Мусыхаф, бет 586

  1. إِذَا الشَّمْسُ كُوِّرَتْ

    Күн бүктелген сәтте,

    81:1
  2. وَإِذَا النُّجُومُ انْكَدَرَتْ

    Жұлдыздар солып шашылған сәтте,

    81:2
  3. وَإِذَا الْجِبَالُ سُيِّرَتْ

    Таулар жүркізілген сәтте,

    81:3
  4. وَإِذَا الْعِشَارُ عُطِّلَتْ

    Қаймал іңгендер ,иен жіберілген сәтте, (Сол күннің зардабынан бошалған түйе де естен шығады.)

    81:4
  5. وَإِذَا الْوُحُوشُ حُشِرَتْ

    Жан-жануарлар жиналған сәтте,

    81:5
  6. وَإِذَا الْبِحَارُ سُجِّرَتْ

    теңіздер қайнатылған сәтте,

    81:6
  7. وَإِذَا النُّفُوسُ زُوِّجَتْ

    Жан тәнмен бірлестірілген сәтте,

    81:7
  8. وَإِذَا الْمَوْءُودَةُ سُئِلَتْ

    Тірі көмілген қыздар сұралған сәтте,

    81:8
  9. بِأَيِّ ذَنْبٍ قُتِلَتْ

    Қай күнәмен өлтірілді?

    81:9
  10. وَإِذَا الصُّحُفُ نُشِرَتْ

    Даптердер ашылған сәтте,

    81:10
  11. وَإِذَا السَّمَاءُ كُشِطَتْ

    Аспан ашылған сәтте,

    81:11
  12. وَإِذَا الْجَحِيمُ سُعِّرَتْ

    Тозақ қыздырыдған сәтте,

    81:12
  13. وَإِذَا الْجَنَّةُ أُزْلِفَتْ

    Ұжмақ жақындатылған сәтте;

    81:13
  14. عَلِمَتْ نَفْسٌ مَا أَحْضَرَتْ

    Әркім не әзірлегенін біледі.

    81:14
  15. فَلَا أُقْسِمُ بِالْخُنَّسِ

    Жоқ,солғындаған жұлдыздарға серт,

    81:15
  16. الْجَوَارِ الْكُنَّسِ

    Жүріп барып батқан жұлдыздарға ант.

    81:16
  17. وَاللَّيْلِ إِذَا عَسْعَسَ

    Қараңғылана бастаған түнге серт,

    81:17
  18. وَالصُّبْحِ إِذَا تَنَفَّسَ

    Ағара бастаған таңға серт;

    81:18
  19. إِنَّهُ لَقَوْلُ رَسُولٍ كَرِيمٍ

    (Осы нәрселерде ашық дәлелдер бар.) Негізінен Құран әрине бір ардақта Елшінің сөзі. (69-С.40-А)

    81:19
  20. ذِي قُوَّةٍ عِنْدَ ذِي الْعَرْشِ مَكِينٍ

    Ол күшті Елші,ғаршының иесінің қасында беделді,

    81:20
  21. مُطَاعٍ ثَمَّ أَمِينٍ

    Ықпалды,онда сенімді. (Жебрейіл Ғ.С)

    81:21
  22. وَمَا صَاحِبُكُمْ بِمَجْنُونٍ

    Жолдастарың (Мұхаммед Ғ.С) жынды емес.

    81:22
  23. وَلَقَدْ رَآهُ بِالْأُفُقِ الْمُبِينِ

    Расында ол,оны ашық көк жиекте көрді.(Мұхаммде Ғ.С Жебрейіл Ғ.Сды шығыс көк жиекте көрген.Б.Ж.М.)

    81:23
  24. وَمَا هُوَ عَلَى الْغَيْبِ بِضَنِينٍ

    Мұхаммед (Ғ.С.) ғайыптан келген уахи туралы кемшілік істемеді. (Б.Ж.М.)

    81:24
  25. وَمَا هُوَ بِقَوْلِ شَيْطَانٍ رَجِيمٍ

    Құран,қуылған шайтанның сөзі емес.

    81:25
  26. فَأَيْنَ تَذْهَبُونَ

    Ендеше,Қайда кетіп бара жатырсыңдар?

    81:26
  27. إِنْ هُوَ إِلَّا ذِكْرٌ لِلْعَالَمِينَ

    Қүран,бүкіл әлемге нәсихаттан басқа еш нәрсе емес.

    81:27
  28. لِمَنْ شَاءَ مِنْكُمْ أَنْ يَسْتَقِيمَ

    Әрине сендерден тура жолды қалаған кісілер үшін;

    81:28
  29. وَمَا تَشَاءُونَ إِلَّا أَنْ يَشَاءَ اللَّهُ رَبُّ الْعَالَمِينَ

    Әлемдердің Раббы Алла,қаламайынша тілеулерің жүрмейді.

    81:29

Аударма: Халифа Алтай