Мусыхаф, бет 62
-
لَنْ تَنَالُوا الْبِرَّ حَتَّىٰ تُنْفِقُوا مِمَّا تُحِبُّونَ ۚ وَمَا تُنْفِقُوا مِنْ شَيْءٍ فَإِنَّ اللَّهَ بِهِ عَلِيمٌ
Сүйген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар. Не берсеңдер де Алла (Т.) оны толық біледі.
3:92 -
كُلُّ الطَّعَامِ كَانَ حِلًّا لِبَنِي إِسْرَائِيلَ إِلَّا مَا حَرَّمَ إِسْرَائِيلُ عَلَىٰ نَفْسِهِ مِنْ قَبْلِ أَنْ تُنَزَّلَ التَّوْرَاةُ ۗ قُلْ فَأْتُوا بِالتَّوْرَاةِ فَاتْلُوهَا إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ
Тәурат түсірілуден бұрын,Исраилдың (Яғқұп Ғ.С. ның) өзіне ғана арам еткеннен басқа барлық тағам Исраил ұрпақтарына халал еді. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға айт: «Егер сөздерің шын болса, тәуратты әкеліп соны оқыңдар.»
3:93 -
فَمَنِ افْتَرَىٰ عَلَى اللَّهِ الْكَذِبَ مِنْ بَعْدِ ذَٰلِكَ فَأُولَٰئِكَ هُمُ الظَّالِمُونَ
Ал бұдан кейін кім Аллаға өтірік жала жапса, міне солар залымдар.
3:94 -
قُلْ صَدَقَ اللَّهُ ۗ فَاتَّبِعُوا مِلَّةَ إِبْرَاهِيمَ حَنِيفًا وَمَا كَانَ مِنَ الْمُشْرِكِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.) : «Алла шын айтты, ал онда бір бағыттағы Ыбырайым (Ғ.С.) ның жолына еріңдер, ол ортақ қосушылардан емес еді» деп айт.
3:95 -
إِنَّ أَوَّلَ بَيْتٍ وُضِعَ لِلنَّاسِ لَلَّذِي بِبَكَّةَ مُبَارَكًا وَهُدًى لِلْعَالَمِينَ
Негізінен адам баласы үшін меккеде алғаш құрылған үй (Қағба) бүкіл әлемге мүбарак және тура жол.
3:96 -
فِيهِ آيَاتٌ بَيِّنَاتٌ مَقَامُ إِبْرَاهِيمَ ۖ وَمَنْ دَخَلَهُ كَانَ آمِنًا ۗ وَلِلَّهِ عَلَى النَّاسِ حِجُّ الْبَيْتِ مَنِ اسْتَطَاعَ إِلَيْهِ سَبِيلًا ۚ وَمَنْ كَفَرَ فَإِنَّ اللَّهَ غَنِيٌّ عَنِ الْعَالَمِينَ
Онда ашық белгілер, Ыбырайым (Ғ.С.) ның орны бар. Сондай-ақ кім оған кірсе, аман болады. Оның жолына шамасы келген кісілер, Алла үшін Қағбаны зират ету (хаж қылу) керек. Ал кім қарсы келсе, Алла барлық әлемнен бай.
3:97 -
قُلْ يَا أَهْلَ الْكِتَابِ لِمَ تَكْفُرُونَ بِآيَاتِ اللَّهِ وَاللَّهُ شَهِيدٌ عَلَىٰ مَا تَعْمَلُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) : «Әй Кітап иелері! Не үшін Алланың аяттарына қарсы келесіңдер? Алла сендердің не істегендеріңе куә. (Оған аян.)» деп айт
3:98 -
قُلْ يَا أَهْلَ الْكِتَابِ لِمَ تَصُدُّونَ عَنْ سَبِيلِ اللَّهِ مَنْ آمَنَ تَبْغُونَهَا عِوَجًا وَأَنْتُمْ شُهَدَاءُ ۗ وَمَا اللَّهُ بِغَافِلٍ عَمَّا تَعْمَلُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) : «Әй Кітап иелері! Өздерің туралығына куә бола тұра не үшін қисықтық іздеп, мүміндерді Алланың жолынан тыясыңдар? Алла сендердің не істегеңдеріңнен ғапыл емес.» де
3:99 -
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِنْ تُطِيعُوا فَرِيقًا مِنَ الَّذِينَ أُوتُوا الْكِتَابَ يَرُدُّوكُمْ بَعْدَ إِيمَانِكُمْ كَافِرِينَ
Әй мүміндер! Кітап берілгендердің бір бөліміне бой ұсынсаңдар, сендерді иман келтіргеннен кейін қарсылыққа қайтарады.
3:100
Аударма: Халифа Алтай