Сүре 100 әл-'Адият (Шабушылар)
-
وَالْعَادِيَاتِ ضَبْحًا
Қатты ентігіп,шапқан
100:1 -
فَالْمُورِيَاتِ قَدْحًا
(Тұяғынан) от шығарған,
100:2 -
فَالْمُغِيرَاتِ صُبْحًا
Таң сәріден шабуыл жасаған,
100:3 -
فَأَثَرْنَ بِهِ نَقْعًا
Тозаңдатып,шаңдатқан;
100:4 -
فَوَسَطْنَ بِهِ جَمْعًا
Сөйтіп жаудың ортасына кірген аттарға серт.
100:5 -
إِنَّ الْإِنْسَانَ لِرَبِّهِ لَكَنُودٌ
Шын мәнінде адам баласы Раббына тым нәшүкірлік етеді.(Қанағатсыз)
100:6 -
وَإِنَّهُ عَلَىٰ ذَٰلِكَ لَشَهِيدٌ
Өйткені ол,өзі де оған куә.
100:7 -
وَإِنَّهُ لِحُبِّ الْخَيْرِ لَشَدِيدٌ
Сондай ақ ол,байлықты өте жақсы көреді.
100:8 -
أَفَلَا يَعْلَمُ إِذَا بُعْثِرَ مَا فِي الْقُبُورِ
Ал олар білмей ме? Қабырдағылар қопарылып шығарылған кезде.
100:9 -
وَحُصِّلَ مَا فِي الصُّدُورِ
Көкіректегілер ашыққа шығарылатын сәтте;
100:10 -
إِنَّ رَبَّهُمْ بِهِمْ يَوْمَئِذٍ لَخَبِيرٌ
Ол күні Раббылары толық хабар алушы.
100:11
Аударма: Халифа Алтай