Мусыхаф, бет 85

  1. وَالَّذِينَ يُنْفِقُونَ أَمْوَالَهُمْ رِئَاءَ النَّاسِ وَلَا يُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ وَلَا بِالْيَوْمِ الْآخِرِ ۗ وَمَنْ يَكُنِ الشَّيْطَانُ لَهُ قَرِينًا فَسَاءَ قَرِينًا

    Олар сондай Аллаға, ақырет күніне сенбей малдарын адамдарға көрсету үшін жұмсайды. Ал біреудің сыбайласы шайтан болса, ол жаман сыбайластық.

    4:38
  2. وَمَاذَا عَلَيْهِمْ لَوْ آمَنُوا بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ وَأَنْفَقُوا مِمَّا رَزَقَهُمُ اللَّهُ ۚ وَكَانَ اللَّهُ بِهِمْ عَلِيمًا

    Я олар, Аллаға, ақырет күніне сеніп, Алланың өздеріне берген несібесінен пайдаландырса, оларға не болар еді? Әрине Алла оларды толық біледі.

    4:39
  3. إِنَّ اللَّهَ لَا يَظْلِمُ مِثْقَالَ ذَرَّةٍ ۖ وَإِنْ تَكُ حَسَنَةً يُضَاعِفْهَا وَيُؤْتِ مِنْ لَدُنْهُ أَجْرًا عَظِيمًا

    Негізінен Алла (Т.), тозаң түйірінің салмағындай да әділсіздік етпейді. Егер бір жақсылық болса, оны неше есе арттырады әрі өз жанынан да ірі сыйлық береді.

    4:40
  4. فَكَيْفَ إِذَا جِئْنَا مِنْ كُلِّ أُمَّةٍ بِشَهِيدٍ وَجِئْنَا بِكَ عَلَىٰ هَٰؤُلَاءِ شَهِيدًا

    (Мұхаммед Ғ.С.) әр ұмметке бір айғақ келітіріп, сені де оларға куә етіп келтірсек қандай болар еді?

    4:41
  5. يَوْمَئِذٍ يَوَدُّ الَّذِينَ كَفَرُوا وَعَصَوُا الرَّسُولَ لَوْ تُسَوَّىٰ بِهِمُ الْأَرْضُ وَلَا يَكْتُمُونَ اللَّهَ حَدِيثًا

    Аллаға қарсы болып, Пайғамбардан бас тартқандар, қиямет күні, жермен- жексен болуды арман етеді. Алладан бір сөз жасыра алмайды.

    4:42
  6. يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَقْرَبُوا الصَّلَاةَ وَأَنْتُمْ سُكَارَىٰ حَتَّىٰ تَعْلَمُوا مَا تَقُولُونَ وَلَا جُنُبًا إِلَّا عَابِرِي سَبِيلٍ حَتَّىٰ تَغْتَسِلُوا ۚ وَإِنْ كُنْتُمْ مَرْضَىٰ أَوْ عَلَىٰ سَفَرٍ أَوْ جَاءَ أَحَدٌ مِنْكُمْ مِنَ الْغَائِطِ أَوْ لَامَسْتُمُ النِّسَاءَ فَلَمْ تَجِدُوا مَاءً فَتَيَمَّمُوا صَعِيدًا طَيِّبًا فَامْسَحُوا بِوُجُوهِكُمْ وَأَيْدِيكُمْ ۗ إِنَّ اللَّهَ كَانَ عَفُوًّا غَفُورًا

    Әй мүміндер! Сендер мас болып, не айтқандарыңды білгенге шейін намазға жақындамаңдар. Сондай-ақ жүніп күйінде шомылмайынша, (бой дәретсіз намаз оқымаңдар.) Бірақ, жол жүргенде болады. Ал егер ауыру немесе сапарда болсаңдар не сендерден біреу түзге отырып келсе, яки әйелдерге жақындасасаңдар да су таба алмасаңдар, сонда таза жер жынысына (тәяммүм соғып) беттеріңді, қолдарыңды сипаңдар. Расында Алла аса кешірімді, тым жарылқаушы.

    4:43
  7. أَلَمْ تَرَ إِلَى الَّذِينَ أُوتُوا نَصِيبًا مِنَ الْكِتَابِ يَشْتَرُونَ الضَّلَالَةَ وَيُرِيدُونَ أَنْ تَضِلُّوا السَّبِيلَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) өздеріне Кітаптан бір үлес берілгендерге қарамайсың ба? Олар, адасуды сатып алды. Сендерді де жолдан аздыруды қалайды.

    4:44

Аударма: Халифа Алтай