولُونَ وَاهْجُرْهُمْ هَجْرًا جَمِيلًا

    Олардың айтқандарына сабыр ет. Олардан сыпайы түрде айрыл.

    73:10
  11. وَذَرْنِي وَالْمُكَذِّبِينَ أُولِي النَّعْمَةِ وَمَهِّلْهُمْ قَلِيلًا

    Жасынға шыгтрушы ырыс иелерін Маган таста. Оларға біраз мүрсат бер. (43-С. 23-А.)

    73:11
  12. إِنَّ لَدَيْنَا أَنْكَالًا وَجَحِيمًا

    Расында Біздің алдымызда боғаулар және тозақ бар.

    73:12
  13. وَطَعَامًا ذَا غُصَّةٍ وَعَذَابًا أَلِيمًا

    Қақалатын тамақ әрі жан түршігерлік азап бар.

    73:13
  14. يَوْمَ تَرْجُفُ الْأَرْضُ وَالْجِبَالُ وَكَانَتِ الْجِبَالُ كَثِيبًا مَهِيلًا

    Сол күні, жер мен таулар қозғалады да таулар құм боп жиналады.

    73:14
  15. إِنَّا أَرْسَلْنَا إِلَيْكُمْ رَسُولًا شَاهِدًا عَلَيْكُمْ كَمَا أَرْسَلْنَا إِلَىٰ فِرْعَوْنَ رَسُولًا

    Расында Біз Перғауынға пайғамбар жібергендей сендерге де куә түрінде Пайғамбар жібердік.

    73:15
  16. فَعَصَىٰ فِرْعَوْنُ الرَّسُولَ فَأَخَذْنَاهُ أَخْذًا وَبِيلًا

    Сонда Перғауын пайгамбарға қарсы келді. Сондықтан оны қатты қинаумен қолға алдық.

    73:16
  17. فَكَيْفَ تَتَّقُونَ إِنْ كَفَرْتُمْ يَوْمًا يَجْعَلُ الْوِلْدَانَ شِيبًا

    Егер қарсы келсеңдер, балалардың да шашын ағартатын күннен қайтып сақтанасыңдар.

    73:17
  18. السَّمَاءُ مُنْفَطِرٌ بِهِ ۚ كَانَ وَعْدُهُ مَفْعُولًا

    Ол күннің зардабынан көк жарылады, Алланың уәдесі орындалады.

    73:18
  19. إِنَّ هَٰذِهِ تَذْكِرَةٌ ۖ فَمَنْ شَاءَ اتَّخَذَ إِلَىٰ رَبِّهِ سَبِيلًا

    Расында бүл бір насихат. Ал енді кім қаласа, Раббының жолын үстайды.

    73:19

Аударма: Халифа Алтай