Сүре 101 әл-Қари'а (Дүрсіл)
-
الْقَارِعَةُ
Зор уақиға,
101:1 -
مَا الْقَارِعَةُ
Ол зор уақиға не нәрсе?
101:2 -
وَمَا أَدْرَاكَ مَا الْقَارِعَةُ
Ол зор уақиғаның не екенін білесің бе?
101:3 -
يَوْمَ يَكُونُ النَّاسُ كَالْفَرَاشِ الْمَبْثُوثِ
Ол күні адам баласы таралған паруандай болады.(54-С.7-А)
101:4 -
وَتَكُونُ الْجِبَالُ كَالْعِهْنِ الْمَنْفُوشِ
Таулар тутілген жүндей болады.
101:5 -
فَأَمَّا مَنْ ثَقُلَتْ مَوَازِينُهُ
Міне сонда біреудің таразысы ауыр тартса,
101:6 -
فَهُوَ فِي عِيشَةٍ رَاضِيَةٍ
Онда ол,разы болатын бір тіршілікте болады.
101:7 -
وَأَمَّا مَنْ خَفَّتْ مَوَازِينُهُ
Ал енді біреудің таразысы жеңіл тартса,
101:8 -
فَأُمُّهُ هَاوِيَةٌ
Онда оның орны «һауа» болады.
101:9 -
وَمَا أَدْرَاكَ مَا هِيَهْ
Ол һауаның не екенін білесің бе?
101:10 -
نَارٌ حَامِيَةٌ
Ол,жалындаған от.
101:11
Аударма: Халифа Алтай