Мусыхаф, бет 97
-
لَا خَيْرَ فِي كَثِيرٍ مِنْ نَجْوَاهُمْ إِلَّا مَنْ أَمَرَ بِصَدَقَةٍ أَوْ مَعْرُوفٍ أَوْ إِصْلَاحٍ بَيْنَ النَّاسِ ۚ وَمَنْ يَفْعَلْ ذَٰلِكَ ابْتِغَاءَ مَرْضَاتِ اللَّهِ فَسَوْفَ نُؤْتِيهِ أَجْرًا عَظِيمًا
Олардың өзара күңкілдерінің көбінде хайыр жоқ. Бірақ, кім бір садақаны не бір игілікті немесе адамдардың арасын жарастыруды әмір етсе, ол хайырлы. Және біреу, осыны Алланың ризалығын іздеп істесе, сонда оған жедел ірі сауап береміз.
4:114 -
وَمَنْ يُشَاقِقِ الرَّسُولَ مِنْ بَعْدِ مَا تَبَيَّنَ لَهُ الْهُدَىٰ وَيَتَّبِعْ غَيْرَ سَبِيلِ الْمُؤْمِنِينَ نُوَلِّهِ مَا تَوَلَّىٰ وَنُصْلِهِ جَهَنَّمَ ۖ وَسَاءَتْ مَصِيرًا
Ал біреу, өзіне тура жол айқындалғаннан кейін Пайғамбарға қарсы шықса, сондай-ақ мүміндердің жолынан басқа жол іздесе, оны бұрылған жағына бұрамыз да тозаққа саламыз. Ол нендей жаман орын!
4:115 -
إِنَّ اللَّهَ لَا يَغْفِرُ أَنْ يُشْرَكَ بِهِ وَيَغْفِرُ مَا دُونَ ذَٰلِكَ لِمَنْ يَشَاءُ ۚ وَمَنْ يُشْرِكْ بِاللَّهِ فَقَدْ ضَلَّ ضَلَالًا بَعِيدًا
Негізінен Алла, өзіне ортақ қосуды жарылқамайды. Одан басқа кімді қаласа, жарылқайды. Ал және кім Аллаға ортақ қосса, расында өте ұзаққа адасты.
4:116 -
إِنْ يَدْعُونَ مِنْ دُونِهِ إِلَّا إِنَاثًا وَإِنْ يَدْعُونَ إِلَّا شَيْطَانًا مَرِيدًا
(Мекке мүшріктері,) олар, Алладан өзге ұрғашыларға ғана жалбарынды. Негізінен олар қасарысқан шайтанға жалбарынды.
4:117 -
لَعَنَهُ اللَّهُ ۘ وَقَالَ لَأَتَّخِذَنَّ مِنْ عِبَادِكَ نَصِيبًا مَفْرُوضًا
Алла оны қарғады. Сонда шайтан: “Әрине құлдарыңнан белгілі бір үлес аламын” деді.
4:118 -
وَلَأُضِلَّنَّهُمْ وَلَأُمَنِّيَنَّهُمْ وَلَآمُرَنَّهُمْ فَلَيُبَتِّكُنَّ آذَانَ الْأَنْعَامِ وَلَآمُرَنَّهُمْ فَلَيُغَيِّرُنَّ خَلْقَ اللَّهِ ۚ وَمَنْ يَتَّخِذِ الشَّيْطَانَ وَلِيًّا مِنْ دُونِ اللَّهِ فَقَدْ خَسِرَ خُسْرَانًا مُبِينًا
“Және оларды әрине адастырамын, әлбетте оларды босқа үміттендіремін. Әрі оларға міндетті түрде әмір етемін. Сонда олар: Малдардың құлақтарын (бұтқа арнап) тіледі. Сондай-ақ оларға әрине Алланың жаратқанын өзгертуді бұйырамын” (деді.) Кім Алладан өзге шайтанды дос тұтса, сонда рас ашық зиянға ұшыраған болды.
4:119 -
يَعِدُهُمْ وَيُمَنِّيهِمْ ۖ وَمَا يَعِدُهُمُ الشَّيْطَانُ إِلَّا غُرُورًا
Шайтан оларға уәде беріп, оларды босқа үміттендіреді. Шайтанның оларға уәдесі алдау ғана.
4:120 -
أُولَٰئِكَ مَأْوَاهُمْ جَهَنَّمُ وَلَا يَجِدُونَ عَنْهَا مَحِيصًا
Міне солардың орны тозақ. Сондай-ақ олар одан қашар жер таба алмайды.
4:121
Аударма: Халифа Алтай