Сүре 101 әл-Қари'а (Дүрсіл), аят 6 – 11

  1. فَأَمَّا مَنْ ثَقُلَتْ مَوَازِينُهُ

    Міне сонда біреудің таразысы ауыр тартса,

    101:6
  2. فَهُوَ فِي عِيشَةٍ رَاضِيَةٍ

    Онда ол,разы болатын бір тіршілікте болады.

    101:7
  3. وَأَمَّا مَنْ خَفَّتْ مَوَازِينُهُ

    Ал енді біреудің таразысы жеңіл тартса,

    101:8
  4. فَأُمُّهُ هَاوِيَةٌ

    Онда оның орны «һауа» болады.

    101:9
  5. وَمَا أَدْرَاكَ مَا هِيَهْ

    Ол һауаның не екенін білесің бе?

    101:10
  6. نَارٌ حَامِيَةٌ

    Ол,жалындаған от.

    101:11

Аударма: Халифа Алтай